191
Сонан кейін теңіз қадаушасының секцияларын жалғастырады және соңғы
секцияға сығылған түрде телескопты түйін жалғанады.
Қадауша мен атқылауға қарсы қолданылатын
жабдықтың жиынтығын
монтаждық спайдерге асып, түсіретін аспапты ажыратады. Кранмен жуу сұйығы
құйылыс ауытқышын жеткізеді, түсіру аспабын жалғайды, көтереді, орналасты-
рады және ауытқышты телескопты түйіннің ішкі ниппельдік /конустық/ бөлігіне
бекітеді. Бұрғылау тізбегі компенсаторының ілмек траверсін шеткі төмен
жағдайға орнатады және пневмогидрожүйеге қысым жасайды. Бұл жағдайда
тартылу күші теңіз қадаушасының массасынан жоғары болуы тиіс.
Онан кейін тарту арқандарынан телескопты түйіннің қозғалмайтын
бөлігіне бекітеді, қадауша мен атқылауға қарсы қолданылатын жабдықтың
жиынтығын, тәл бөлігін компенсатордың жарты жүрісін алғанша түсіреді және
уақытша гидромуфталы сағалық ұшты диаметрі 762 мм бағыттаушы тізбектің
сағалық ұшымен жалғастырады. Сонан кейін бағыттаушы арқандардың бо-
сандау жерлерін тартып, теңіз қадаушасының тарту құрылғысын іске қосады,
бұрғылау тізбегі компенсаторның жүгін жеңілдетіп, телескопты түйіннің ішкі
құбыр бекіткішін босатады, оны ротор астындағы аралықтарға көтереді және
құйылыс ауытқышпен ротор астындағы арқалықтарға тарту күшімен бекітеді.
Бұдан кейін басқару желілерін құйылыс ауытқышына және телескопты түйіннің
тығыздауыш құрылғысына жалғап, түсіру аспабын босатады және қорғаныс
төлкесін түсіреді, телескопты түйінге бұрмалық құбыр және сұйықпен тол-
тыру желісін жалғастырады. Сынау аспабын
бұрғылау құбырлары су асты
сағаға отырғанша түсіреді, қыстырмалы превенторды жабды, жұмыс сұйығын
гидробасқару жүйесіне беру арқылы қосылыстардың герметикалық жағдайын
тексереді және түсіру тізбегін сынау аспабымен жоғары көтереді.
Сонан кейін бұрғылау аспабын жинап, оны 508 мм сағалық тізбегін қазу үшін,
диаметрі 660 мм қашаумен ұңғыманы жобалық тереңдігіне дейін бұрғылайды.
Бұрғылау аспабын жоғарыда жазылғандай кері тәртіпке көтереді, теңіз
қадаушасын, уақытша сағалық ұшты және атқылауға қарсы қолданылатын
жабдықтың блогын ажыратады, сағалық тізбекті түсіреді,
оның соңғы
секциясына сағалық ұшты жалғап, цементтейді. Бұдан кейін теңіз қадаушасы
мен атқылауға қарсы қолданылатын жабдықтың блогын (
8.13-сурет
) жинауға,
түсіруге және орнатыға кіріседі. Бұл жағдайда атқылауға қарсы қолданылатын
жабдықтың блогын гидравликалық муфта (3) арқылы 508 мм сағалық тізбектің
сағалық ұшына бекітеді.
Ұңғыманың диаметрі 340 мм бірінші аралық тізбек орнының оқпанын
бұрғылауды жалғастырады. Атқылауға қарсы қолданылатын жабдықтың блогы
арқылы 340 мм шегендеуші тізбекті түсіреді. Аралық тізбектің соңғы секция-
сына сағалық ұшты (1) жалғайды. Бірінші аралық тізбекті жобалық тереңдікке
түсіргеннен кейін, оны цементтейді.
Одан кейін түсіру аспабын ағытып, көтереді, диаметрі 350 мм жұмыстық
қысымы 70 МПа превенторлар блогы мен 406 мм теңіз қадаушасын түсіріп,
орнатады. Осыдан кейін диаметрі 340 мм сағалық ұшқа (2) қорғаныс төлкесін
түсіріп, бекітеді және ұңғыманы 311 мм қашаулармен диаметрі 245 мм екінші
192
аралық тізбек орнын бұрғылауға кіріседі. Атқылауға қарсы қолданылатын
жабдықтың өту тесігінің диаметрі 311 мм қашауларды өткізуді қамтамасыз
етеді және атқылауға қарсы қолданылатын жабдықтар мен теңіз қадаушасы
арасындағы
сақиналық саңылауды азайтып, жуу сұйығының көтерілу ағыс
жылдамдығын жоғарылатады.
Екінші аралық тізбекті жобалық тереңдікке түсіріп цементтегеннен кейін,
сағалық үш тұрқынан диаметрі 340 мм қорғаныс төлкесін шығарып, бұрғылау
құбырларымен сынау аспабын түсіреді және оны диаметрі 245 мм асылатын
ұштың (3) конустық ұясына отырғызады, бір превентордың қыстырмаларын жа-
бады және басу желісі арқылы сынау сұйығын айдайды. Егер қысым төмендесе
тығыздауыш құрылғыны 2 бұрап қатайтады немесе ауыстырады. Сонан кейін
қайтадан диаметрі 340 мм қорғаныс төлкесін түсіріп, диаметрі 173 мм тізбек
(жасырын құбырлар) орнын бұрғылауға кіріседі. Жасырын құбырлар тізбегін
түсіріп цементтегеннен кейін, 168 мм (146 мм немесе 127 мм) пайдалану тізбек
орнын бұрғылауға кіріседі.
Пайдалану тізбегін түсіріп, цементтегеннен кейін теңіз қадаушасы мен пре-
венторлар блогын ажыратады. Онан кейін бұрғылау құбырларымен қаптаждық
құрылғы түсіріледі және оны сағалық ұшқа орнатады. Бағыттаушы арқандарға,
арқандардың шеттерін бағыттаушы
тіректермен байланыстыратын, штифттер
кесілгенше тарту күші беріледі. Арқандарды көтеріп, палубаға бекітеді. Ұңғыма
құрылысы аяқталғаннан кейін, оған ұңғыма номері көрсетілген, тану белгілері
бар буйлар (қалытқылар) орнатылады.
Достарыңызбен бөлісу: