177
ларымен тәжірибелік-өндірістік сынаулар және мұнай және газды өндірудің су-
асты жүйесін енгізу басталды. 1987 жылға қарай әлемнің әртүрлі аудандарында
суасты өндіру жүйесіндегі шамамен 450 ұңғы салынды. Олардың тек 15 ұңғы
«құрғақ түрдегі» жұмысқа енгізілді.
Соңғы жылдары шетел фирмалары, модульді түрдегі түп
маңы сағалық
құрылымнан бастап, суасты мұнайгаз кәсіпшілігінің жүйесінің толық кешеніне
дейін, суасты өндіру жүйелері мен жабдықтың құрылымдарының бірқатары жа-
салды.
Сонымен бірге суасты өндірудің артықшылықтары деп,
атмосфералық
жаңбырлардан жабдықты қорғау, навигациялық
және өрттік қауіптілік пен
жабдықтың бұзылуын азайту, кен орынды игеруге сатылап енгізу мүмкіндігін
айтамыз.
Кен орнындарды игерудің суасты жүйесінің негізгі кемшіліктері – суасты
кешендерге қатынас күрделілігі, жоғары маманданған қызмет етуші персо-
нал-акванавттар және сүңгуірлер қажеттілігі, сонымен бірге арнайы құрал мен
басқару жүйелерінің қажеттілігі. Арматураның тораптарына – ысырмаларға,
клапандарға,
берілу құрылғыларына, басқару және т.б. ерекше талаптар
қойылады. Арматураны жоғары коррозиялық арматураны қайсарлықты
болаттың арнайы маркілерінен жасайды.
Суасты өндірудің жабдығының сағалық құрылымдары сағалық арматураның
ашық және жабық орналасуымен болады. Ашық жүйелерде сағалық жабдықтауды
және жабдықтың мұндай түрін жөндеуді арнайы
аспапты қолданып арнайы
киімдегі маман-акванавттар жасайды. Жабық жүйелерде, ішінде атмосфералық
қысым немесе шамалы жоғарылау қысым болатын,
сағалық жабдық жабық
герметикалық камераларда орналасады. Атмосфералық қысымдағы камералар-
да жұмысшылар кәдімгі жұмыс киіммен жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: