Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет70/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   274
7.8 а, б-сурет
).
а)
б)
7.8 а, б-сурет. Қайраңда мұнай-газ кен орындарындағы 
бағытты ұңғымаларды бұрғылаумен ашу
Соңғы кезде геологиялық мәліметтерді алу үшін грунтар (монолиттер) сы-
намаларын бұрғылап алып, олардың қасиеттерін ұңғыма бағанасында анықтау 
өте тиімді болып табылады, өйткені ол зерттеу нәтижелерін жылдам және сапа-
лы алуды қамтамасыз етеді.


149
7.9-сурет. Жынысқа шегендеу құбырларын батыру кезінде және керн 
ұрғыш снарядтың, ұрғыш керналғыштың жаңа конструкциялары-
мен алу кезінде орындалатын рейс үдерістерінің орындалу реті:
а – шегендеу тізбекті жынысқа батыру; б – ұңғыма түбіне кернқабылдағыш 
стаканды лақтыру; в – ұңғымаға лақтыру штангасын лақтырып жынысқа 
стаканды батыру; г – ұңғымадан штанганы алу және стаканды ұстауға 
ұстағышты тұралау; д – соққылау штанганы ұстағышпен ұңғымаға түсіру, 
стаканды ұстау және оны бетке шығару;
1 – шегендеу тізбек құбырлары; 2 – ұрғыш снаряд; 3 – кернқабылдағыш 
стакан; 4 – соққылау штангасы; 5 – бекітілген ұстағыш.
Көбінесе геологиялық қималары бет жағы борпылдақ жынысты, теңізде 
сумен қаныққан және бұрғымен ашқанда тұрақты, мықты емес болып келеді. 
Мұндай барлау ұңғымалары қандай мақсатпен бұрғыланса да оның түбін ше-
гендеу жұмыстары алдын ала іске асырылады.
Белгілі бұрғылау тәсілдерінің талдауы тұрақсыз жынысты акваторияда 
соққылама вибрациялық батырмалық әдіс борпылдақ жыныстарда алдын ала 
ұңғыманы құбырмен шегендеу арқылы жүргізіледі. Көрсетілген тәсілдермен 
бұрғыланылған борпылдақ жыныстардан алынған керн үлгісінің сапасы 
экспериментті сыналып және тәжірибеде дәлелденген. Шығарылған керннің 
моделдік сынағы шегендік құбырды соқпалы және вибросоққылау әдісімен 
жағалық аймаққа зонаға ендіру.
Сынаудың нәтижесінде төмендегі мыналар айқындалады:
1. Құбырды жынысқа соғып ендіргенде қабат формасы құбырдың ішінде 
және турфте өзгермейді, құбыр мен керн арасындағы бөлшек контактпен 0,35 м 
тереңдікке енеді. Вибрелендіруде жыныс қабаттары құбырдың ішкі және сыртқы 
бетімен қабаттасқанда құбырмен керннің арасында ендіру бағытымен араласып 


150
0,70 м тереңдікке кіреді. Сонымен, вибросоқпалы әдісте ауыр фракциялардың 
элементтері, соқпалыға қарағанда, көп жағдайда миграцияға бейім.
2. Құбырдың ішіндегі ендірілген жыныстар оны соққыш аспап, 
вибробалғамен соққандықтан тығыздалады. Бұрғыланып шығарылған 
жыныстың жалпы көлемінің, соқпалы әдістен вибросоқпалы әдіс 2,2 есе артық. 
Бұл свайлық тиімділіктің пайдалылығын және жыныстың өлшемінің құрғақ 
ұңғымада соқпалы бұрғылауда вибросоқпалыдан үлкенділігін дәлелдейді. 
Мұндай тұжырымдама Д. Н. Башкатов, Б. И. Гуменский, М. С. Комаров, Б. М. 
Ребрик зерттеулерінің нәтижесімен анықталады. Шегенделген мұнараны су-
дан тазартып бұрғылаудың тиімділігі шамалы, себебі тазаланғаннан кейін су 
бұрандалы жалғастыру арқылы мұнараны толтырады да, түбінен қосылады. 
Одан басқа, ұңғыда су деңгейімен салыстырғанда төмендеуі, гидростатикалық 
қысымның төмендеп кетуін қалыптастырып, осының әрекетінен, сулы гори-
зонтты бұрғылағанда мұнараға оның жыныстары тығыздалып, оның башмагы-
нан төмен геологиялық мәліметтерді бұрмалайды. Құбырды теңізде жынысқа 
соқпалы тәсілмен түсіргенде, құбырдан шыққан түп жыныстарының тығыздалуы 
және сығымдалу өлшемі тек құбырды рейстік тереңдетуден ғана емес түсіру 
жылдамдығымен байланысты болады. Экспериментте құбырдың мұнараларын 
суланған алевралитке тездетіп түсіру теңіз түбінен 3,5-4,5 м биіктіктен лақтыру 
арқылы тежелген лебедкада, ол лебедка тормызынан тежеледі, 0,02-0,03 м/с 
жылдамдық түсіру қолданылады. Құбырды жылдам түсіргенде мұнараның 
қозғалу жылдамдығы 1400 кг массалы болғанда 8-7 3-2 м/с кішірейген, ал 
колоннаның массасы 400 кг 7-6м/c кемиді.
Керінді алу әдісіне қарай соқпалы бұрғылау әдісі: жалпылама соқпалы 
түбімен, соқпалы-ұрмалы, жай соқпалы, сақиналы түбімен болып бөлінеді;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет