143
Ресей жағалауын шайып жататын теңіздер үшін (Жапон, Охот, Беринг, Ақ,
Баренцев, Татар бұғазы) толқын биіктігінің орташа қайталануы % есебімен мы-
надай болады: 1,25 м (3 балл) – 57%; 1,25-2 (4 балл) – 16%; 2-3 (5 балл) – 12,7%;
3-5 (6 балл) – 10%. Балтық, Каспий, Қара теңізде толқын биіктігінің орташа
қайталануы 93% , 3-5 м – 5%.
Теңіз акваториясында бұрғылау кезінде ауа
температурасының төмендеуі
өте қауіпті. Себебі қатып қалған бұрғылау негіздемелерін, құрылғыларды іске
келтіру көптеген уақыт және еңбек шығындарына әкеледі.
Одан басқа бұрғылау уақытын тежейтін – тұман, ол мұз жоқ кездерде
таңертең және түнгі уақытта байқалынады.
Геоморфологиялық шарттар
жағалаудың құрылысы, топографиясы және
топырағы, ұңғыманың порттар мен құрлықтан қаншалықты алыста орналасқаны
арқылы анықталады. Барлық теңіздердегі қайраң
табанының біртекті емес
аздаған қисығы болады.
Жағалаудан 300-150 м арақашықтықта изобаттар 5м-де болады, ал 20-60 км
арақашықтықта 200 м-де болады. Онда науалар, аңғарлар, ойпаттар болады.
Түптік топырақ шағын аумақта біртекті болмайды. Құм, саз, балшық, ра-
кушка, ұсақ жұмыр тастар, малта тастар астасып кездеседі.
Теңіз кен орандарында қатты тау жыныстарын меңгерудің бірінші сатысын-
да басты геологиялық зерттеудің объектісі ретінде 50
м-ге дейін тереңдіктегі
жағалау аудандары болып табылады. Ол арзан барлау және аз тереңдіктегі кен
орнындарды меңгеру, 50 м-ге дейінгі тереңдіктегі үлкен аумақтағы қайраңдармен
түсіндіріледі.
Геологтармен барланатын қайраңның негізгі аумағы 100 м-ден 25 км-ге
дейінгі қашықтықпен сипатталады.
Тау-кен геологиялық шарттар
ұңғымамен жанасатын негізгі күшпен және
т.б. физикалық-механикалық қасиеттерімен және қуатты құралдармен сипатта-
лады. Қайраңның түзілімдеріне валундары қосылған борпылдақ ұсақ жыныстар
жатады. Түптік шөгінділердің түзілімдерінің негізгі құрамдары ретінде батпақ,
саз және галькалар болып табылады. Әртүрлі қоспаларға: саз-құм, құмайттар,
құм-балшықтар жатады. Қиыр шығыс қайраңдары үшін түптік жыныстар:
балшық – 8%, құм – 40%, саз – 18%, галька – 16%, басқалары – 18%. Валун-
дар бұрғыланған ұңғымаларда 4-6% ұңғымалардың толық санында – 10-12%
кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: