Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Бағыттаушы арқансыз суасты саға жабдықтары



Pdf көрінісі
бет94/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   274
8.5 Бағыттаушы арқансыз суасты саға жабдықтары
Теңіздегі терең мұнайжәне газ кеніштерін игеру, суасты саға жабдықтары кон-
струкцияларын жетілдіруді және олардың жаңа түйіндерін жасауды, әсіресе теңіз 
қадаушаларын жетілдіруге мәжбүр етті. Мысал ретінде Камерон фирмасының 
бағыттаушы арқансыз суасты саға жабдықтары 
8.10-суретте
көрсетілген. 
Жүйеде бағыттаушы негіз (15), превенторлар және жоғары цангалық қосылыс 
муфта блоктарының (10) конструкциясы, оларды сонарлы келтіру жүйесімен /
оның ішінде сонар, телекамера, индикаторлы биіктік өлшегіш және жоғарыға 
орнатылған есептеу құрылғысы бар/ қолдануға мүмкіндік береді.
Превенторлар блогы құрамына төменгі цангалық қосылыс муфта (13), 
қыстырмалы первенторлар (17) және гидравликалық басқару жүйесіндегі басу 
және штуцерлік желілерін қосуға арналған қабылдау төлкесі бар қабылдағыш 
тақта кіреді. Бұл желілер жоғарыдан, алыстан басқарылатын қабылдау төлкелері 
бар қауіпсіз клапандармен жабдықталған.
Қабылдаушы түйіннің құрамына: төменгі қадауша түйіні, превентор (20), 
шар тәрізді қосылыс (9), қадаушаның қосқыш бөлшектері және оның вертлюгті 
телескоптық, 360
0
айналуды қамтамасыз ететін түйіні (18) кіреді.


193
8.10-сурет. Бағыттаушы арқансыз суасты саға жабдықтарының үлгісі
1 – бұрғышы басқару панелі; 2 – электроқондырғы; 3 – батареялар блогы; 
4 – бөлектейтін қондырғы; 5 – орталық басқаоупанелі; 6 – аккумляторлық 
батареялар блогы; 7 – элктрокоммуникациялық және күштік кабельдер лебед-
касы; 8 – коммуникациялық және күштік кабельдер; 9 – шарлық қосылыс; 
10 – жоғарғы цангалық қосылыс муфтасы; 11 – әмбебап первентор; 12 – сақтық 
клапаны; 13 – төменгі цангалық қосылыс муфтасы; 14 – бағыттаушы воронка; 
15 – бағыттаушы негіз; 16 – акустикалық басқару үшін шағылдырғыш және 
амульсті қабылдап-беруші; 17 – қыстырмалы первентор блогы; 18 – вертлюг; 
19 – басқаратын молифольд жүйесі; 20 – цилиндрлік превентор; 21 – штуцерлік 
басу желісі; 22 – сұйық беретін қосымша желі; 23 – апаттық гидравлика 
шлангісінің лебеткасы; 24 – диверторды басқаратын күштік қондырғы панелі
Аккумуляторлар, электрогидравликалық, гидравликалық немесе мульти-
плекстік басқарушы құрылғылары қосқыш цангалы муфтаның айналасына 
тұрақты, шоғырлана монтаждалған. Мұндай конструкция қосқыш цангалы муф-
таны (10) ашу арқылы, қадаушаны тез ашуды қамтамасыз етеді, нәтижесінде 
қадауша превентор блогынен ағытылады. Жүжбелі бұрғылау қондырғыларына: 
электрокоммуникациялы және күштік кабель летедкалары (7), аккумуляторлық 
батареялар блогы 6, орталық басқару панелі (5), бөлгіш қондырғы (4), батареялар 
блогы (3), электорлі қондырғы (2), бұрғышының басқару панелі (1), диверторді 


194
басқаратын панельді қондырғы (24), гидравликалық шлангінің апаттық лебед-
касы (23), жұмыстық сұйықты айдауға арналған қосымша желі (22) тұрақты 
орнатылған.
Суасты саға жабдықтарын монтаждау, теңіз түбіне тірек тақтасын, 
бағыттаушы негізді (15) немесе тірек тақтасымен бағыттаушы негізді біріктіріп 
түсіруден босатады. Түсірер алдында тірек тақтасына, шеттеріне сонар 
шағылдырғыштары орнатылған, қайырмалы кронштейндер (16) бекітіледі. Бұл 
кронштейндер шахта арқылы өту кезінде жинақы түрде болып, өткеннен кейін 
ашылады.
Тірек тақтасымен бағыттаушы негізді орнатып болғаннан кейін, ұңғыманы 
762 мм фудаменттік тізбек орнын диаметрі 914 мм қашамен бұрғылауға кіріседі. 
Фундаменттік тізбекті түсіріп оның төменгі шетін теңіз табанымен қосады және 
тізбекті сағаға дейін цементтейді. Онан кейін диаметрі 508 мм немесе 476 мм 
тізбек үшін қазады, тізбекті оның соңғы секциясына 425 мм сағалық жалғап 
түсіреді. Тізбек түсірілгеннен кейін сағалық ұш автоматты түрде алдыңғы 762 
мм фудаменттік тізбектің сағалық ұшына тұйықталады да тізбек цементтеледі. 
Онан кейін превенторлар блогын түсіреді.
Бұл жұмыстар кезінде түсірілуші жабдықтың төменгі бөлігінде орналасқан 
сонар (1) (
8.11-сурет
) мен телекамера, теңіз табанында орнатылған бағыттаушы 
негіздің қайырмалы кронштейндеріндегі шағылдырғыштарға (2) сигналдар 
жіберіледі.
8.11-сурет. Бұрғылау аспабын тірек тақтасына енгізу үлгісі 
1 – сонар; 2 – шағылдырғыштар
Бұрғылау кемесінің басқару бөлмесіндегі телекамералар, түсірілуші түйінді 
экранда бейнелеуге мүмкіндік береді.
Түсірілуші түйіннің төменгі бөлігіндегі бағыттаушы воронка (конус) (14) 
(
8.10-сурет
) түйннің бағыттаушы негізбен бірігуіне көмектеседі.
Сонар мен телекамерадан алынған біріккен мәліметтер тиянақты бірігуді 
100 мм шамаға дейін қамтамасыз етеді. Бұдан соң цангалы гидравликалық 


195
муфтаның көмегімен түсірілген атқылауға қарсы қолданылатын жабдық блогы 
бағыттаушы негізбен қосылады және сонарды телекамерамен көтереді. Сонан 
кейін теңіз қадаушасы төмен түсіріледі және цангалы гидравликалық муфта 
тұсына келгенде, қадаушаның төменгі бөлігінде превенторлар блогыне бекітілген 
муфта бірігеді және арнайы құрылғы-вертлюгпен қосылады. Бұл түйіндерді 
қосқаннан кейін, қадауша муфтамен барлық гидравликалық қосылыстардың 
және штуцерлік желі мен басу желісіндегі төлкелердің бірлесуіне дейін 
бұралады. Бұдан кейін муфталар мен төлкелерді төменгі қадауша түйінінің 
сақтандырғыш базалық тақтасы арқылы өткізеді және превенторлар блогының 
жоғарғы бөлігіндегі қабылдау тақтасына қосады.
Суасты сағалық жабдық кешенін үлкен теңіздің үлкен тереңдіктерінде пай-
далану шарттарына сәйкес қажетті түйіндер конструкцияларын жасап шығару 
талап етілуде.
Қадауша мен превенторлар блогынің жоғарғы шарлы әмбебап қосылысы 
4540 кН жүктемеге, теңіз тереңдігі 1829 м есептелген. Бұл қосылыс конструкция-
сы жұмыс істеу кезінде шар мен гильзаның түйістірмелі беттері, қосылыстың 
тек герметикалық жағдайын қамтамасыз етеді, ал жүктемені арнайы DW типті 
топсалы қосылыс қабылдайды.
Телескопиялық түйін тік бағытта ауысуды 18,3 м дейін қамтамасыз 
етеді. Қадаушаның салмағын жеңілдету үшін, оған қалытқылы материал не-
месе жүзбелі понтондар жалғануы мүмкін. Суасты саға жабдығы кешені 
апаттық ажырату жүйесімен қамтамасыз етілген, ол үшін қадаушаның төменгі 
секциясының қарама-қарсы жақтарына кронштейндер пісірілген, олардың 
шеттерінде диаметрі 508 мм апаттық ажыратқыш конустарымен, қабылдау 
ұштары орналасқан. Апаттық ажыратуды немесе қосуды іске асыру үшін, со-
нармен және шеті телекамерамен жабдықталған арнайы аспап түсіріледі. Суас-
ты сағалық жабдықтар кешенінде көп сатылы электрогидравликалық алыстан 
басқару жүйесі және апаттық акустикалық жүйе қолданылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет