18.12.3 Бассейннің атмосфералық жағдайы Мұнай өндіру аудандарының атмосферасы тұрақты қондырғыларда отын-
ды жағу нәтижесінде бөлінген күкіртті қосылыстардан ластанады. Каспий
қайраңының қазақстандық секторының теңіздік кен орындары және Тенгиз
кен орнының қосылысы түріндегі күкірт кездеседі. Газды жалында жаққанда,
күкіртті қосылыстар атмосфераға ұшып кетеді. Мұнай өнімдерін жаққанда
атмосфера шаңмен, күлмен, көміртегі тотығымен, күкірт тотықтарымен,
қосылыстармен, басқа зиянды заттармен ластанады.
Атмосфераны ластаушы заттарға – күкіртті заттар жатады (қатты
бөлшектері). Себебі олардың құрамдарындағы зиянды заттар (бензотерия)
адам үшін консерогенді қауіпті арттырады. Мұнай газды кен орындарды игеру
кезінде ауа келесі жағдайлардан ластанады: өлшеу қондырғылары мен өнімді
жинау жүйесіндегі құрал-жабдық элементтерінің ақауынан оларды дайындау,
тасымалдау мен сақтау кезінде және сыйымдылықтардан, тұндырғыштардан,
резервуарлардан, ашық қамбалардан мұнай буланып кеткенде болады.
Облыс бойынша атмосфералық ауаны ластаушы стационарлы көздерінің
248-і бар. Атмосфераға түсетін жалпы потенциалды тасымалдар, 365 980 мың т.
Зиянды заттарға тең келеді. Атмосфераны ластайтын едәуір ірі көздер 8-кестеде
келтірілген.
Облыс территориясында, әсіресе қалада, елдімекендерде мұнай кен орында-
рын өндіру жерлерінде ауа бассейінінің ластану көздері жойылған. Стационарлы
көздердің жалпы тасталымдарының 80%-дан астамы ЖШ «Тенгизшевройл» АҚ
Казахойл-Эмба, АҚ Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Атырау ЖЭО-на тиесілі
болған. Тасталымдар ішінде зиянды қоспалардың 62 түрі болады, олардың
кейбіреуі
18.8-кестеде көрсетілген. ЖШС Тенгизшевройл мұнай химиялық
кешенінің тасталымдарында токсикалық заттар деп танылған 39 қоспа табылды.
Атырау облысының территориясындағы атмосфералық ауаның жағдайы
жылдан жылға нашарлап барады. Мұнай өндіру мен көлік құралдары санының
көбеюіне байланысты, атмосфераға тасталатын зиянд заттардың көлемі ұлғаюда.
Соңғы 10 жыл ішінде зиянды заттарды тастау 2-ден көп есеге өсіп, 1997 жылы
олардың саны 204 мың тоннаны құрады. Қазіргі уақытта облыстың атмосфералық
бассейнінің ең басты ластаушысы ЖШС Тенгизшевройл деп саналады (Атырау
облысының стационарлы көздерінен ауа бассейініне жалпы тасталатын зиянды
заттардың 54,4%) және шығарылған өнім бірлігіне шаққанда,тасталған зиянды
заттардың көлемі жыл сайын артуда.
497
18.8-кесте 2009 жылғы атмосфералық ластанудың ірі көздері, (мың. тонна)
Кәсіпорын АҚ АМӨЗ АҚ «Атырау энерго» ЖАҚ «Ин- тергаз Орталық Азия» МӨС «Атырау БНУ» МГҚБ «Прова- нефть» МГҚБ «Кульса- ры нефть» ЖШС «Тенгиз Шев- роил» ластаушы- лар Азот оксиді 203,485 1847,31
6569,02
40,341
283,58
7,528
Көміртегі
оксиді
495,407 500,19
2463,765 55,763
27777,6 171,184
Күкіртті ан-
гидрид
3576,78 2437,70
0,019
141,0
68,84
29,812
Қанықпаған
көмір-
сутектер
12124,8 57,70
1,237
1553,121 3932,40 1588,97
Қаныққан
көмір-
сутектер
78804,54
25,086
3324,80 29,738
Қатты зат-
тар
1101,17
19,784
1,38
Күкіртті
сутек
11,325
9,784
Амиак
1,582
Фенол
8,654
Ванадий
оксиді
26,07
Күйе
27,738
Көмір-
сутектер
6263,72
Азоттың
диоксиді
3456,634
Күкірттің
диоксиді
31676,36
Басқа да
заттар
2,83
0,033
362,323
Барлығы
17523,2 4871,8
87938,62
1844,879 35388,6 1827,232 55403,3
Мұнай-газ кешені кәсіпорындарында жылына жалындарда 100 млн. м
3
ілеспе газы жағылады. Атмосфераға тасталатын газдар құрамында, көмірсутекті
газ – 27%, күкіртті газдың – 29% және көміртегі тотығының – 37% болады.
Каспий теңізінің қазақстандық секторында барлау, бұрғылау жұмыстарының
басталу мерзімі жақындауына байланысты, Урал өзенінің сағасында орын теп-
498
кен Пешный қалашығындағы бірінші теңіз платформасы (46
0
25
1
с.е., 52
0
15
1
т.б.)
орналасқан ауданында атмосфералық ауа мен судың жағдайы зерттелді.
Күкіртті сутектің ауадағы құрамы бақыланады. Өйткені, Каспий қайраңының
көмірсутекті шикізаты өзінің құрамы бойынша Тенгиздікіне ұқсас және оның
ілеспе газындағы күкіртті сутек құрамы көлемі бойынша 30%-ды құрайды.
Мұндай зерттеулердің нәтижесі қоршаған орта жағдайын бағалаумен
аяқталатындықтан, МЕСТ-телген әдістер мен құралдар ғана пайдаланған.
Ауаны зерттеу МЕСТ 17.3.01- 86-ға сәйкес, толық емес бағдарлама бойынша
жүргізіледі. Пешный қаласының ауасын зерттеу нәтижесі 9-кестеде келтірілген.