71
3.5-сурет. Бұрғылау кезінде қадаушадағы созылу күшін теңестіруге арналған
құрылғы: 1 – ұңғыма сағасы; 2 – превенторлар блогы; 3 – келте құбыр;
4 – қадауша; 5 – бұрғылау кемесінің тұрқы; 5 а – нығыздалған цилиндрлік
тұрық; 6 – поршень; 8 – құбыр желісі; 9 – радиалды тесіктер мен тіліктер
Сондықтан, бұл күштің төмендеу мәнін теңелту үшін келте құбырға (3),
қуыс денелі сыртқы беті қадаушаның төменгі шетіне нығыздалған цилиндрлік
тұрық бекітіледі. Тұрықтың ішінде, қадаушаға тығыз берік поршень жалғасқан.
Ол тұрық кеңістігін жоғарғы және төменгі камераларға бөледі. Төменгі камера
жеке құбырлар (8) арқылы бұрғылау кемесінің палубасына шығарылған (ауа-
мен байланысады); ал жоғарғы камера поршеньдегі бірнеше радиальды тесіктер
және тіліктер (9) бойынша қадаушы кеңістігімен байланысады. Бұрғылау кезінде
поршеньнің жоғары жағына қадауша бойынша көтерілетін жуу сұйығы қысымы
әсерінен қосымша созылу күші пайда болады. Кей кезде герметикалы айдау
үшін поршеньнің сыртқы бетімен тұрықтың ішкі беті аралығындағы аймағына
72
қосымша құбыр енгізіледі. Сонымен қатар, тұрықтың ішкі бетімен қадаушаның
төменгі шетінің сыртқы беті арқылы құрылғылар орнатылады. Тағы бір вариант-
та поршеньнің жоғары бөлігіне теңіз суы қысымы жоғары камераға тұрықтың
арнайы каналы арқылы еніп, әсер етеді. Суасты қадаушаларының кемшілігі
ретінде жуу сұйығының сақиналы кеңістікте (қадаушаның ішкі және бұрғылау
тізбегінің сыртқы қабырғалары аралығы) көтерілуі телескопиялық қосылыста
саңылаулардың пайда болуымен байланысты.
Қадаушаның телескопиялық қосылысы – төменгі шетінде бағыттаушы
қырлары бар ішкі құбырдан және оған центрлес орналасқан сыртқы құбырдан
тұрады. Екі құбырда қадаушаның жоғарғы және
төменгі бөлігіне болттық
қосылыстармен жалғасқан. Қадаушаның сыртқы құбырына дифференциалды
поршень механизмі бар цилиндр жалғасқан; үлкен поршеньнің астындағы ка-
мера сақиналы кеңістікпен (телескоптық қосылыстағы ішкі құбырдың сыртқы
беті мен сыртқы құбырдың ішкі беті аралығы) байланысқан. Екі поршень өзара
штокпен цилиндр қабырғасындағы тесік арқылы байланысады. Дифференциал-
ды поршень механизмінің поршень үстіндегі кеңістігі жұмыс сұйығымен
толтырылған және қосылыстың сыртқы құбырының ішкі бетіндегі эластикалық
материалдан жасалған камерамен жалғасады. Жуу сұйығын айдағанда оның
көтерілу ағыны дифференциалды поршень механизмі үлкен поршенінің
үстіндегі кеңістігіне енеді. Кіші поршеньнің әсерімен
эластикалық камераға
бағытталады.
Бұл жағдайда эластикалық камераның қабырғалары кеңейіп, телескопиялық
қосылыс ішкі құбырының сырт бетіндегі нығыздаушы элементтерге тығыз
қысылады.
Қондырғының, онымен бірге бұрғылау тізбегінің тік ауысулары қашауға
берілетін жүктеменің кенет өзгеруіне және қашаудың ұңғыма түбінен жоғары
кетерілуіне соқтырады. Бұл жағдайды болдырмау (немесе қашауды берілген
жүктемемен тұрақты ұңғыма түбіне қысып ұстау) үшін бұрғылау тізбегіне тік
ауысымды компенсатор орнату қажет. Мұндай компенсатор – телескопиялық
қосылыс жоғарғы (цилиндр) және төменгі (поршеньді шток) екі бөліктен тұрады.
