Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Ұңғымалардың сағалық жабдықтарының түрлері



Pdf көрінісі
бет86/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   274
8.2.2 Ұңғымалардың сағалық жабдықтарының түрлері
Жүзбелі бұрғылау қондырғыларынан (ЖБҚ) ұңғымаларды бұрғылау 
кезінде сағалық жабдық теңіз бетіне байланысты әртүрлі орналасуы мүмкін. 
Сағалық жабдық пен олармен байланысты конструкцияларды орналастырудың: 
платформадағы суүсті, арнайы платформадағы тірексіз суүсті және суасты 
тәсілдері қолданылады. 
Осы жағдайлардың әрқайсысы белгілі бір артықшылықтар мен 
кемшіліктерге немесе шектеулерге ие. 
Суүсті платформасы
 
сағалық жабдықты теңіз бетіне орнату үшін 
қолданылады. Мұндай орналасуда жабдықты бақылау мен жөндеу қиын да, оны 
құрастыру бағасы мен уақыты үлкен де емес. Суасты жиынтыққа қарағанда, аса 
күрделі емес жабдығы бар суүсті жиынтығын дайындау оңай. 
Суүсті платформасы бар сағалық жүйені қолдану теңіз тереңдігі мен 
бұрғылау ауданының метеорологиялық жағдайларымен шектеледі. Теңіздің 


178
үлкен тереңдіктерінде суүсті платформалы ЖБҚ (БК, ЖБ ЖБҚ) ауытқу салдары-
нан бұрғылау, субөлгіш бағаналарға тік және көлденең күштер түсіруге болады. 
Арнайы платформаға сағалық жабдықты тірексіз суүсті орналастыру-
да субөлгіш бағана ЖБҚ-на дейін жеткізіледі және бұрғылау стационарлы 
теңіздік қондырғылардағыдай жүреді. Бұрғылау аяқталғаннан кейін ұңғыма 
жабылады, ал субөлгіш бағана арнайы қамал көмегімен түптен ЖБҚ борты-
на көтеріледі. Егер ұңғыма өнімді болса, ол арнайы превенторлар көмегімен 
теңізден оқшауланады, ал субөлгіш бағананың жоғарғы бөлігі ажыратылады. 
Ұңғыманы осылай орналастыру су бетінен суасты сағалық жабдығынсыз 
ұңғыманы қарапайым жүргізуге мүмкіндік береді. Одан басқа, ерекше зәкірленген 
алаңдар көмегімен ұңғыманың төмендегідей суасты пайдалану мүмкіндігі бар.
8.5-сурет. Сағалық жабдықтың алаңға тірексіз суүсті орналастырылуы:
1 – зәкір, 2 – субөлгіш колонна, 3 – керілмелі су бөшкесі; 4 – жеке-
ленген қосылыс, 5 – бағананың ажыратылатын бөлігі; 6 – дис-
танционды превентор; 7 – байытты созынды
Суасты орналасу
 
ұңғыманы бұрғылау мен аяқтауға және тиімді сүңгуірлі 
тиеу (су бетінен 15-30 м төмен тереңдікте) шегінде суасты сағалық жабдықты 
орнатуға мүмкіндік береді. Суүсті жүйесімен салыстырғанда, бұл әдіс толқындық 
жүктеменің төмендеуі мен конструкция өлшемдерінің қысқаруы арқасында 
әлдеқайда үнемді. Суасты жабдығын қамтамасыз ету мен жөндеу донналы сағасы 
бар жабдықты қамтамасыз ету мен жөндеуге қарағанда қымбатырақ болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет