Ескерту: 1. Барлық шайқалыстар түрлері үшін, бөлімінде периодтар мәні көрсетілген, с. 2. Бүйірлік шайқалыс центрі (бұрғылау мұнарасының негізінен төмен) 13,2 м тең. Тартып тұратын құрылғының қасында жоғары қысымды гидравликалық
ыдыстар орналасқан, олар цилиндрмен қосылған, оның іші буферлік әсер жа-
сау үшін маймен толтырылған. Аккумулятор көлемінің қысымы плунжердің
қозғалуына байланысты – керудің өзгеруін анықтайды. Арқанның тартылуы ак-
кумулятор ішіндегі ауаның қысым тұрақтылығымен қамтамасыз етіледі. Ол ком-
прессор қондырғысының қуаттауымен іске асырылады. Апаттық жағдайларда
тартып тұрған құрылғыға ауаны жылдам беру үшін үш ауа баллондары (1700 л
және әрқайсысының қысымы 21 МПа) қарастырылған.
Алты тартып тұратын құрылғының әрқайсысы диаметрі 400 мм, жүрісі
3810 мм цилиндрден; екі сыйымдылығы 125,4 л ауа-май аккумуляторларынан;
жоғарғы және төменгі шкивті екі блоктан; екі немесе үш бағыттаушы (мұнара
еденінің астында) шкивтерден және екі әрқайсысының сыйымдылығы 1500 л
қос ауа ыдыстарынан тұрады. Жүйедегі ең жоғары жұмыс қысымы 12,5 МПа.
Сығылған ауамен қамтамасыз ету үшін өнімділігі 0,00833 және айдау
қысымы 30 МПа екі компрессорлар қондырғылар қолданылады. Ауа құрғатқыш
өнімділігі 0,01 м
3
/с. компрессорларды байланыстыру жүйесі тік қозғалатын
компенсатордың қондырғылар жүйесімен қосылған. Бұның өзі кейбір қажетті
нақты жағдайға байланысты компрессорлар қондырғыларын пайдалануға
мүмкіндік береді. Бұрғылау кемесі немесе жүзбелі бұрғылау қондырғыларының
үстіне орналастырылған тарту құрылғыларының саны теңіз тереңдігіне бай-
ланысты анықталады. Мысалы; теңіз тереңдігі 914 м дейін болса, сегіз тарту
құрылғылары, ал тереңдігі 914-1829 м аралығында болса, 12-14 құрылғыларын
қолдану ұсынылады.
3.7 Қосымша жабдықтар Бұрғылау кемесіне моделі 23 «Дрессер» фирмасының каротаждық
жұмыстарды жүргізуге арналған каротаждық станциясы орнатылған. Оның
құрамына: жабдықталған лебедка, ұзындығы 7000 м және диаметрі 11 мм ка-
бель, каверномер, наклономер, ұңғымалық манометр. перфоратор, ұңғымада
құбырлардың ұсталу орнын анықтауыш және басқа каротаждық жұмыстардың
толық кешенін орындауға арналған құралдар кіреді.
Сонымен қатар, кемеде ұңғыманы байқауға (сынауға) арналған ОТИС
фирмасының жабдықтары орналастырылған. Ол құрамында жер бетіндегі
және ұңғымалық кешендері арқылы бұрғылау біткеннен кейін ұңғыманы игеру
жұмыстарының толық кешенін орындауды қамтамасыз етеді.