Олар қосылыстың жүріс шегі аралығында өзара ауысуды қамтамасыз етеді.
Жүзбелі платформадан бұрғылау кезінде, оның толқындар әсерінен тік ауысу-
ларына байланыссыз, қашауға жүктемені тұрақты ұстауға арналған құрылғыны
(
3.6 а-сурет
) қараймыз. Таль блогыне цилиндр (1) асылған, оның штогі (2)
бұрғылау тізбегімен жалғасқан. Платформада екінші цилиндр (4) орналасқан.
Цилиндрдің штогі (5) икемді байланыс (сым арқан) (6) арқылы теңіз түбіне не-
месе сағалық ұштың негізіне зәкірленген. Бірінші
цилиндрдің төменгі және
екінші цилиндрдің жоғарғы кеңістіктері өзара икемді шлангімен (8) жалғанған.
Бұл желіге клапан орнатылған. Кеңістіктерде тұрақты қысымды ұстау және
бұрғылау тізбегіне (оның салмағымен қашауға жүктеменің айырымына тең)
тік күшті қамтамасыз ету үшін, олар гидравликалық сорабпен (9) байланыса-
ды. Екінші цилиндрдің төменгі кеңістігі қысылған газ көзімен (10) қосылуымен
74
астындағы цилиндрлер кеңістіктері сұйықпен
қысым арқылы толтырылады,
олар ілмекке асылған тізбек бөлігінің салмағын қабылдайды. Түсіріп-кетеру
операцияларында құрылғы жұмыстық жағдайға ауысады. Бұл кезде поршеньді
штоктар цилиндрлерге енеді және ілмек механикалық түрде таль блогыне жабы-
лады. Сөйтіп, ілмек пен блок бірге қозғалады (құрылғыда сұйықты қысыммен
ұстаудың қажеттілігі болмайды). Ілмек пен блокты қосу және ажырату алыстан
бақылау арқылы жүргізіледі.
3.7 а, б-сурет. Қадауша мен бағыттаушы арқандарды
таратуға арналған гидравликалық цилиндрлер
Су асты қадаушамен бағыттаушы арқандардың жұмысын жақсартуға
арналған механикалық керілу жүйесіне тоқталық (
3.7 а, б-сурет
). Жүйе құрамына
бұрғылау кемелерінің палубасына орнатылған бірнеше керілу құрылғылары
кіреді. Керілу құрылғыларының саны бұрғылау нүктесі
орны мен теңіз
тереңдігіне тәуелді. Мысалы, теңіз тереңдігі 914 м дейін 8 керілу құрылғыларын
қолдану, ал 914 м-ден 1829 м-ге дейін 12-14 керілу құрылғыларынан тұратын
жүйені пайдалану ұсынылады. Керілу құрылғысының құрамына аккумуляторлы
75
гидравликалық цилиндрлер, компрессорлық станция, жұмыстық және реверсті
ауа баллондары, басқару пульті, құбырлар мен керілетін арқандар жүйесі кіреді.
3.7 а
және
3.7 б суреттерінде
суасты қадаушаны керуге арналған гидравликалық
цилиндрлер мен бағыттауыш арқандарды керетін гидравликалық цилиндрлер
көрсетілген.
Жүйе құрамына (гидравликалық цилиндрден басқа), цилиндр тұрқымен
қатаң түрде байланысқан гидропневматикалық аккумулятор кіреді. Аккумуля-
тор кеңістігінің бірі
- жұмыстық гидроцилиндрдің кеңістігімен,
екіншісінің кеңістігі;
- компрессорлық станция мен ресиверлік блоктан тұратын қысылған
көзімен байланысады, сыйымдылығы 1047 л, олардың саны керілу әр
ресивердың құрылғыларының санымен анықталады.
Жүйені басқару арқандардың керілісін суасты қадаушасы мен бағыттауыш
және қосалқы ресиверлердегі қысылған ауа қысымын көрсететін, бақылау-
өлшеу аспаптарымен жабдықталған пульттен қолмен жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: