176
Жоба шеңберінде суасты мұнай өндірісінің барлық аспектілерін қамтитын
жабдықтар мен операциялар сынақтан өткен. Негізгі
пайдалану жабдығынан
(сағалық арматура, клапандар, тастау сызықтары және т.б.)
басқа зерттеулер
бағдарламасына бірқатар көмекші жүйелер (сепараторлар, электроэнергия
көздері, бақылау-өлшеу аспаптары және т.б.) мен операциялар кірген.
Жабдықтар мен операциялардың толық тізіміне:
- саға қондырғысы;
-
мұнай және газ сепараторлары;
- газды лақтыру жүйелері;
- қақпақтар жұмысын реттеу құрылғысы;
- бақылау-өлшегіш аспаптар және байланыс жүйесі;
- электрэнергия көздері және оларды тарату жүйелері;
- құбырлар және манифольдар;
-
арқан жұмыстары;
- водолаз жұмыстары;
- қосымша кемелер кіреді.
«Закум» суасты жүйесінің пайдалану жағдайлары қолайлы болады. Онда
судың тереңдігі 20 м аспайды және жабдықты орнату мен қызмет көрсету бо-
йынша операцияларды жүргізуге мүмкіндік берді. Одан басқа, негізгі жағалық
база жүргізілетін жұмыстар орталығына (Дас аралы) жақын орналасқан, ол пай-
далану жағдайларын жеңілдетеді. Алайда, «Закум» жобасының арқасында су-
асты операцияларын жүргізудің тәжірибесі жинақталды, ол үлкен тереңдіктер
мен пайдалану тәсілдері қатал жағдайларында пайдалы болады.
Достарыңызбен бөлісу: