Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


 ABB Vetco Gray фирмасының мұнай және газды өндірудің су



Pdf көрінісі
бет95/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   274
8.6 ABB Vetco Gray фирмасының мұнай және газды өндірудің су 
асты жүйелері
ABB (Asea Brown Boveri) Vetco Gray (Ветко Грей) (USA) фирмасының 
мұнай мен газды өндірудің суасты жүйелеріне, ұңғы-серіктер үшін де, со-
нымен бірге, түптік плитада монтаждалатын және пайдалану құралдарымен 
шығарғыш линияларымен байланысқан, барлау және өндіру ұңғылары үшін де 
теңіз түбінде ұңғыны аяқтау кіреді. (суасты жүйенің және оның тораптарының 
түсті суреттерін қара).
Фирма бұл өндіруші жабдықтың жасалуын, агрегатталуын және сыналуын 
орындайды. әрбір жауапты жүйелердің бірнеше түрінің тораптарының болуы, 
жеке ұңғылардың талаптарына сәйкест келетін, жүйе жабдығының бірігуін 


196
жасауға мүмкіндік береді. Тиімділік принциптеріне сәйкес, суасты жүйелер, 
бастапқы өндіруді жеңілдетіп және көлбеулі-бағытталған бұрғылау әдістерінің 
қажеттілігін азайтып, қабаттың сыртқы шекараларына дейін өндіру және аяқтау 
аумағын ұлғайтады. Бұл жүйелерге ұңғылардың кез келген саны кіру мүмкін 
және пайдалану құралдарының мүмкіндіктері мен шығарғыш линиялардың 
жоспарланатын қосылыстарымен байланысты, жалғыз шектеуге ие.
8.12-сурет. Суасты саға жабдықтарын гидравликалық 
басқару жүйесінің сұлбасы:
1 – кіші басқару панелі; 2 – электрокүш блогы; 3 – орталық гидравликалық 
тарату қондырғысының қоректік электрокабелі; 4 – шлангіні түсіруге 
арналған бағыттаушы науа; 5 – коллектор арқанының ілулі бағыттаушы 
блогы; 6 – негізгі панельден шығатын көп каналды басқару шлангісі; 7 – негізгі 
басқару панелі; 8 – кіші панельден шығатын көп желілі басқару электрокабелі
9 – негізгі панельден шығатынжауап команданы жіберуші көп желілі элек-
трокабель; 10 – күш қондырғысы және орталық гидравликалық таратушы 
қондырғы; 11 – негізгі панельге бастайтын шлангі; 12 – “А” каналының бай-
ланыстырушы гидравликалық басқару шлангісі; 13 – көп каналды шлангіге 
арналған жетекшісі бар лебедка; 14 – суасты коллекторын арқанмен көтеруге 
арналған жетекшісі бар лебедка; 15 – суасты коллекторның көп канал-
ды шлангісі; 16 – суасты коллекторы; 17 – коллекторды көтеруші арқан; 
18 – “Б” каналымен басқарылатын гидравликалық жалғастырушы шлангі
ABB Vetco Gray фирмасының жүйесінің басты ерекшеліктері:
- барлау-пайдалану ұңғылары өндіру жүйесіне жеңіл енгізіледі;


197
- жабдық пен әдістердің сипаттамасы ABB Vetco Gray фирмасының 
ұңғыма сағаларының стандартты суасты жүйелерімен сәйкес келеді;
- қарапайым жүзбелі бұрғылау қондырғыларының көмегімен орнаты-
луы мүмкін және қосымша жабдықты аз пайдаланып жүзбелі өндіру 
қондырғыларының көмегімен пайдаланылуы мүмкін;
- ұңғымалар басқа өндіруші ұңғылардың күнделікті қалпын бұзбай және 
тәуелсіз бұрғылануы мен енгізілуі мүмкін;
- жеке шығарғыш линиялар, фонтанды штуцерлердің және арматураның 
маңызды бөліктерінің орналасу жері қызмет үшін қол жетімді болуы 
үшін, суүсті пайдалану станциясында аяқталуы мүмкін;
- су бетінде шығарғыш линияларға қолжетімділік жеке ұңғылардың 
қауіпсіз, сенімді және қарапайым басқаруын және бақылауын 
қамтамасыз етеді;
- суасты жабдық теңіз түбі бастапқыға дейін қалпына келуі үшін субетіне 
суырылуы мүмкін;
- кен орынды игерудің құнының азаюына әкелетін, алғашқы ашу мен 
өндіру арасындағы кідіру уақыты қысқарады;
- ұңғыма-серіктер өндірудің көп ұңғымалы жүйесіне енгізілуі мүмкін;
- жартылай тұрақты негізде монтаждау кезінде қабатты тиімді игереді.
Сүңгушілер көмегімен орнатылатын, ABB Vetco Gray фирмасының фонтан-
ды арматурасының басты ерекшеліктер:
- қарапайым пайдаланушы фонтанды арматура, сүңгуіршілерге 
қолжетімді, тереңдіктерде суасты ұңғыны тиімді аяқтау үшін пайдала-
нылуы мүмкін;
- тіке қимылды қарапайым гидравликалық басқару жүйесін қолдануға 
мүмкіндік береді;
- әрбір жеке ұңғы үшін және берілген жүйенің талаптарына сәйкес 
қажетті тораптар таңдалуы мүмкін;
- теңіз ұңғыларын аяқтаудың түптік жүйелері тайызсулы ұңғыларда да 
қолданылады;
- орталандыруды қажет етпейтін, қарапайым байланыстырғыш муфта
сүңгуіршілермен шығарғыш линияны қосылуды жеңілдетеді.
Сүңгуіршілердің көмегінсіз монтаждалатын, ABB Vetco Gray фирмасының 
фонтанды арматурасының басты ерекшеліктері:
- сүңгуіршілердің мүмкіншілігі жоқ және ыңғайсыз немесе алыстатылған 
қоршаған орта жағдайлардағы тереңдіктерде сенімділік және 
әмбебаптылық сапаларына ие;
- фонтанды арматура сүңгуіршілердің көмегінсіз орнатылады, пайдала-
нылады және қызмет етіледі;
- келесі гидравликалық қайта реттеушілігімен электро-гидродинамикалық 
реттеу жүйесі сатылуы мүмкін;


198
- фонтанды арматураның конструкциясы, күрделі жөндеу үшін арқанда 
тік түсірілетін жабдық үшін қызмет ету қажеттілігін азайтатын, өткізу 
саңылауы арқылы еркін қолжетімділікпен сипатталады;
- тораптар әрбір жеке ұңғы үшін және жүйе қажеттіліктеріне сәйкес 
таңдалынуы мүмкін.
ABB Vetco Gray фирмасының шығарғыш линиясының байланысу жүйесіне, 
сүңгуіршілердің көмегінсіз монтаждалатын, бірінші ретті және екінші ретті 
өткізу операциялары (шығарғыш линиялар фонтанды арматурадан немесе фон-
танды арматураға қарай салынады).
Қазіргі уақытта ең кең қолданатын жүйе, 600 футтан (180 м) асатын су 
тереңдіктерінде, сүңгуіршілерсіз толығымен салынатын, шығарғыш линиялар-
ды, басқару линияларын және құбыраралық кеңістіктін линияларын қосатын, 
жүйе болып табылады.
ABB Vetco Gray фирмасының сорапты-компрессорлы құбырлары және СКҚ 
тізбегі үшін негіз құрады, құбыраралық кеңістікке қол жетімділікті қамтамасыз 
етеді және ұңғыманы алдын-алу клапанына қол жетімділікпен басқарады. СКҚ 
ілгіші шегендеу тізбегінің ілгіш тұрқысының ішінде ілінеді.
Фонтанды арматура (ФА), бұрғылау құбырымен, СКҚ тізбегімен немесе 
субөлгіш тізбекпен түсірілетін, ФА түсіру құралының көмегімен орнатылады 
және қосымша кірумен жабдықталады.
Ұңғыларды аяқтау үшін субөлгіш арматура СКҚ тізбегінің өтуін ұзарту және 
субетіне СКҚ тізбегінің ілгішінің түсіру құралынан гидравликалық басқару 
линияларының өту жолын ұзартуға мүмкіндік береді. Ол СКҚ тізбегін түсіру 
мен іліне үшін, сонымен бірге ұңғыларды күрделі жөндеу үшін де қолданылуы 
мүмкін. Қышқылды немесе ұңғыларды өңдеудің басқа әдістерін қолдануға 
мүмкіндік беретін, субөлгіш тізбектер бірге сатылуы мүмкін.
Фонтанды арматура әдетте монтаждау мен күрделі жөндеу кезінде жүзбелі 
кемеден басқарылады және шығарғыш линиялар арқылы түсіру мен өндіру 
және қызмет ету кезінде пункттен, теңізде монтаждалған немесе құрлықта 
орналасқан, қашықтан басқарылады. ABB Vetco Gray фирмасының басқару 
жүйелері үш негізгі конфигурациялар түрінде сатылуы мүмкін:
• Тіке гидравликалық басқару (DHC);
• Тізбекті гидравликалық басқару (SHC);
• Электрогидравликалық басқару (EHC).
Бір-бірімен бірігіп жиі қолданылатын, бұл жүйелер, тайыз суларда 
монтаждалған жалғыз қондырғыларды немесе терең сулы көп ұңғылы суасты 
өндіру жүйелерін басқаруды қамтамасыз етеді. Қажетті басқару жүйесін таңдау 
су тереңдігіне, суасты тораптар мен басқару пункттері арасындағы қашықтыққа, 
жабдықтың жағдайы туралы мәліметтерді алу үшін реакция мен қайта байланыс 
уақытына қойылатын, талаптар мен суасты операциялардың соңына тәуелді.
«Cam Seal» басқару жүйесінің байланысуы бір уақытта басқару жүйесінің 
32 гидравликалық қосылысының бұралуын қамтамасыз етеді. Қосылыс «ме-


199
талл-металл» түріндегі нығыздағышқа немесе тіректік плитаның шетіне бір 
уақытта сенімді бекітілуі кезінде экстомерлі нығыздағыш элементтерге ие бо-
луы мүмкін. Нығыздағыш элементтері бар, контрлеуші итшіктер жұдырықшалы 
сақинаның әсері арқасында нығыздағыш бетіне перпендикуляр бағытта 
қозғалады. Нығыздағыштар, қандай да бір сырғанау қимылын жойып, «бетпе-
бет» жолымен қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет