Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Суасты технологиясының сенімділігі



Pdf көрінісі
бет83/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

8.1.2 Суасты технологиясының сенімділігі
Теңіз қайраңында сенімділікті қамтамасыз ету мәселесі – суасты техноло-
гиясын қолдануда ең маңыздысы болып табылады, өйткені суасты жабдықты 
инспекциялау қиын, ал оған қызмет көрсету немесе оны алмастыру үлкен 
шығындарға әкеліп соғады. Осымен қатар, суасты жабдықтарынан бас тарту 
қоршаған ортаның жағдайына үлкен әсер етеді. Сондықтан да онда суастында 
игеруге кеткен қаржыны қайтаруды қамту керек.
Суасты үдерістерін минимумға келтіру үшін инспекция жөндеуге немесе 
алмастыруға суасты жабдықтар компоненттерін алуды қамтамасыз ету маңызды 
болады. Осыған байланысты өнімнің үздіксіздігіне кепілдік бола алатын, суасты 
жүйелерге дубілдеу принципін енгізу қажет. Сондықтан модульді жүйелер стан-
дартты компоненттерді қосумен жобалау арнайы сынамалар өткізу және сапа-
сын қатаң бақылаумен дайындалу қажет.
Бір сөзбен айтқанда, суасты жүйелердің сенімділігін қамтамасыз ету үшін 
творчествалық ізденулерді пайдаланып, жаңаша шешім қабылдап, кейінгі жаңа 
техника мен технологияларды қолдану қажет. Онда ұраны – қарапайымдылық, 
ал мақсаты – сенімділік болғаны жөн.
8.3-сурет. Суасты пайдалану кешені


175
8.1.3 Суасты құрылғыларының қызмет көрсетуі
Жоғарыда айтылғандай суасты жабдықта қызмет көрсету мәселесі оның 
сенімділігін қамтамасыз етумен тығыз байланысты. Суасты не болмаса басқа да 
жүйелерге қызмет көрсету бір принциптерге негізделеді. Модульді жүйелерді 
қолдануда сынақтан өткен компоненттерді қолдануды ұсынады, өйткені онда 
оларды алуға және жаңалармен ауыстыруға мүмкіншілік береді. Бірақ, кез кел-
ген жүйеде тек бір кен орынға тағайындалған компоненттер болады. Олар алын-
байды және кен орынды игерудің барлық кезінде қызмет көрсетеді. Онда басқа 
жүйелер бұзылуы мүмкін.
Осындай жағдайларда екі жол бар. Бірінші жол – суасты жүйесінде осы 
компоненттердің жоғарғы сенімділігін қамтамасыз ету. Екінші жол – жүйені жо-
балау кезінде бір компонент істен шыққанда оның функциясын басқа компонент-
тер орындай алатындай жасау. Олардың рентабельдігін талдау нәтижелерімен 
қатар қолдану мәселелерін шешу кезінде ескерілуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет