Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет212/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

18.9-кесте 
Пешный қалашығының ауасы құрамындағы күкіртті 
сутектің орташа жылдық концентрациясы, (мг/м
3
)
Ластаушы 
заттардың аттары
1990
1991
1992
1993
ПДК
Күкіртті
сутек
0,0023
0,0017
0,0009
0,0008
0,008
Пешный қалашығы орналасқан ауданда атмосфераны антропогенді ластану 
көздері жоқ деуге болады, өйткені ол қорық аймағы деп саналады. Сондықтан 
бұл жердің атмосферасында күкіртті сутектің тұрақты құрамы сақталады, кей-
де таң қалдыруы мүмкін. Табиғаттың осынау жұмбағын шешу үшін, қалашық 
атмосферасындағы күкіртті сутек концентрациясының орташа айлық өзгеріс 
динамикасын талдау қажет (
18.5-сурет
).
18.5-сурет. Пешный қалашығы атмосферасындағы H2S 
концентрациясының айлар бойынша өзгеру динамикасы


499
Графиктен көріп отырғанымыздай, H
2
S-тің жоғары концентрациясы мамыр 
айында тіркелген екен. Жылдың бұл мезгілінде дауыл әсерінен айдау үдерісі 
жүреді. Су жағалық аймақты бірнеше ондаған километрге дейін суалып, ал да-
уыл біткен соң, су кейін қайтады. Грунтта микроағзалар қалып, күн энергиясы 
әсерінен шіріп, ауада күкіртті сутек жиналады.
Пешный қалашығының 1999 жылдың мамыр айының жергілікті уақыт бой-
ынша 13
00
сағатта алынған H
2
S концентрациясы өзгерісінің динамикасы.
Казгидромет мәліметі бойынша, 1999 жылғы айдау құбылысы 8-9 мамырда 
тіркелген. Ал ауа температурасы 25 мамырдан бастап, 20
0
С-ден жоғарылаған. 
Осыған сәйкес, 1 ПДК-дан жоғары концентрациялар, 27 мамырдан бастап 
анықталған күкіртті сутектің осындай жоғары концентрациялары, тынық ауа 
райында да желдің кез келген бағытындағы ауа райында, шілденің басында 
байқалған еді.
Каспий теңізі сияқты тұйық суқоймалардың суортасының ластану жағдайы, 
өзен ағысымен келетін ластаушы заттар әсерінен ағысты және коллекторлы 
қалдық сулар әсерінен атмосфера сутүптік шөгінділер жүйесіндегі массаны 
көшіру үдерісі нәтижесінде, сондай-ақ теңіздік мұнай-газ кен орындарын бар-
лау кезінде құрылады. 
Тұщы және теңіздік суқоймалар үшін негізгі қауіптік өнеркәсіптік ағындар 
әкеледі. Теңіз акваториясының негізгі ластаушыларына мұнайды өндіру, та-
сымалдау, өңдеу мен әртүрлі мұнай өнімдерін пайдалану кезінде бөлінетін 
органикалық заттары, апаттармен, акваториялармен байланысты ластаушылары 
жатады. Осылайша, қоршаған орта үнемі күшейіп отыратын антропогендік әсер 
жағдайында болып жаңа, оның ішінде теңіздік мұнай-газ кен орындарын игеру, 
табиғи сулар сапасының нашарлауы мен ластануы мәселесі көкейкестілердің 
ішінен орын алады.
Каспий теңізі экожүйесінің жағдайын оқып білуін кешенді түрде бастау 
керек. Себебі, бұл табиғи (климаттық, гидрологиялық) немесе антропогендік 
(мұнайды өндіру, тасымалдау, теңіз құрылыстары) факторлар әсерінен болып 
жатқан қазіргі кездегі өзгерістерді тек атап қана қоймай, шаруашылық іс-әрекет 
әсерін де болжамдай алды. Каспий деңгейінің өзгерісі мен теңіз ортасының 
антропогенді ластануы әсерінен, мүмкін салдарларға байланысты: су, экожүйе 
жағдайының өзгеру заңдылығын білу, суқойма ішіндегі өздігінен тазару қабілеті 
мен оның биологиялық бүтіндігін анықтайтын едәуір маңызды үдерістерін 
айқындау, ластаушы заттар трансформациясының негізгі механизмдерін 
анықтап, табиғи суортасының өздігінен ластану мен өздігінен тазару жолдарын 
анықтау керек.
Каспий теңізінің солтүстік бөлігі теңіз суының ластаушы заттарын былай 
бөлуге болады: фенолдар, ауыр металдар (сынап, кадмий және т.б.), мұнай және 
полиароматты көмірсутектер.


500
1997 жылы Каспийдің солтүстік-шығысындағы теңіз суында 1996 жыл-
мен салыстырғанда мұнай өнімдері, нитраттар, нитреттер, фенол, қорғасын, 
цинк және т.б. ауыр металдардың құрамы азайған. Мұнай өнімдері бойынша 
нормативті деңгейлердің жоғарылауы, Тенгиз және Мартыши мұнай кен орын-
дары аймақтағы теңіз суында байқалған.
Облыстың өсімдік және жануарлар әлеміне, су ресурстарына жағымсыз 
әсер ететін топырақ ластаушы көздеріне, лас сулар мен өнеркәсіптік қалдықтар 
жатады.
2008 жылдың көрсеткіштері бойынша тасталатын судың потенциалды 
көлемі – 246,3млн.м.куб., лас сулардың құрамында мыналар бар (мың тонна): 
мұнай өнімдері – 258,11; хлоридтер – 23245,2; сульфаттар – 14563,9; 
Нейтриттер – 21,32; нейтраттар – 354,2; темір – 42,1; фенол – 14,2; 
органикалық азот – 212,4; өлшенген – 3650,2;
Облыс бойынша 20 кәсіпорыннан потенциалды жылдық көлеміндегі 77864,6 
тонна қалдық есептеп саналды (мұнай шламдары – 5052,0; токсикалық қатты 
заттар – 19500,0; бұрғылау шламы – 2640,0; сазды-гипсты – 32000,0 және т.б.). 
Ластаушы кәсіпорындар ішінен ЖШС Тенгизшевройлды ерекше атауға болады, 
1998 жылғы қалдықтардың жалпы саны – 40507,0 тонна, оның 19500,0 тоннасы 
токсикалық қалдықтар болған.
Атырау облысының негізгі су көздеріне Орал өзені (су жинаудың 60%) және 
Волга дельтасының шығыс жеңдері (Қазақстан шекарасында) жатады. 
Ойыл, Сағыз, Ембі өзендері тек көктем мезгілінде ғана тұрақты сутогы бо-
лады.
Орал өзенінің ластану құрамындағы хром концентрациясы 1996 жылғымен 
салыстырғанда 2007 жылы ол 0,002-ден 0,001 мг/дм.кв-қа дейін төмендеді. 2008 
жылы мұнай өнімдері мен фенолдар, Орал өзенінің 3 нүктесінде анықталды – 
бұл Индер және Махамбет қалашықтары мен Атырау қаласының шектері бо-
лып отыр. Фенолдар бойынша ПДК-ның жоғарылауы Индер қалашығында 
байқалған – 1,1 ПДК (11,0 мкг/л мұнай өнімдері бойынша – Атырау қаласындағы 
мөлшерден асу 10 ПДК (0,5 мкг/л) құрады, ал Махамбет қалашығында ол 
көрсеткіш – 5,6 ПДК ( 0,28 мкг/л ), Индер қаласында – 3 есе ( 0,15мкг/л) құрады.
Сулардың ең басты ластану көзі бұл – АҚ АМӨЗ мұнай өңдеу зауыты, мұнай 
база және манистралды құбырлардың мұнай айдау станциялары. Олар, ПДК-
ны бірнеше есе асып түсетін құрамдағы фенол, мұнай өнімдері, мыс, марганец, 
хром, цинкпен суды ластайды. Сонымен бірге, булану егістігіне бөлінген және 
барлық көрсеткіштер бойынша ластанған лас сулар, жер асты сулар жағдайына 
әсер етеді. Өйткені инфильтрация есебінен ластаушылар грунт суларына 
өтіп кетеді. Шаруашылық тұрмыстық мақсаттарда қолданатын су пункттерін 
гидрохимиялық тексеру кезінде, олардың бірқатарында таллий, қорғасын, кад-
мий, бром, нитраттар, хлоридтер, сульфаттардың ПДК-сы артқаны анықталды.


501
Каспий теңізі су экожүйесінің мұнаймен, мұнай өнімдерімен және фенол-
дармен ластануы туралы кейбір деректерді келтірейік.
Мұнайды өндіру мен тасымалдау кезінде, сондай-ақ теңіз және балық ау-
лау флотының кемелерінен теңіз ластанып, теңіз ортасына келіп түсетін жыл 
сайынғы мұнай көмірсутектердің мөлшері 150 мың тоннаға жетеді. 1980-1990 
жылдар аралығындағы кезеңде теңіз суындағы мұнай өнімдерінің құрамы 
біршама тұрақталды да 0,10-0,11 м.кв/л деңгейді құрады. Мұнаймен ласта-
ну деңгейінің соншама көп болмауы, мұнай мен мұнай өнімдерінің сырттан 
келіп тұру мен Каспий теңізі сулы ортасының суқоймаішілік өздігінен тазару 
үдерісінің белсенділігі арасындағы динамикалық тепе-теңдік салдарынан бо-
лып тұр. Ауыртпалық артқан сайын, судағы мұнай өнімдерінің концентрациясы 
да көбейеді. Каспий теңізі суы құрамында: мұнай өнімдерінің жалпы мөлшері 
қазірдің өзінде 8000 мың тоннаны құрайды. Каспий теңізінде көмірсутектердің 
табиғи көздері – суасты балшықты вулкандар ашылуда.
Каспий теңізінің жағалауындағы суларында мұнай көмірсутектердің кон-
центрациясы теңіздің ашық бөлігімен салыстырғанда жоғары болады. Бұл 
жоғары көрсеткіштер Каспийдің шығыс жағалауының мұнай өндіруші аудан-
дарында ерекше көзге түскен (0,30-0,50 мг/л). Солтүстік Каспийдің Волга мен 
Орал өзендерінің сағалық мұнай өнімдерімен ластанған (0,20-0,30 мг/л). Лас 
сулар немесе апатты тасталымдармен жергілікті ластануға байланысты макси-
малды концентрациялар барлық жерде 1,0-5,0 мг/л шегінде болады.
Теңіз деңгейі көтерілумен байланысты – ластанудың жаңа, әрі күрделі түрін 
атап өту қажет. Сонда да су астында қалған кен орындары Каспий теңізінің 
қазақстандық бөлігінде орналасқан. (Шығыс Көкарна, прибрежное, Пустынное). 
Бар дамбылар арқылы фильтрацияланған теңіз суы кейбір кен орындарды (Мар-
тыши, Корсак, Прорва, Тереңөзек), тіпті су астында қалдырды. Бұл аймақтың 
кейбір жеріндегі мұнай өнімдерінің концентрациясы 100 ПДК-ға дейін жетеді.
Табиғи суда көп таралған ластаушылардың бірі – фенол және оның туын-
дылары. Каспий теңізі суын сапаға тексеру нәтижесі, олардың фенолдармен 
ластану деңгейінің жоғары екенін көрсетіп отыр. Бірақ өзен ағыны мен ағын 
сулармен келіп түсетін фенолдар, сәйкесінше 1,5 және 0,2 мың тонна/жылына 
дегенді көрсетеді. Бұл көрсеткіш 2,0 мың тоннаға өссе де және фенолдардың 
беттік қабаттағы жиналу қалыңдығы 0-10 м болса да, олардың жалпы құрамы 
0,6 мкг/л-ден аспау қажет. Бірақ концентрацияның орташа жылдық мәні теңіздің 
ашық бөлігінде 4-7 есе, жағалық аудандарда 8-15 есе көп болады.
Теңіз суында фенолдар жиналмайтын көрінеді. Себебі, оның құрамы жыл 
сайынғы наурыздан шілдеге дейін аналитикалық нөлге дейін азаяды. Осылай-
ша, теңіз суындағы фенолдардың тегі автономды келеді де, өздері фитопланктон 
– өмір сүруі мен өлу үдерісі кезінде түзілгенге ұқсайды.
Алғашқы теңіздік бұрғылау қондырғысы салынады деп болжамдаған жер-
ден 46º25´ с.е., 52º15´ ш.б. түптік шөгінділер мен су сынамаларын зерттеу 


502
нәтижелері 10-кестеде келтірілген. Зерттеулер МЕСТ 17.1.08-82 және 17.1.5.01-
80 сәйкес жүргізіледі. 2007 жылы сынамалар алу кезінде дауыл тұрған. Суда 
көмірсутектердің құрамы бақыланған еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет