154
айналу жиілігін 0-50 және 82-118 айн/мин және айналу моменті 5,20; 3,25; 2,25
кН·м шегінде қамтамасыз етеді. Бұл тәжірибелі сынаманы тәжірибеден өткізу
кезінде бірқатар конструктивті кемшіліктер табылды. Оларды ескере отырып,
станоктың жаңа түрі жасалды, онда бұранданың түйіндерінің компоновкасы
өзгертіліп, жылдамдықтар қорабы алынып тасталды, алайда бірсатылы редук-
тор екісатылыға ауыстырылып, зажимді патрондардың конструкциясы қайта
жасалып, орны ауыстырылды. Тұрақтандырушы құрылғысында екі каретка
да орналастырылып, көлденең штанга тұраққа шығарылды, ілу жүйесіндегі
тростар берік траверспен ауыстырылды. Бұның бәрі станок конструкциясын
қарапайымдап, оның беріктігін күшейтіп, салмағын 500 кг-нан көп азайтып, ай-
налу моментін 5,8кН*м-ге дейін жоғарылатты. Алайда бұл бұранда да өте үлкен,
ал оның тұрақтандырушы құрылғысы ыңғайсыз және жұмыста сенімсіз болып
шықты. Осындай бұранда орнатылған шегендеу құбыры ұңғыманы бұрғылау,
жуумен бұрғылау кезінде тұрақсыз. Ал құрғақ бұрғылаудың тиімділігі төмен әрі
үлкен қуатты қозғалтқышты қолдануды қажет етеді.
Айналмалы шегендеу құбырларында орнатылатын бұрандалардың ортақ
кемшілігі – әр рейс кезінде бұранданы жұмыс жағдайына келтіріп, ұңғымадан
алынатын шегендеу құбырларының резьбалы байланыстары айналмалы
бұрғылау кезінде қатты тартылатындықтан, оларды босатуға кететін уақыт пен
еңбек шығынының көп болуы.
Достарыңызбен бөлісу: