157
түріне, оның құрылысының күрделілігіне, қабаттағы көмірсутектердің көлеміне,
кеніштің орналасуына және де қоршаған ортаны қорғау жағынан берілетін
жағдайларға тәуелді.
Бұрғылаудың басты мақсаты өнімді қабат болса да, одан жоғары орналасқан
қабаттардың дұрыс ашылуы да маңыздылығы жағынан төмен емес. Көптеген
бұрғылау уақытындағы қиындықтар сол қабаттардан жиі кездеседі.
7.11.1 Бұрғылау қондырғылары
Әлемнің әр түкпіріндегі теңіздегі бұрғылау жағдайларына сай болу үшін
бұрғылау қондырғыларымен олардың түрлері әрқашан жаңартылып отырады.
Қазіргі уақытта қолданылатын бұрғылау қондырғыларының негізгі түрлері
келесідей:
Құрлықтағы
бұрғылау қондырғысы
Теңіз тұрақты платформаларындағы бұрғылау қондырғылары
Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылары
Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғылары
Бұрғылау кемелері
Бұрғылау баржалары
Көмекші
кемелер
Құрлықтағы бұрғылау қондырғылары
құрлықта және теңіздегі жасанды
аралдарда ұңғыманы бұрғылау үшін қолданылады.
Теңіздегі тұрақты платформаларындағы бұрғылау қондырғылары
жал-
пы пайдалану ұңғыларын бұрғылау үшін және өндіру ұңғыларында арнайы
жұмыстарды жүргізу үшін қолданылады. Бір платформадан бұрғыланатын
ұңғылардың жалпы саны ұңғылардың өнімділігіне, қабаттың фильтрациялық-
сыйымдылық қасиеттерімен кеніштің өлшемдеріне байланысты. Жалпы жағдай
бойынша ұңғы саны 40-50-ден аспайды. Көбінесе бұрғылау мұнарасы платфор-
мада орналасады және
керек уақытында демонтаждалып, ұңғы жұмыстарын
жүргізу үшін арнайы құрылғымен алмастырылуы да мүмкін.
Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғысы
өздігінен жүзбелі кон-
струкцияны құрайды. Оны пайдалану мерзімі, түрімен қондырғының специфи-
кациясына байланысты тереңдігі 60-тан 2500 метрге дейін баратын ұңғыларды
бұрғылауда қолданады. Ол еспелі винттер арқылы буксирленіп бір жерден басқа
жерге орын ауыстыра алады. Көптеген жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау
қондырғылар бір орында бұрғылауды тұрақты жүргізуі үшін айналасынан
шынжырлармен немесе арқандармен қатайтылады. Кейбір жаңа қондырғылар
бұрғылау кезіндегі нақты орынды қамтамасыз ету үшін, қозғалтқышпен және
тура навигациямен негізделген динамикалық позициондау тұрақтандыру
жүйесімен жабдықталады. Динамикалық позициондау тұрақтандыру жүйелерін
зәкірмен отырғызғанда көп уақытты және мол шығынды алып келтіретін терең
ұңғымаларды бұрғылауда қолданған жөн.
158
Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғылары
су астына тірелетін
конструкцияны құрайды. Оны теңіздің 20-дан 120 м дейінгі тереңдігінде
қолданады. Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұл
қондырғы бірінші қазылатын
нүктеге буксирленіп, содан кейін платформаның аяғы бұрғылау уақытындағы
тұрақты жағдайын қамтамасыз ету үшін суастына қатты бекітіліп түседі.
Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғылары, сонымен қатар негізгі
платформалар қасында қосымша көмектесетін кеменің де рөлін атқара алады.
Бұрғылау кемелері
деп үлкен салмақты көтере алатындай қабілеті бар
қондырғыны айтады. Осы кеме арқылы көптеген мөлшердегі қажетті материал-
дар алыс акваторияларға жеткізіледі, өйткені қосымша көмектесетін кемелер
бұл жағдайларда үлкен шығын алып келеді. Бұрғылау кемелері терең сулардағы
бұрғылау жұмыстарында кеңінен қолданыс табады.
Бұрғылау баржалары
асты бұрғылау мұнарасының
тұрақталатын жері
ретінде қолданылатын кеме болып келеді. Бұрғылау баржалары жалпы
бұрғыланатын нүктеге буксерленіп келіп, бұрғылау жұмыстарына кірісу үшін
су астына балласт арқылы батырылады. Бұл тектес бұрғылау қондырғылары
батпақтарда немесе тайыз суларда қолданылады.
Көмекші кемелер
көбінесе қайраң аумағында қолданыс табады, мы-
салы, Қиыр Шығыста немесе Венесуэллада, су тереңдігі саяз және терең
емес жерлерде әрі құны арзан платформаларды
қолдану тиімді болған
жағдайда қолданылады. Барлық платформадан бұрғылауға арналған қажетті
құрылғылармен жабдықталған көмекші кеме платформаның қасына зәкірмен
тоқтатылып тұрады. Көмекші кеменің орнын баржа немесе жартылай батпалы
бұрғылау қондырғысы ауыстыра алады. Бұрғылау жұмыстары аяқталған соң
көмекші кеме келесі платформаға бағытталады.
Теңіз мұнай және газ кен орнын жабдықтауға кететін шығындар күрделі
қаржылардың 50%-дан астамын қамтиды. Мұнай-газ кәсібіндегі платформа-
лар бағасы 1-2 млрд долларынан асады. Мысалға, қазіргі уақытта пайдалануда
жатқан Солтүстік теңізіндегі Тролль кен орнындағы терең сулы гравитациялық
платформаның бағасы 1 млрд доллардан асып түседі. Терең судағы жаңа маги-
стралды құбыр желісін салу үшін 1 км-ге 2-3 млн доллар шығын кетеді.
Қайраңды меңгерудегі әрбір жаңа қадам әр түрлі мәселелеріне, сәйкесінше,
өмірге жаңа техникалық шешімдер алып келді. Қайраңды меңгеру үшін
бірталай құралдар спектрі жасалынған. Олар техникалық,
геологиялық,
гидрометеорологиялық, экономикалық, саяси және тағы басқа жағдайларға бай-
ланысты жұмысқа таңдалынады. Сөйтіп, барлау және пайдалану ұңғымасын
бұрғылау, мұнайды өндіру жұмыстарын іске асыру үшін әр түрлі техникалық
құралдар қолданылады.
Қазіргі уақытта жаңа техника мен технологияны және теңізде мұнай-газ
құрылыстарын салу ауданындағы сәтті жұмыстар атқаратын инженерлік компа-
ниялар ішінде басты позицияларда «Браун & Рут», «Мак-Дермот», «Квернер»,
«Аккер», «Кеппел» және басқа компаниялар тұр.
159
Бұл салада Әзербайжан мемлекетінде үлкен тәжірибе жинақталған. Ги-
проморнефтегаз институты жобалап, терең сулы негіздерінің Баку зауыты
құрастырып, 10-нан астам метал платформаларын 100 м-ге жуық тереңдіктерде
орнатты. Қрымдағы газ кен орны үшін ВНИПИШельф Институты биіктігі
30 м-ге жететін платформалар құрастырды. Каспий
және Қара теңіздерінде
және Қиыр Шығыстағы Татар бұғазы арқылы диаметрі 500-700 м болатын
құбыржелісі салынған.
Қазіргі уақытта шетелдік және ресейлік компанияларымен мұзға шыдамды
тұрақты платформалар жобасы жасалып, іске асуда. Бұл кессон типті платфор-
малар біріншіден Сахалиндегі Пильтун-Астох кен орны және Пегор теңізіндегі
Приразломное кен орны үшін арналған. Жоба жасау арқасында Сахалиннің
басқа кен орнындары үшін мұзға шыдамды платформалар да дайындалуда. Қара
теңіз астымен Түркияға ресейлік газды тасымалдау үшін ерекше құбыр желісі
салынған.
Достарыңызбен бөлісу: