397
Пионерлі тәсілді қолдана отырып, қорғалмаған акваториялар жағдайларында
жүзгіш құралдарды қолданбай жұмыс жасау мәселесі шешілді, ол құрылыс
жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Басында
эстакадалар құрылысы
6-7 м аспайтын тереңдіктерде ЦИМТнефть жүйесінің эстакадалық-құрылыстық
кранының көмегімен жүргізілді. Мұндай кран ені 2 м ұшатын құрылысты,
тіректер арасындағы қашықтық 14 м аспайтын, массасы 2,6 т аспайтын тірек
бөлік свайлары бар, свай диаметрі 325 мм аспайтын эстакадалар салуға
мүмкіндік берді.
Эстакада тірегі екі иіліп толтырылған, өзара
5.28-суретте
көрсетілгендей
байланыспен және ригельмен байланысқан свайлардан
тұратын жазық кон-
струкция түрінде жасалды.
Тереңдігіне байланысты байланыстар бірярусты және көпярусты болуы
мүмкін.
Одан әрі бұл жүйе крандары өзгертілді, ол бойлық құрылым фермасын
арттыруға және диаметрі 426-478 ауыр свайларды қолдануға мүмкіндік берді.
Эстакада осіне қатысты бойлық жүктемелерді қабылдау үшін
байланыс
бойлары орнатылды. Жазық тіректердегі эстакадалар схемасы 5.29-суретте
көрсетілген.
Үлкен тереңдіктерге шығатын жазық тіректерді қолдану свай диаметрін
арттырды.
Осыған байланысты бір-бірімен ригельдермен және екіярусты көлденең
және бойлық байланыстармен байланысқан төрт свайдан тұратын кеңістіктік
тіректер қолданыла бастады.
Блоктың құрылымы кеңістіктік конструкцияға
байланыстырылған
қосарланған фермалар түрінде немесе тұтас балкалар түрінде жасалуы мүмкін.
Құрылымның салмақ түсетін конструкцияларын монтаждау схемалары
5.32-су-
ретте
көрсетілген. Пирамида пішіндес тіректерді қолданатын схемаларда
тіректер қадамын 50 м тең деп қабылдайды. Эсткадалардың кеңістіктік тірек
блоктары құрылымын жүзбе кран көмегімен жөндейді.
Тікелей металл тіректеріндегі эстакадалардан басқа теңіз кен орындарын
меңгеруде темірбетонды элементтерден жасалған
эстакадалар қолданылуы
мүмкін.
Мұндай эстакадалардың тірек бөлігі призмалы свайлардан немесе диаметрі
0,8 – 1,6 м бағана-қабықшалардан жасалуы мүмкін. Көлденең қатарда мұндай
эсткадалардың тіректері бір немесе екі бағана-қабықшалар болуы мүмкін,
олардың саны мен диаметрі теңіз тереңдігіне байланысты. Ол мүмкін болған
жерлерде тік тірек элементтері бар схемаларды қолданған жөн.
Темірбетонды элементтерден құралған тіректерді қолдану 15 м тереңдікке
дейін ұсынылуы мүмкін. Темірбетонды эстакадаларды кең қолданысқа енгізуге
құрылыстың рационалды әдістерін дайындау әсер етеді, әзірге олар кең
таралмаған.
398
Гравитациялы тіректердегі эстакадаларды пайдалануға болады,
алайда
қазіргі уақытқа дейін мұндай эстакадалар салынған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: