Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет32/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

3.9 Тік қозғалыстар компенсаторы
Тік ауысулар компенсаторы – кеменің тік қозғалысының тәл блогына 
ілінген бұрғылау тізбегін және басқа да құрылғыларға әсерін жоюға арналған. 
Бұдан басқа, компенсатор қашауға берілетін жүктемені тұрақты ұстап тұрады 
және бұрғылау тізбегінің ұңғыма түбіне салыстырмалы тұрақты жағдайын 
қамтамасыз етеді. Компенсатор сонымен қатар, ерітінді атқылауынан 
сақтау операцияларының сенімділігін арттырады, өйткені превентордың 
қыстырмаларын жапқанда бұрғылау тізбегі козғалмайды, соның арқасында 
қыстырмалардың резеңке тығыздатқыштары зақымдалмайды. Компенсатор 
конструкциялары, кронблок үстіне немесе тәл блогы мен ілмектің арасына 
орналасқан түрлерге бөлінеді. Кронблок үстінде орналасқан компенсаторлардың 
артықшылығы ретінде икемді, жоғары қысымды шлангілердің жоқтығын және 
стандартты мұнараларды қолдану мүмкіндігін айтуға болады. Бірақ олардың 
елеулі кемшіліктері: салмағының өсуі және бұрғылау мұнарасының ауырлық 
центрінің жоғарылауы, арқандардың, тозуының артуы, рычагті механизмнің 
болуы, қозғалатын бөліктердің үлкен салмағы және түйіндермен қызмет етудің 
қиындығы. Осы себептердің әсерінен жоғарыда орнатылатын компенсатор-
лар көп таралмаған. Тәл блогына ілінетін компенсаторлар салмақтарының 
аздығынан, стандартты тәл блогына жылдам қондыруға болатындықтан, кеңінен 
қолданылады. Мұнара биіктігін өсірмеу үшін компенсаторлар екі күш цилиндр-
лермен жабдықталып, тәл блогынің бүйір жақтарына орналасады.
Көбінесе, пайдалану қарапайымдылығын ескеріп, компенсатордың пассивті 
түрін қолданады. Бұл конструкцияда газдың аккумулятор баллондарында ұлғаю 
және сығылу табиғи үдерістері колданылады және газ параметрлерінің өзгеруі 
қосымша энергиясыз, күштің ілмекке әсерінен болады.
Активтік жүйелердегі теңелтулер газдың немесе сұйықтың параметрлеріне 
қосымша әсер етеді, мысалы аккумулятор поршенінің гидравликалық ілесу 
жүйесі көмегімен, күшпен жылжуы. Бұндай жүйе «Гломар Челленджер» ғылыми-
зерттеу кемесінде орнатылған компенсаторларда қолданылды. Активтік теңелту 
жүйелерін колдану қашауға берілген жүктеме шамасын ±7 кН дәл ұстап тұруға 
мүмкіндік береді, бұның өзі ғылыми-зерттеу жұмыстарында көңіл аударарлық 
іс (керн алғанда және т.б.).
Валентин Шашин кемесіне «NL Ракер Шаффер» (
3.2-сурет
) фирмасының 
тік қозғалыс компенсаторы қондырылған. Компенсатор тәл блогымен (13) топ-
салы қосылған жоғарғы траверстен (14) және ілмек ілінген төменгі траверстен 
(15) тұрады. (14) траверске екі гидропневматикалық цилиндрлер (7) және алты 
шынжырлардың шеттері қосылған.


