Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Бұрғылау кезінде ұшырайтын қиындықтар



Pdf көрінісі
бет64/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

7.5 Бұрғылау кезінде ұшырайтын қиындықтар
Оларға: 1) ұңғы оқпаны тау жыныстарының үгілуі және опырылуы, олардың 
сынуы, 2) ұңғыма оқпанында науалардың пайда болуы; 3) бұрғылау сұйығының 
жұтылуы; 4) газ, мұнай және су көріністері; 5) бұрғылау тізбегінің қысылып 
ұсталып қалуы; 6) бұрғылау кезінде күкіртсутегінің көтерілуі; 7) көп жылдық 
тон, жатқан жыныстарды бұрғылау кезіндегі қиындықтар.
7.5.1 Ұңғы оқпанындағы жыныстардың үгіліп, опырылып қалуы
Бұл жағдай ұңғы оқпанындағы жайғасқан жыныстарды кернеудің, олардың 
беріктігінен асып кеткенде байқалады. Әсіресе жарықшақты жыныстарды, 
тектоникалық күштердің әсерінде болған жыныстарды, орнықсыз жыныстарды 
бұрғылауда байқалады, өйткені табиғи жағдайда жатқан жыныстардың кернеу-
лік жағдайдағы бірқалыпты болады, ал бұрғылау кезінде жуу сұйығының 
тығыздығы тау жыныстарының көлемдік массасын төмен болғандықтан, 
бұл бірқалыпты жағдайда бұрғыланады, сондықтан оқпандағы жыныстар 
үгіліп, опырылып құлай бастайды. Ол мынадай себептер әсерінен болады: 
1) ұңғыманы бұрғылау сұйығының деңгейі төмендеп кеткенде; 2) бұрғылау 
сұйығының тығыздығы азайған кезде; 3) орнықсыз тау жыныстарының бұрғылау 
сұйықтардың әсерінен босағанда.
7.5.2 Мұнай, су және газ көріністері
Бұрғылау үдерісінде егер жуу сұйығының гидростатикалық қысымы қабат 
қысымынан немесе гидрожару қысымынан жоғары болса, онда бұрғылау сұйығы 
қабаттарға немесе өткізгіш жыныстарға сіңіп кетуі мүмкін. Бұл жағдай бұрғылау 
сұйығының жұтылуы деп аталады. Мұнда кейде бұрғылау сұйығы ұңғы сағасына 
шықпай қалады. Кейде оның шығу мөлшері азайып кетеді. Бірінші жағдайда, 
бұрғылау сұйығының апаттық жұтылуы, ал, екінші жағдайда, шамалы жұтылу 
деп аталады. Ал, егер керісінше болса, яғни қабаттық қысым гидростатикалық 
қысымнан үлкен болса, онда ұңғыларда мұнай газ немесе су көтерілуі байқалады 
да, онда ұңғылардың шығынын бұрғылау сұйығының көлемі асып кетеді. Оны 
сораптар сыйымдылығы сұйығының деңгейін байқағанда болады. Ал, егер газ 


139
көтерілуі байқалса, онда бұрғылау сұйығындағы газ көлемі көлемі көбейіп, оның 
структуралық, механикалық қасиеттері өзгереді, тығыздығы азайып кетеді. 
Егер бұл жағдай байқалмаса, онда ашық фонтандауға соқтыруы мүмкін. Сол 
себептен бұрғылау үдерісінде шегендеу құбырына атқылауға қарсы құрылғы 
превентер жалғанады. Бұл превентер плащкалы және универсалдық айланба-
лы деп бөлінеді. Соңғы превентер бұрғылар тізбегін айналу керек болғанда 
қолданады, өйткені алдындағы екі превентер жабылғанда бұрғылау тізбегін 
айналдыруға бөлмейді. Превентердің негізгі параметрлері: оның өткізу тесігінің 
диаметрі немесе жұмыс қысымы. Теңіз ұңғыларын бұрғылау кезінде осы 
көрсеткен қиыншылықтардан басқа бұрғылау үдерісінде гидрометрологиялық, 
геологиялық, геоморфологиялық факторлар әсер етеді. Теңіз ұңғыларын 
бұрғылауда тұрақты теңіз платформаларға, өзі көтеретін қондырғыларға, жар-
тылай бататын және жүзбелі қондырғыларға әсер ететін мынадай факторлар-
ды алуға болады: 1) теңіз толқуы; 2) теңіз деңгейінің өзгеруі; 3) жел соғуы; 4) 
теңіздегі ағыстар; 5) тұмандар; 6) теңіз суының қатуы, т.б. Теңіздердің толқуы 
су бетіне жел күшінің әсерінен болады. Мұнда бұрғылау қондырғыларын 
орнатылған орнынан ауытқытып тастайды. Толқынның бағытына қарай жыл-
жытады. Кеме палубасында жабдықтар, аспаптар әрекетке келеді. Теңіздің 
толқуы ондағы жұмысшыларға да теріс физиологиялық әсерін тигізеді. Теңіз 
тек қана желдің әсерімен емес кейде қысқа мерзімде жақын аралықтан өткен 
кемелерден пайда болатын байланыссыз бұрғылау қондырғыларында тұрақты 
болса да, жүзбелі болса да теріс әсерін тигізеді. Жел, толқындардың мынадай 
параметрлері болады: биіктігі, жылдамдығы, периоды, көлбеулігі. Бұрғылау 
жұмыстары теңіз толқуы 2-3 балға дейін болғанда жүргізілуі мүмкін. Өте си-
рек 4 бал толқуда жүргізіледі, бірақ кеменің конструкциясына, теңіз түбінің 
рельефіне және сол аудандардың гидрометриялық жағдайына байланысты. Егер 
толқу 4-5 балдан асып кетсе, онда бұрғылау қондығысы ұңғылардан ажыраты-
лып, алынып кетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет