508
Гидротехникалық құрылымдарды жобалау мен құрылысы кезіндегі басты
назар бірқалыпсыз коррозияның пайда болуының алдын алуға бағытталған. Ең
сенімдісі үлгілік зертханалық
бақылаулар нәтижелері емес, гидротехникалық
құрылымдардың нақты пайдалану жағдайларындағы металдардың бұзылуы
туралы ақпарат болып табылады. Қазіргі күнге дейінгі қолданылып келген
нормативтік-құқықтық база талаптарына сәйкес
барлық гидротехникалық
құрылымдар техникалық куәліктендіруден өтуі қажет. Куәліктендірудің негізгі
мақсаты: құрылымды тексеру, техникалық жағдайын және құрылымның жеке-
леген негізгі элементтерінің тозуын және барлық құрылымның бүтіндеу тозу
жағдайларын анықтау. Теңіз көліктері гидротехникалық құрылымдарының
техникалық кешенді бақылау жүйесі техникалық жағдайын анықтау және
құрылымдардың тозуын бағалау әдістемелерін қамтиды. Құрылымдарды тек-
серу әдістемесі айлақтық құрылымдардың техникалық
жағдайларын бақылау
үшін, пайдаланудың тоқтап қалуына алып келетін ақауларды анықтау үшін
құрылған. Құрылымдарды тексеру барысында түрлі коррозиялық бұзылулар
мен механикалық сипаттағы бұзылуларды айыра білу қажет.
Коррозиялық бұзылуларға жататындар:
•
барлық ауданда бірдей қалыңдықты бірқалыпты жалпы беттік коррозия;
•
жекелеген дақтар, жаралық, нүктелік ошақтары бар жергілікті беттік
коррозия;
•
аралық коррозия жергілікті коррозияның дамыған және шектелген түрі,
бірақ тесіктер түріндегі бұзылулармен сипатталынады.
•
кристалл аралық коррозия – түйіршіктер шекаралары бойынша
металдың бұзылулары, мұнда оның сыртқы бұзылу белгілері болмайды,
бірақ беріктілігі күрт төмендеп кетеді.
Механикалық сипаттағы бұзылуларға жататындар:
•
кернеу концентрациясымен,
сұйықта жоғары сынғыштықпен, пісіру
кезіндегі қалдық кернеуден, қажу құбылыстары себептерінен болатын
жарылулар (сызаттар);
•
болаттың ақауы себебінен болатын есептік жүктемелер әсерінен болған
бұзылулар.
Металл құрылымдардың ақауларын олардың қауіптілік дәрежесіне байла-
нысты үш категорияға бөлуге болады: төмен маңыздылықты, маңыздылықты
және өте қиын жағдай. Төмен маңыздылықты ақаулар –
металдың беріктілік
сипаттамаларының өзгеруін, тасымалдау құрылымдарының металдық элемент-
тер қималарының кішіреюін және басқа да құрылымдық элементтерінің қауіпті
асқын кернеулерін болдырмайтын ақаулар. Маңыздылықты ақауларға элемент-
терде нормативтік мәндерге тең немесе асып кететін кернеулер пайда болатын,
кеңістікте орналасуларының немесе элементтерінің пішінінің өзгеруін болды-
ратын, сонымен қатар апат алдылық жағдайларды болдыратын ақаулар жатады.
Өте қиын жағдайдағы ақаулар металл құрылымдарының бұзылуы себептерінен
барлық құрылымның немесе оның жекелеген элементтерінің құлауына,
509
құрылымдарды пайдалануға жарамсыз етіп істен шығуларына алып келетін
ақаулар жатады (19.2 және 19.3-суреттер). Мұндай ақауларға жататындар:
- құрылымдардың негізгі тасымалдауыш элементтері қима аудандарының
осы элементтердің кернеулері болаттың аққыштық шегіне жақын бола-
тын мәніне дейін кішіреюі;
- тасымалдауыш метал элементтердің
аралық коррозиясы;
- ұзындығы 5 м жоғары аймақтарында шпунттық қабырғалардың біртекті
зақымдалуы;
- жалпылама морттығы (сынуы) және эстакадалық құрылым тіректерінің
иілістері.
Достарыңызбен бөлісу: