68
Әлем тәжірибесінде 760 м тереңдікке дейін кемеге ілінген және ұңғымадан
ажыратылған қадаушадан болатын қиындықтар байқалмаған. Бірақ, өте терең
теңіздерде тік тербелістер әсерінен қадаушада айтарлықтай кернеулер пайда бо-
лады. Бұрғылау жағдайын анықтағанда ең негізгі міндет, ұңғыманың оқпаны тік
болуы тиіс, яғни кемеге ағыстың жылдамдығын ескеріп, бұрғылау тізбегінің тік
ілініп тұруын, қамтамасыз ету керек, Терең су акваторияларындағы ұңғымаларды
тұрғызудың технологиялық ерекшелігі, арнайы техникалық құралдарды жасау-
ды талап етеді, оның ішінде: су
асты саға жабдықтарының кешені, алыстан
басқару және бақылау жүйелері; жобаланған ұңғымалар конструкцияларына
сәйкестендіріліп жасалған шегендеуші тізбектер, аспалы түйіндерінің арнайы
кешені мен түсіріп-көтеру аспабы, оның көмегімен шегендеуші құбырларға бұл
түйіндерді түсіру және бекіту жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: