Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


 суасты саға жабдықтарын басқару жүйелері



Pdf көрінісі
бет96/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

8.7 суасты саға жабдықтарын басқару жүйелері
8.7.1 Суасты саға жабдықтарын алыстан басқару жүйесі
Суасты саға жабдықтарын алыстан басқару жүйесі – бұл суасты саға 
жабдықтарының құрамдас бөлігі. Ол суасты превенторларын жоғарғы қысымдық 
ысырмаларды, жалғастырушы муфталарды және т.б. ашып-жабуды алыстан 
басқаруға негізделген. Бұл жүйелер суасты саға жабдықтарының күрделі бөлігі, 
бұның жұмысының тиімділігі бұрғыланып жатқан ұңғының газ, су, мұнай пайда 
болған кездегі бақылау мен басқаруға байланысты болады.
Қазіргі кезде алыстан басқарудың екі жүйесі қолданылады: гидравликалық, 
ол теңіз тереңдігі 610 м-ге дейінгі аралықта; электрогидравликалық 
(мультиплексті), 610 м тереңдіктен жоғары болған жағдайда. Одан басқа 
алыстан басқару жүйесінің құрамында акустикалық алыстан басқару жүйесі 
қолданылады. Ол апаттық жағдайларға арналған лақтыруға қарсы жабдықтар 
мен басқару байланысын қамтамасыз етеді. Акустикалық сигналдар жүзбелі 
бұрғылау қондырғысында және суасты саға жабдықтары блогында орналасқан 
грифондармен жіберіледі және қабылдайды. Акустикалық жүйенің орындаушы 
бөлігі код оқитын қондырғының гидрофонынан және орындаушы механизмінен 
тұрады.
8.7.2 Суасты саға жабдықтарын басқарудың гидравликалық жүйесі
Гидравликалық басқару жүйесі мынадай бөліктерден тұрады
* негізгі басқару панелі (7), бұрғылаушы постында орналасқан; көмекші 
басқару панелі (1), бұрғылау жұмысы алаңынан басқа жерде орналасады;
* гидравликалық күш қондырғысы 10;
* электрлік күш блогы, жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғысы 
және бұрғылау кемесінің бас палубасында орналасады. Блок жарылу қаупі 
жоқ жерде орналасады және басқару, сигнализация органдарын электро-
энергиямен қамтамасыз етеді;
* көп каналды суасты шлангасы (15) және лебедка (13);
* суасты коллекторы, басқару каналы (6), лебедка (14) және коллекторды 
көтеріп-түсіруші арқанымен (17) болады.


200
Жүзбелі бұрғылау қондырғысына әдетте екі гидравликалық басқару жүйесін 
орнатады, оның біреуі көмекші болады. Негізгі және көмекші басқару панелдері 
мынадай объектілермен алыстан басқаруды қамтамасыз етеді:
• әмбебап және плашкалы превентор;
• манифольд ысырмасы;
• блок превенторларының жалғастырушы муфтасы теңіз тұғыры;
• кілттеу қондырғысы және плашкалы превенторлардың гидравликалық 
құлыптары;
• суасты коллекторларын кілттеу;
• теңіз тұғырының шарнирлі бірігуіне жағатын май беру;
• суасты коллекторындағы селектор және реттеуші канал;
• жүйенің жұмысын және параметрлерін бақылау;
Гидравликалық күш қондырғысы және басқару блогы:
• басқару панелінен сигналдар қабылдап оларды командаға айналдырады, 
оны суасты коллекторына шлангі бойынша жұмыс сұйығы жеткізіледі. 
Жұмыс сұйығы селектор командасы бойынша таңдалған басқару 
командаларының біреуімен жіберіледі;
• әмбебап превентордағы қысымды өзгерту үшін реттегіш клапанға бұйрық 
береді;
• басқару панеліне бұйрықтың орындалғандығы туралы жауап сигналын 
жібереді және жоғарғы қысымды сораптың көмегімен гидроаккумулятор-
ды зарядтайды;
• бақылау приборларына мәліметтерді бере отырып жүйенің жұмысына 
жұмыс сұйығын дайындайды және жүйедегі параметрлерді өлшейді.
Көп каналды суасты шлангісі үлкен диаметрлі бір орталық каналдан 
тұрады, ол су асты коллекторына жұмыс қысымын береді және саны сәйкесті 
кіші диаметрлі каналдардан тұрады, олар су асты коллекторындағы басқарушы 
клапанға сұйық арқылы команданы жеткізеді.
Суасты коллекторы:
• жоғарғы қысымды жұмыс сұйығын превенторлар блогының жұмыс 
органдарына бағыттайды, реттеуші клапанның көмегімен превентор 
цилиндріндегі қысымды түсіреді (бұрғылау аспабының ары-бері жүрісі 
кезінде);
• коллектор өзекшесін превентор блогына отырғызу кезінде барлық канал-
дарды байланыстырады және бекітеді;
Шлангі барабаны су асты коллекторына негізгі команданы жеткізу үшін та-
ратушы каналдармен жабдықталған. Жоғарғы жұмыс қысымы барабанға және 
гидравликалық шлангі 12 бойынша гидравликалық вертлюг арқылы беріледі. 
Барлық басқару панелінің электр аспаптары және гидравликалық коллекторы 
вибротұрақты және ылғал қаупінен, жарылыс қаупінен сақталған жағдайда 
қолданылады.


201
Бас басқару панелі гидравликалық, электрлік немесе пневматикалық әрекетті 
болуы мүмкін. Панелден шығатын сәйкесті командалар гидравликалық, электрлі 
және пневматикалық сигналдармен негізгі гидравликалық күш қондырғысына 
(гидротаратқыш) жіберілуі мүмкін, гидротаратқыш өз кезегінде ол сигналдарды 
гидравликалық импульстерге айналдырып, су асты клапандарына береді.
“Shaffer” фирмасының суасты саға жабдықтары басқармасының “Koomey” 
гидравликалық жүйесі 3000 фут (1 фут = 0,3048 м) тереңдікке дейінгі суларда 
бұрғылау кезінде ғана тиімді. “Koomey Pressure Bias Control” жүйесін қолдану 
кезінде 5000 фут тереңдікке дейінгі суларда бұрғылауға болады. “Koomey” 
басқару жүйесі су асты жұмысының қиын жағдайларына есептеліп жасалған. Әр 
элементтің конструкциясымен материалы қатаң таңдау мен сыннан өткізіледі. 
Содан соң толықтай жиналған конструкциялы жүйе сапа бақылау методикасы 
бойынша әр жақты қатаң сынақтан өтеді.
“Shaffer Pressuer Bias Sistem” басқару жүйесіндегі басқару желілерінде ал-
дын ала қысым туғызу әдісін қолданады және Биас Саквэнс Валв атты жеке 
конструкциялы клапаны болады. Бұл басқа басқару желілерімен салыстырғанда 
әсер ету жылдамдығын тездетеді. Гидравликалық энергияның қорын жасау үшін 
суасты саға жабдықтарын басқару жүйесінде электро- және пневможетекті, 
аккумулятор сыйымдылығына және манифольдке орнатылған басқарылатын 
өртке қауіпсіз стартері және ажыратқыш жабдығы бар қосарланған со-
рап қолданылады. Сораптар сору және айдау желілеріне орнатылған үлкен 
сүзгілермен жабдықталған. Араласқан сұйықтық сыйымдылығында автоматты 
басқарылатын араластырғыш, деңгей датчигі және апаттық сигнализатор ба-
рынша төмен деңгейде орналасқан.
Манифольдте сенімді басқаратын золотникті таратқыш және жеңіл 
басқарылатын реттегіштер болады. Қысымды үлкен екі жақты шкаласы бар ма-
нометрлер көрсетеді. Алыстан басқару үшін қолданылатын соленоидті клапан-
дар, қосқыш құрылғылар мен өзгерткіштер өртке қауіпсіз қорапта орналасқан. 
Манифольдте бұдан басқа тоттанбайтын болаттан жасалған құбыршалық орама 
және басқару жүйесіне арналған жұмыс сұйығы орналасқан аккумуляторлық 
сыйымдылықтар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет