7.13 Ұңғыманы бұрғылау кезінде еңбекті және қоршаған ортаны қорғау шаралары Бұрғылау қондырғыларымен жұмыс істеу біраз тәуекелден тұрады: онда
ауыр механизмдерді қолдану, үлкен блокты қондырғыны қолмен пайдалану
және қиын эксплуатациялық жағдайлар. Сондықтан еңбекті және қоршаған ор-
таны қорғау (ЕҚОҚЖ) жүйесі бұрғылау жұмыстарына қажетті және айырылмас
бөлшегі болып келеді. Күннен күнге персоналды тәжірибеден өткізіп, үйретіп,
оқытқанның арқасында олардың білім деңгейі ылғи көтерілу үстінде. Ең басты-
сы ұңғымаларды бұрғылау жұмысындағы қиындық сұйықтық пен шламдардың
қалдығы болып табылады. Операторлардың көңілдері қалдық мөлшерін азай-
тып немесе химиялық реагенттердің токсикациялығын төмендетуде болуы тиіс.
Оған шламды ұңғыма түбінен жоятын, шламға инертті сипат беріп цементтейтін,
шламды арнайы белгіленген қабатқа айдайтын, экологиялық таза сұйықтықты
қолданатын қондырғысы қызмет етеді. Қолданылған бұрғылау сұйықтығы
қоршаған ортаны бүлдірмеу мақсатында қайта қондырғыға түсіп, тазартылып
шығарылады.
Экологиялық тапсырмалар құрылыс орнына байланысты өзгеріп тұрады.
Мысалы, тұз ертінділері жалпы бұрғылауда кедергі келтірмейді. Бірақ жақын
жерде ауылшаруашылығымен айналысатын аудан болса, экологияға ол пробле-
ма алып келеді. Сондықтан да құрылыс алдында айналадағы қоршаған ортасын
зерттеп біліп, қандай ертіндіні таңдау керектігін қарастырған жөн.
Көбінесе токсикалық ерітінділерді қолданғанда бұрғылау жұмысы тез және
тиімді жүреді. Келесі жағынан қарағанда тиімді болса, ол тағы да жасаған қалдық
мөлшерін азайтады. Бұл жөнінде сұрақтар өте қиын және әрқашан қаржының
шығынына байланысты бола бермейді.
170
Бақылау сұрақтары: 1. Теңізде бұрғылау ерекшеліктері неде ?
2. Теңізде қандай бұрғылау түрлері кездеседі?
3. Теңіз бұрғылау қондырғылары не үшін қажет?
4. Қазіргі кездегі бұрғылау тәсілдері.
5. Теңіздегі барлау ұңғымаларын бұрғылаудың тиімді тәсілдері.
6. Бұрғылау кезінде ұшырайтын қиындықтар.