Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет65/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   274
7.5.3 Теңіз деңгейінің көтерілуі
Ол көп жағынан айдың тартылу күші әсерінен болады. Айдың бір тәулікте 
(24 сағат 50 мин) судың беті бір рет көтеріліп, бір рет түсуі мүмкін. Оны тәуліктік 
көтерілу деп атайды. Ал, кейде бір тәулікте екі рет көтеріліп түседі. Мұны жар-
ты тәуліктік көтеріліс деп атайды. Кейде осы тәуліктік және жарты тәуліктік 
көтерілістер кезекпе-кезек алмасып келетін жағдайлар болады. Бұны аралас 
көтерілістер деп атайды. Теңіздің әртүрлі аймағында су деңгейінің көтерілуі әр 
түрлі болуы мүмкін. Сол үшін бұрғылау жұмысын жүргізу мақсатында ол ау-
дан ұзақ мерзімде зерттеледі. Ондағы гидрометриялық өзгерістер су деңгейінің 
ең жоғары көтерілуі, ең төмен деңгейі оның қайталану аралығы журналы-
на тіркеледі. Қазіргі кезде тереңдегі аспаптар арқылы зерттеледі. Бұрғылау 
қондырғыларын орнату үшін теңіз толқуларының 50 жыл ішіндегі өзгерісі есеп-
ке алынады. Теңіз су деңгейінің көтерілуі жаңа ай туғанда және ай толғанда 


140
ең жоғары мәнге ие болады. Өйткені бұл кезде жер, ай және күннің осьтері бір 
сызықта жатады. Сонда тартылу күші бір-біріне қосылады.
7.5.4 Желдің әсері
Жел үш түрге бөлінеді: 1) шамалы, 1,5 м/с; 2) баяу есетін, 2 м/с; 3) дауыл, 
10м/с жоғары. Қатты соққан жел, әсіресе бұрғылау кезінде және бұрғылау 
қондырғыларының бір орыннан екінші орынға көшу кезінде әсер етеді. Жел 
күшінің балдарын есептеудегі бұрғылау жұмыстары 3-4 балдық желде жұмыс 
жасалуы мүмкін, өте сирек 5-6 балда жұмыс жасалады. Егер жел дауылға 
айналатын болса, онда бұрғылау қондырғылары бекітілген орнынан басқа 
жерлерге, тасалау жерге алып кетіледі. Кейде теңізде жылдамдығы 120 км/сағ 
дейін соғатын желдер де болады. Бұл жалғыз ғана бұрғылау қондырғыларына 
емес теңіздегі барлық жүзу құрылғыларына қауіпті. Өте сирек Каспий теңізінде 
немесе Қара теңізде құйындар кездеседі. Құйын дегеніміз – желдің айналу 
нәтижесінде теңізден көтерілген су бағаны, ол өте жоғары күшке ие болады. 
Оның жылдамдығы 120 км/сағ жоғары болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет