Пысықтау сұрақтары:
1.
«Мәдениет» ұғымына берілген түсіндермелерге сипаттама беріңіз?
2.
Мәдениеттегі әмбебаптылық пен төлтумалық нені білдіреді?
3.
Мәдениеттің қоғамдағы функциялары мен рөлдерін анықтап
көрсетіңіз?
4.
«Мәдениетті» деп қандай адамды айтамыз?
5.
«Өркениет» ұғымына сипаттама беріңіз?
22
2.
МӘДЕНИЕТ ТІЛІ
Мақсат:
Мәдениет тілінің гуманитарлық ғылымдардың ішіндегі
ерекше рөлін сараптау және мәдениетті өте күрделі көп функционалды
тілдік құбылыс ретінде анықтау.
2. 1.
Лингвомәдениеттанудың зерттеу нысандары
Егер өткен тақырыпта біз мәдениетті адамның болмыста өмір сүру
тәсілі деп анықтаған болсақ, мәдениеттегі ең маңызды құбылыс, ең
маңызды үрдіс ол әрине тілмен байланысты. Тіл және мәдениет
мәселелерімен айналысатын ғылымды лингвомәдениеттану деп атайды.
Себебі, тіл-бұл адамның құдіреттілігін білдіретін, адамның шыңдығын
анықтайтын ең негізгі құралдардың бірі болып табылады. Егер біз тілдің
анықтамаларына өте қысқаша тоқталатын болсақ, тіл ең бірінші ретте
қарым-қатынас құралы, коммуникациялық феномен болып табылады.
«Лингвомәдениеттану»
«Lingua»
(латыншадан-тіл)
және
«мәдениеттану»
деген терминдердің жинақталуынан туындап,
лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болып,
халық мәдениетінің тілдегі әсерін, ерекшеліктерін жаңаша көзқараспен
салыстыра зерттейтін сала. Қалыптасқан тәжірибе мәдениетте белгілік
жүйелер аккумуляциясы трансляция және жалғасу қызметін атқарады.
Белгілік жүйелер мен тіл өз бетімен тәуелсіз қалыптаспайды. Заманауи
мәдениеттану ғылымында тіл және код мәселесі пәнаралық сипатта. Оны
талдаудан
өткізу
барысы
логика,
философия,
антрпология,
феноменология ғылымдарына мәдениеттану арқа сүйейді.
Осы ғылымның жеке бағыт ретінде қалыптасуы XIX ғасырдың 70-
жылдарынан бері американың тіл білімінде Орталық Американың Үндіс
тайпаларын зерттеумен байланысты өріс алып, жаңа дәстүрдің негізін
салды. Этнолингвистика ғылымының негізі американдық ғалымдар
Ф.Боас, Э.Сепир, Б.Л.Уорф, Х.Хайер т.б. еңбектерінен бастау алады.
Ғылым аясында «этнолингвистика» термині ең алғаш ғалым Б.Уорфтың
идеясымен туындап, осы идеяның жалғасы Э.Сепирдың еңбектерінде
көрініс тауып, ғылымда аты белгілі «Сепир-Уорф» болжамына сай тілдік
этнодеректер халық мәдениеті мен жеке индивид тұрғысында
қарастырылған. Осы жайтты Э.Сепир өз зерттеулерінде «халық
дүниетанымында туған салт-дәстүр, мифологизм, наным т.б. ұғымдар
этнос болмысымен тығыз байланысты олар тілдің символдық қызметі
ретінде көрініс табады» деп көрсетеді
Ғалымдардың бірқатары этнолингвистика ұлт тілінің жалпы
сипатында
танылады
деп
анықтайды.
Мәселен
Н.И.Толстой;
«Этнолингвистика-халықтың
рухани байлығының, менталитетінің,
шығармашылығының бір-бірімен байланысын, бір-біріне тәуелділігін
астарластығын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Ол халықтың ұлттық
менталитетінің көрнекті позициясындағы негізгі формаларының бірі
болып табылады»-деп тұжырымдайды. Осы тұрғысында лингвистикалық
мәдениеттанудың ең негізгі мақсаты-ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін,
23
тіл
фактілерімен
халықтың
танымдық
этикалық,
эстетикалық
категориялары арқылы рухани мәдениетін танытып олардың қызметі мен
орнын анықтау деп түйіндеуге болады.
Мәдениетті, сөздің кең мағынасында, дүниетаным мен дүниеге
көзқарас жүйесі ретінде қарастыруға болады. Мәдениет оны сақтауда,
көбейтуде, ұғымдарын, стереотиптерін, құндылықтарын қалыптастыруда
тікелей қатысатын тілде бейнеленеді және рәміздік өрнекке ие болады:
1) мәдениет шынайылықтың айнасы, өйткені ол адамның
айналасындағы әлемді және оның өмір сүру жағдайларын ғана емес,
сонымен бірге халықтың қоғамдық өзін-өзі тануын, олардың ұлттық
мінезін, менталитетін, өмір салтын, салт-дәстүрін, адамгершілігін,
құндылық жүйесін, дүниетанымын көрсетеді;
2) мәдениет қойма функциясын атқарады, өйткені бұл лексика,
грамматика, фразеология, көркем әдебиет және ғылыми әдебиеттерде
бекітілген мәдени құндылықтардың ережесі болып табылады;
3) мәдениеттің тасымалдаушы құралы – тіл, өйткені тіл – ұлттық
мәдениет қазыналарын болашақ ұрпаққа жеткізуші әрі негізгі көрсеткіш;
4) мәдениеттің рухани құралы да тіл, өйткені тілге енгізілген
менталитет, дүниеге белгілі бір көзқарас, құндылықтар шоғыры ана тіліне
«жүктеледі», осылайша адамның – ұлттық мәдениеттің тұлғасын
қалыптастырады.
Адамға әрқашан оның ұлттық мәдениеті ықпал етеді. Мәдениеттің
адамға жан-жақты әсері қарым-қатынастың лингвистикалық және
психологиялық
аспектілерін
анықтайды,
сол
мәдениетті
тасымалдаушылар арасындағы байланысты жеңілдетеді және әртүрлі
мәдениеттердің
тасымалдаушылары
арасындағы
байланысты
күрделендіреді.
Тіл ғылымының аясында адамның халықпен, ұлтпен бірегейлігі
адамның әлемнің ұлттық лингвистикалық көрінісінің ерекшеліктерін
тануы арқылы, сондай-ақ ұлттық құрылымға тән мәдени мұраны жеке
тұлғаның шеберлігі арқылы анықталады. Тіл білімінде әлемнің ұлттық
көзқарасы мен тілдің байланысы мәселесі ХІХ ғасырда туындады
Вильгельм фон Гумбольдт, тілдің ішкі формасын ерекшелеп, осы
тұжырымдамада «халық рухы» идеясын енгізді. Бұл идеяны талқылар
болсақ, тіл – ғасырлар бойы қалыптасатын ментальды жады, оның уақыт
талабына сай болуы мәдениеттің ашықтық және толеранттылық
принциптеріне байланысты, мәселен қоғам консервативті сипатқа ие
болса сыртқы әлемнің жаңалықтарына скептикалық қатынаста болатыны
белгілі, егер мәселенің прагматикалық жағын айтар болсақ, бұл сипаттағы
қоғамның тілі – заман ағымынан қалып, ақпараттық дәуір көшінен қалып
қояды да халық сол тілдің «тұтқынына» айналады. Бұл жағдайда тілдің
еш «кінәсі» болмайды, қоғамның өзі бұл жағдайды қолына алып, сана
инновациясын іске асыруы тиіс, яғни, тілге көмек көрсетуі қажет.
Мәселен, көптеген дамыған (Швейцария, Канада, Швеция, Испания) және
24
дамушы мемлекеттерде (Үндіқытай елдері, Үндістан) тіл мәселесі
ағылшын тілін мемлекеттік деңгейде қарастырады, егер тілге неологизмді
енгізу мүмкіндігі болмаса оған «көмекші» тіл ретінде бірден түпнұсқа
тілді пайдалану локальді тілді төмендетпейді, қайта оның дамып,
сақталуына тікелей септігін тигізеді. Әлем елдерімен терезесі тең
дамыған мемлекет өз тілін сақтап қана қоймай, ұлттық менталитетті де
жаңа деңгейге шығуына тікелей әсер етеді.
Жаһанданған әлемде бұл мәселені шешудің гуманитарлы-
өркениетті формасы осындай сипатта, толеранттылықтың шынайы
формасы. Кейінгі лингвистикалық зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар
ақырында ұлттық тіл құрылымының ерекшеліктері әлем туралы жалпыға
ортақ идеяларды іске асырудың ұлттық ерекшеліктерімен анықталады
және лингвистикалық тұрғыдан ұлттық сәйкестік проблемасы әлемнің
ұлттық лингвистикалық бейнесін сипаттау проблемасымен тікелей
байланысты деген қорытындыға келді. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені тіл
-халықтың тарихи жадының ерекше мұрағаты, оның өмір салтын, сенімін,
психологиясын, моралін, мінез-құлық нормаларын бейнелейді, ал тілдік
бірліктер ана тілінің менталитетін сақтау және беру құралы ретінде
қызмет етеді, ол менталитетті тудыратын құрал.
Әлемнің ұлттық лингвистикалық бейнесін қалыптастыру логикасы,
тілдегі мағыналардың көріну заңдылықтары тілдік дамудың ішкі
заңдылықтарымен
анықталады.
Сондықтан
лингвистикалық
семантиканың өзара әрекеттесу тетіктері мен әлемнің ұлттық бейнесі
белгілі бір дәрежеде тіпті оның тасымалдаушыларына түсініксіз.
Мәдениет тілі жалпы мағынасында-белгілер, формалар, рәміздер
мен мәтіндер дегенді білдіреді, бұл өз кезегінде, қоғамаралық
коммуникативтік қатынастарды реттеуші және мәдениет кеңістігінде
бағдарлаушы қызметін атқарады. Мәдениет тілі-шынайы болмысты
түсінуде әмбебап қызмет атқарады, оның негізінде жаңадан немесе
қалыптасып қойған түбірлі ойлар, түсініктемелер мен образдар, өзге де
мағына тасымалын атқаратын сана конструкциялары жатады. Мәдениет
қалыптасқан локальды ерекшеліктерге сай өзара ақпарат алмасуға
байланысты коммуникация жүйесінсіз өмір сүре алмайды, яғни,
жергілікті дәстүрге сай ақпарат алмасу сол мәдениетті түзуші
функциясын атқарады. Мысал ретінде, ақпараттық жүйе қазіргі даму
деңгейіне жетпеген кездегі ақпарат сипаты мен сапасына назар аударсақ,
оның аса құнды материал екенін байқаймыз, сәйкесінше, белгілі бір
«ақпарат құндылығы» болды, «ақпарат дефициті» санада қалтықсыз
сенуші қасиеттерін туғызады. Тіпті осы орайда, Юваль Ной Харраридің
адамзаттың «қысқаша» тарихындағы «тарих» феноменінің негізі түсінікті
болады.
Ақпараттық вакуум уақытында кез-келген тарихи оқиға мен
тұлғалар жоғары шындық, тіпті ақиқат деңгейіне көтеріледі (дін,
қоғамдық және экономикалық жүйе, соғыстар). Фрэнсис Фукуяманың
25
«ақпараттық» толқыны келіп жеткен уақытта ақпарат өз сипатын
өзгертіп, тек прагматикалық қызмет атқаруда (әлеуметтік желілер,
жарнамалар мен саяси PR). Белгілі бір ақпарат таралуы деңгейі тар
уақытта «сакральды» деңгейге жеткен. Сәйкесінше, таралу масштабына
сәйкес ақпарат өз құндылығын төмендетіп алғаны түсінікті жағдай. Егер
ақпаратты мәдениеттің бөлігі деп қарастырсақ, ақпараттық вакуум
уақытында «қаңсық таңсыққа» айналады, дәл сол жағдай мәдениетте де
орын алады, қазіргі қазақстандық мәдениетте осы процесстің алғашқы
жарқыншақтары қылаң беруде.
Лингвомәдениеттану пәнінің дамуында екі кезең болды:
1-кезең. Ғылым дамытудағы алғашқы еңбектер: В.фон Гумбольдт,
А.А.Потебня, Э.Сепир және т.б.;
2-кезең. Лингвомәдениеттанудың жеке зерттеу аймағы ретінде
қалыптасуы;
3-кезең. Бұл қазіргі таңдағы ғылымның біз байқап отырған жаңа
динамикасы-негізі қаланған, пәнаралық ғылым-лингвомәдениеттанудың
пайда болуы.
Қазіргі таңда лингвомәдениеттануда бірнеше бағыттар қалыптасып
үлгерген:
1. Жеке әлеуметтік топтың, этностың нақты мәдени кезеңге қатысты
лингвомәдениеттану, яғни нақты лингвомәденеи жағдайды зерттеу.
2. Диахрондық лингвомәдениеттану, нақты бір кезеңге байланысты
жеке этностың лингвомәдени жағдайының өзгеруін қарастыру.
3. Салыстырмалы лингвомәдениеттану, түрлі бірақ өзара байланысы
бар этностардың лингвомәдени ерекшеліктерінің көріністерін зерттеу.
4. Салғастырмалы лингвомәдениеттану. Ол жаңадан дамып келеді.
5. Лингвомәдени лексикография, бұл бағыттағылар лингвоелтанулық
сөздіктерді құрастырумен айналысады.
Бұл бағыттар бойынша қазіргі таңда отандық ғалымдарымыз да
еңбек етуде. Жеке әлеуметтік топтың, этностың, ұлттың лингвомәдени
жағдайын қарастыру бар, диахрондық тұрғыда зерттеуге байланысты да
еңбектер бар. Салыстырмалы лингвомәдениеттанудан аз да болса
монографиялар жазылған десек, салғастырмалы лингвомәдениеттану
бойынша ұлтық тілімізде жазылған сөздіктер жоқтың қасы, бір сөзбен
айтсақ мүлдем ақсап тұр деуге болады. Мұндай сипаттағы сөздіктер
арқылы тіл мен мәдениетің бір-біріне әсер ету сипатын зерттеу жемісті
болмақ.
Лингвомәдениеттанулық бірліктердің аумағы көлемді әрі жан-
жақты:
а)мифологизацияланған
тілдік
бірліктер;
архетиптер,
мифологемалар, салт-дәстүр, наным-сенімдер,
ә) тілдің паремиологиялық қоры,
б) тілдің фразеологиялық қоры,
в) эталондар, стереотиптер, символдар;
26
г) метафоралар, тілдік образдар;
д) тілдік мінез-құлық, тілдік этикет аумағы және т.б.
Тұрақты сөз орамдарының мәдени ұлттық мазмұны халық тілінің
байырғы лексикасының сан алуан сырына байланысты. Түп-төркіні
беймәлім сөздердің сәті түсіп кілті табылғандай болса көп нәрсені баян
етіп халықтың өткендегі тыныс-тіршілігі, ой-қиялы, дүниетанымы туралы
сыр шертіп тұрады. Мысалы: қасиетті жеті, он екі, тоғыз сандарымен
тіркес атаулардың (он екі сәт, сәске, тәулік, екіндік, марқа туған т.б.)
халықтық атаулардың, уақыт өлшемдерінің мәнін қазақ халқының
күнделікті мәдени өмірімен біте қайнасып ғылыми-тәжірибесінен туған
атаулар екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Соған қарамастан
ұлттық ұғымда сақталған халық дүниетанымы, яғни бүкіл болмысы
этностың тіл айнасында этнолингвистка саласынан тіл арқылы
мәдениеттанудың басқа да бағыттары бастау алатынын, әр ұлт
менталдылығының негізін айқындайтын бағыттар екенін баса айту керек.
Лингвомәдениеттану мен этнолингвистиканың теориялық арқауы,
зерттеу нысаны мен мақсатының өзектес, тамырлас екендігі дау
туғызбайды. Осы екеуінің қатынасын жалпы мен жалқының бүтін мен
бөлшектің байланысы іспетті деп қарауға болады. Нақтырақ айтсақ
этнолингвистиканың зерттеу нысаны – этнос болмысын тұтастай
танытатын «тіл әлемі». Осы қағиданың құрамдас бөлшектерінің
қатыстылығы мен үлесімділігінің сипатын анықтау мақсатына қарай
зерттеушілердің «этнолингвистика» деп аталатын «тіл әлемінің» тұтас
шеңберін жеке-жеке салаларға бөліп қарастыруы этнос болмысының
белгілі бір жақтарын көрсеткенімен, тұтас бейнесін айқындай алмайды..
Достарыңызбен бөлісу: |