65
3.2-сурет. Тік қозғалыстар компенсаторы
Шынжырлар жұлдызша (11) арқылы асырылып, гидропневматикалық ци-
линдрлер (7) штоктерінің (12) шеттеріне бекітілген. Шынжырлардың төменгі 
шеттері (16) төменгі траверске (15) жалғастырылған. Компенсатордың бұндай 
конструкциясы гидропневматикалық цилиндрлердегі поршеньдер жүрісімен 
салыстырғанда (14) және (15) траверстер аралық қашықтықпен анықталатын 
компенсатордың жүрісін екі есе көбейтуді қамтамасыз етеді.
Цилиндрлердің (7) штоктық қуысы (18) жұмыс сұйығымен толтырылған, ал 
қуыстар (19) сығылған ауамен, ауа компрессордан (2) немесе (1) және (4) баллон-
дардан пульт (3) арқылы жұмысқа қосылады. Траверстің (14) үстіне екі (әр ци-
линдрлерге (7) бір-бірден) май-ауалы резервуарлар (8) бөлетін поршеньдерімен 
қондырылған. Бұл резервуарлардың сұйық кеңістігі цилиндрлердің (7), штоктық 
қуыстарымен (19), клапан (10) арқылы жалғастырылған. 
Сығылған ауаның қысымы, жұмыс цилиндрлеріне түсетін күштер, жұмыс 
сұйығының резервуарлардағы қысымы басқару пультінен бақыланады. 
Жоғары қысымды шлангі (6) екі жақ шеттеріне автоматты тоқтатқыш клапан 
(5) орнатылған. Шлангілер үзіліп (жұлынып) кеткенде олар жұмысқа кіріседі. 
Тіркейтін көрсеткіш құралдар траверстер ара қашықтығы, ауа қысымы және 
теңелту жүктемесі жөнінен мәліметтер береді.


66
Компенсатордағы бекіткіш (17) аркылы траверстер (14) және (15) бір-бірімен 
жалғастырылады және тәл жүйесі құрлықтағы бұрғылау қондырғыларындағыдай 
жұмыс жасайды.
Компенсатор пневматикалық жүйесінің үлгісі (
3.3-суретте
) келтірілген. 
Сығылған ауамен қоректендіру қос компрессорлармен (1), алыстан басқарылатын 
қысымды реттеуіш (8) арқылы қамтамасыз етіледі.
3.3-сурет. Компенсатордың пневматикалық жүйесінің үлгісі
Артық қысым кезінде автоматты реттеуіш (8) компрессорларды ажырата-
ды. Одан кейін, қолмен басқарылатын бас тоқтатқыш клапан (11) және қолмен 
зарядтайтын клапан (16) арқылы, клапандар 4 және басқару желісімен (15), 
баллонға (3) келеді. Резервтік желі (7) қолмен басқарылатын клапан 9 арқылы 
ауаны, апаттық жағдайда клапан (10, 14 және 5) желілерімен резервуарлық 
баллонға 2 беруге арналған. Ауа осы баллоннан жүйеге клапан (12) және алыстан 
басқарылатын клапан (13) арқылы беріледі. Компенсатордың жұмыс кезінде ауа 
клапан (19) арқылы қозғалады. Қасына автоматты редукциялы клапандар (20) 
және қолмен басқарылатын клапан (21) қосылған.
Құбырлармен (22) клапандар (27 және 28) арқылы икемді шлангілер (24) 
және автоматты тоқтатқыш клапандар (31), құбырлар (36 және 40), ауа ком-
пенсатор цилиндрлеріне келеді. Құбырлар (26 және 40) үрлейтін клапанмен 30 
жалғастырылған. Ауаның серпімділігі әсерінен цилиндрлер (39) поршеньдердің 
синхронды қозғалуын қамтамасыз ету үшін, жүйе төмен қысымды аккуму-
ляторлармен (25) жабдықталған. Май цилиндрлердің штоктық қуыстарынан 
желілер (37) дроссельдер (38) арқылы аккумуляторлардың май қуысына (35) 
жылжиды. Поршеньдердің төмен жүрісінде майдың аккумуляторлардан кейін 


67
кері жылжуы, кері клапан (34) арқылы болады. Ауаның тұрақты қысымы (35) 
аккумуляторлардағы қысым реттеуіш (32) арқылы қуатталады. Ауа қолмен 
басқарылатын (33) клапаны арқылы беріледі.
Жүйені зарядтау үшін, ауа клапан (16), құбырлар (17), клапандар (18) және 
(25), жалғанған құбырлар (23) арқылы беріледі. Дроссельдер (26) зарядтың 
ақырын жүргізілуін қамтамасыз етеді. Жұмыс қысымы қажет шамаға келгенде 
кері клапандар (28) және (29) ашық күйге келтіріледі және жүйе жұмысқа дайын 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет