Зәкірлік ұстау жүйесімен
бекітілген жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау
қондырғылары негізден және оған орналасқан бұрғылау қондырғылы плат-
формадан тұрады. Негізге айнымалы қалқымалы понтондар және платформа
астындағы тіректер кіреді. Тасымалдау жағдайында үлкен массасына қарамастан
101
жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылары шығып тұрады. Бұрғылау
нүктесінде понтондар сумен толтырылып, қондырғының негізі 18-30 м-ге
түсіріліп, зәкірленеді. Ал платформа жабдықтарымен және оған қатты түрде
жалғанған негіз бөлігі судың бетінде қалады.
5.3-сурет. Зәкірлік ұстау жүйесімен бекітілген жарты-
лай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғысы сұлбасы
Жартылай батпалы жағдайында жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау
қондырғылары өзінің тіректерінің жүзгіштігі арқасында ұсталады. Сумен
толтырылған понтондар жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғыларының
ауырлық ортасын төмендетеді (егер ортасы судың жоғарғы жағында болса,
толқындар қысымын әсерінде болар еді), қатты (күшті) толқын жүктемелерін
қабылдайтын элементтердің қима ауданын кішірейту және ауырлық орта-
сын төмендету жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғыларының
тұрақтылығын арттырады. Зәкірлі ұстау жүйесі тек қана 300 м тереңдікке
арналған, өйткені тереңдік өскен сайын зәкірлі тростардың ұзындығы өседі,
зәкірлі лебедкалардың салмағы мен габариттары өседі, олар зәкірлеу үдерістерін
102
қиындатады. Мұндай жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғыларына,
мысалы, «Седко-701» (Ұлыбританияда жасалған) және «Шельф» жатады.
5.4-сурет. «Седко-701» жартылай батпалы жүзбелі
бұрғылау қондырғысы (Ұлыбритания)
5.5-сурет. Тірегі бар жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылары
103
Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылары тірегі бар құралдарды
олардың тұрақтылығы мен батырылымдылығының деңгейімен емес, беріктігі
бойынша, яғни кез келген профильдегі бірнеше кішігірім түрдегі тіректерді
пайдалану арқылы анықталады. Платформа келесі түрдегі негіздерден тұрады:
платформаның өзі, бұрғылар колонна 1 мен понтоннан 9, бұрғылар орналасқан
2, 3 және өндірістік қондырғылар, мұнайды сору қондырғылары мен көмекші
жабдықтары 4, 5, 6, тұрғын үй аймағы 8, тікұшақ қонатын жері 7.
Платформа жұмыс режимінде созу немесе тарту элементі арқылы сақталады
13 яғни, олар теңіз түбіне зәкірдің көмегімен бекітілетін құбырлар жатады 10,
11.
Төменгі сағалық жүйе тірек плитасынан тұрады 12, оның үстінде мұнайды
игеретін сағалық қондырғылар орнатылған, тірек жүйесі платформамен
жалғанады. Монтаждау-демонтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде,
қажетті жағдай туғанда, тарту күшін олардың бөліктерін толтыра отырып,
понтондардың балластары негізімен реттейді (
5.5-сурет
).
Тартылыс күшінің созылуы су деңгейінің өзгеруіне, судың ағып келіп түсуіне
немесе тартылуына байланысты емес. Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау
қондырғыларының орналасуы акваторияның түбіне, ұңғыманың табиғи
сағасына да байланысты емес және ол бұрғылау жұмыстарын қиындатпайды.
Шетелдердің бағасы бойынша, тарту тіректері бар жартылай батпалы
жүзбелі бұрғылау қондырғылары қазіргі таңда теңіз түбінде 800 м-ге дейін, ал
болашақта 2000 м-ге дейін орната алатын болады. Бұл жағдайға қарамастан,
жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылары бағасы теңіздің тереңдігіне
әсер етеді (теңіз деңгейінің тереңдеуі 150-ден 600 метрге дейін болса 10-15 %-ке
дейін).
Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғыларын динамикалық пози-
циялау
зәкірлі бекітуге қарағанда, бұрғылау үдерісінде ұңғы үстінде қондырғыны
ұстау жүйесімен ерекшеленеді. Айырмашылығы: мұнда акустикалық аппарат
есептеуіш машина мен винттен тұрады (көлденең және бойымен орналасқан).
Шығатын сигналдар гидрофондармен қабылданып, есептеуіш маши-
на арқылы жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғыларының орналасу
жағдайын анықтайды. Ұңғымаға қатысты өзінің орнын ауыстырған кезде ав-
томатикалы түрде сәйкес қозғалтқыштарға команда беріліп, өз орнына қайта
қойылады.
Теңіз тереңдігі өскен сайын динамикалық жүйенің тиімділігі өседі (ар-
тады). Сондықтан, оны 6000 м-ге дейін қолдануға болады. Жартылай батпа-
лы жүзбелі бұрғылау қондырғыларын зәкірлі бекітудің және динамикалық
позициялаудың бірқатар кемшіліктері бар: ұңғы осі горизонталь бойынша орнын
ауыстыруы ағымды акваторияларда зәкірлі тростардың үзілу қауіптілігі артады.
Сондықтан басқа (болашағы жоқ) түрлі жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау
қондырғыларына қарағанда, басты орынды алатын тартқыш тіректілі жартылай
батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылары болып саналады. (
5.6-сурет
).
104
5.6-сурет. Динамикалық ұстап тұру жүйелі ЖБ ЖБҚ
Негізгі элементтері: жүзгішті понтондар, платформа астындағы тіректер,
бұрғылау нүктесінде орналасатын фундамент және фундаментті понтондармен
жалғайтын тартқыштар (олар түп зәкірінің рөлін атқарып, потондарды ұстайды).
Тартқыштар грунтқа батырылған үлкен свайлар, массивті плиталар, т.б. сияқты
әртүрлі болады.
Тартқыштардың төменгі жақтары фундаментпен скобалар арқылы
жалғанады, фундаментінің бос қуысты орындары сумен толтырылады, ол теңіз
түбіне түсіп, тартқыштарды вертикал позициясына әкеледі.
Бұл типті жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғыларының
тұрақтылығы құбыр тәрізді тартқыштардың тарту күшіне байланысы (тартқыш
тіректер деп аталады), бірақ олардың саны мен диаметріне тәуелді емес.
Диаметрлерін олардың беріктік шарттарына сай анықтайды.
Қазіргі кезде тартқыш тіректілі жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау
қондырғыларын шетелдерде теңіздің 800 м тереңдігіне орнату мүмкіндігін
бағалап отыр (келешекте 2000 м-ге дейін орнатады.)
Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғыларын пайдалану
ерекшеліктері
.
Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғыларының салыстырмалы
айырмашылық ерекшелігі – оны жеңіл ауыстыру, бұрғылау нүктесіне орнату
және одан алу, жел әсеріне, толқынға және ағындарға жоғары тұрақтылық, 6000
105
м терең айдындарда бұрғылау мүмкіндігі, сонымен қатар теңіз тереңдігі өсуімен
құнының артуы.
5.7-сурет. Тартпалы тіректілі зәкірлі жүйесі бар платформа:
1 – жоғарғы құрылыс; 2 – жүзбелі корпус; 3 – тартпалы
зәкірлі жүйе; 4 – анкерлі тіректі элемент
Берілген аудан жұмыстары үшін жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау
қондырғылары түрлерін анықтау кезінде қоршаған ортаны зерттеу бойынша
үлкен жұмыстар жүргізіледі, одан кейін жел жылдамдығы, толқын биіктігі,
ағу жылдамдығы, мұздылық жағдайлары анықталған шамалары бойынша,
жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылары сипаттамаларын, яғни
онда бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
мүмкіншілігін қарастырады.
Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғыларын пайдалану ерекшелігі
– ұңғыманы бұрғылау кезінде оның өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау
қондырғыларына қарағанда, теңіз түбімен қатаң бекітілмей жүзбелі түрде бо-
луы. Оның теңіз түбімен байланысы теңіз тұрағы арқылы жүзеге асады.
Сондай-ақ жоғарғы қозғалатын жағы жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау
қондырғыларымен, ал төменгі жағы телескопиялық жалғану арқылы суасты
саға қондырғысына жалғанған.
Теңіз стояғы бұрғылау ерітіндінің жабық түрде циркуляциялауын
қамтамасыз етеді.
Теңіз тұрығында орналасқан бұрғылау тізбегі тәл блогтағы компенсатор
арқылы ілінген (ол оның тік қозғалысын ескереді.) жартылай батпалы жүзбелі
106
бұрғылау қондырғыларының көлбеу ығысу (орын ауыстару) мөлшері теңіз
тереңдігінің 3-5% шегінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |