Жалпылама түбімен соқпалы бұрғылау
жынысты қашаумен талқандап, же-
лонкамен талқандалған өнімді ажыратып, шлам түрінде жыныс үлгісін алу.
Шұқымалы бұрғылау әдісі
бұрғылау құралы керн қабылдауышпен
ауырлатылған құбырды снарядпен жалғастырып, забойға едәуір биіктіктен
лақтырылады, стакан жынысқа батырылады, содан соң снарядты жоғары
шығарып, кернді стаканнан алады. Стаканның жынысқа батырылу деңгейі
рейсте забойда снарядтың соғу энергиясына байланысты. Осы әдіспен теңізде
ұңғыманы бұрғылағанда, стаканды жынысқа батыру үшін 0,1;0,2 г соққы
энергиясын жеткілікті алу қиын, себебі бұрғылау құралы сумен толы ұңғыда
қозғалады, қозғалысқа қарсы үлкен гидравликалық қарсылыққа кездеседі.
Сондықтан теңізде бұл әдісті пайдаланбайды.
Теңізде
борпылдақ жынысты бұрғылуда
соқпалы бұрғылаудың ұрмалы
әдісін пайдаланып керн түрінде жыныс түрінде алады. Кернді іріктеп алу,
кернқабылдағышқа, сақиналы башмакпен жабдықталған, жыныс талқандаушы
рөл атқаратын аспаппен соққы беріледі.
Кернді іріктеуде оның шегенделген мұнарадан ұрмалы кернқабылдағышпен
шығару тапталған топырақ қабаттарынан іріктелген керндермен бірдей.
151
Сонымен, теңізде борпылдақ жыныстан керннің көбірек шығуы, бұрғылауды
нығыздау әдісімен шегенді құбырдың, топырақ шығарушының жынысқа
ендірілу жылдамдығы 0,02 м/с және 3-4% ға кем ұрғылау әдісінің шегендеу
құбырды және кернқабылдағыш ұрмалы құралды жынысқа ендіру жылдамдығы
0,16 м/с.
Алайда,
соқпалы-ұрмалы әдіс
барлау ұңғымаларын қажетті әртүрлі диа-
метрмен борпылдақ қатты, аралас жыныстарда бұрғылауға мүмкіндік береді.
Нығыздаумен бұрғылау тек диаметрі 0,108 м тек қана борпылдақ шөгінділерде
ұсақ тастармен көшінділерсіз экономика жағынан тиімді, сондықтан қортыланған
барлау ұңғыларын бұрғылау талаптарына сай келе бермейді (ГМТ).
Бұрғылаудың соққылау тәсілі
Бұрғылаудың соққылау тәсілін кернді алу әдісіне байланысты келесілерге
бөледі: тұтас түппен соққылау, сақиналы түппен алу және соққылап ұру не-
месе сақиналы түппен ұру болып табылады. Теңізде тұтас түппен соққылап
бұрғылауға өте қатты жыныстар, валундар кездескен жағдайда көшеді.
Көптеген барлау ұңғымаларын бұрғылаған кезде тау жыныстарының ең
түбіне (құрылымдық, топырақты барлау, көмір және т.б) енуге тура келеді.
Мұндай кернді тасбағандарды бұрғылау тек
айналу әдісімен
ғана мүмкін бола-
ды. Бұл – өнімді бұрғылаудың бір ғана жолы, жыныстардан сапалы, қатты және
мықты кернді тасбаған алуды қамтамасыз ететін әдіс. Кейбір жағдайларда ай-
налмалы әдіс инженерлік-геологиялық барлауда алмастырылмайтын әдіс болып
табылады, себебі ол табиғи физикалық-механикалық түрін бұзбай, жыныстар-
дан жұмсақ және қатты керн тасбаған тізбегін алуға мүмкіншілік береді.
Айналмалы бұрғылау тәсілі
Айналмалы және вышканың бойымен тік бағытта қозғалатын роторлармен
бұрғылау. Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырмалардың шайқалуы
кезінде айналмалы бұрғылаудың ең қиын түрі шпиндельді типті станоктар-
мен бұрғылау. Бұл тәсілде қолданылатын құрылғыларды орналастыру және
жинау теңіз жағдайлары үшін жарамсыз, өйткені жартылай батпалы бұрғылау
қондырғының станокпен, ал станоктың бұрғылау тізбегімен тығыз байла-
нысы шайқалу мен дрейф кезінде кронблок осінің ұңғыма осінен ауытқуы
себебінен құбырдың майысуы мен сынуы, бұрғылау снарядының түптен жиі
ажырауы, керннің жоғалуы мен бұзылуы, қажетті бұрғылау режимін ұстап
тұру мүмкіндігінің болмауын тудырады. Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау
қондырмалардан айналмалы бұрғылау тиімділігін көтеру үшін мамандар
бірқатар конструктивтік-технологиялық шешімдерді ұсынады.
АҚ «Дальморгеология» өндірісте жүзбелі бұрғылау қондырмалардан
бұрғылау үшін екі типті айналғыштар жасалып, қолданылуда: УРБ-3 бұрғылау
қондырмасының роторы негізінде жасалған ВМБ-5 және тік бағыттауыштарда
қозғалатын КГК-100 бұрғылау комплексінің айналғышы. Дрейф, жүзбелі
бұрғылау қондырғысының бүйірлік және тік шайқалуы болмаған жағдайда
бұл айналғыштардың бастапқы түрі жүзбелі қондырманың ротор және
152
бағыттауыштармен бірге тік бағытта бұрғылау снаряды бойымен кедергісіз
қозғалуға мүмкіндік береді.
Жүзбелі бұрғылау қондырғысының горизонтальды орын ауыстыруы мен
шайқалуының бұрғылау үдерісіне әсерін төмендету үшін ВМБ-5 (
Достарыңызбен бөлісу: |