Оқулық Алматы 2021 Барлық оқу формаларындағы «Мәдениеттану»


Т ү ркілік дүниетанымдағы



Pdf көрінісі
бет27/69
Дата02.12.2023
өлшемі3,53 Mb.
#132232
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   69
Байланысты:
мадениеттану кытап

6.3. Т
ү
ркілік дүниетанымдағы
ә
лем суреттемелері 
Талай ғасырлар беленін еншілеген байырғы миф-аңыздардың туу, 
қалыптасу үрдісі бүкіл рулық құрылыс дәуірімен қоса номадалық 
өркениетілік кезеңін де қамтиды. Дүниетанымның бұл бастауы алғашқы 
қадамдарында космологиялық сипатта ғана дамыған. Дараланған 
көзқарастан гөрі мұнда да жалпы ұғым, түсінік шешуші қызмет атқарды. 
Қоғамның салыстырмалы тұтастығы қоғам мен жеке адам қатынасының 
өзара байланысында ол анық болған. Номадалар шығып келе жатқан 
күнге, айға тағзым етіп, құрмет көрсеткен. Айдың бастапқы күндеріне 
ерекше мен беріп; «сүй оны, сыйла» деген сөздермен қарсы алған. ұлылы, 
кішілі жортуыл-жорықтарға ай толғанда шығып, ай қайтқанда қайтқан, 
қадірменді адамдары өлгенде алтын, күмістеген ағаш табытқа салып 
жерлеген. Кызметші, күн-құлдары бірге көмілген. Өлтірген жауының 
басын әкелген жауынгер көсімнен сыйлық алатын, әрі өлтірген жауының 
дүние-мүлкіне ие болған. Аңдар адамға барынша мейірімді көрінеді. 
Қысыл-таяң кездерде адам баласына жақсылық істеп, туыстас, бауырлас 
ғажайып күш-құдірет сыйлап, керемет құрметке бөленген. 
Бұл мифтерде анимистік, тотемдік, фетиштік, магиялық сарындар 
үстемдік етті. Яғни ғылымға дейінгі әлем бейнелері мифтік сипатта 
болып келді. Бірақ, бұл мифтерде сол заманның тыныс-тіршілігі айқын 
көрініс тапқан. Ежелгі дәуір мәдениетінде жарық дүние бастауын 
дәріптеу жетекші мән атқарады. Жалмауыз кемпір кейiпі арқылы 
алғашында нәр-сөлін, жемісін жатсынбай сыйлайтын жомарт Жер 
кұдіретімен пара-пар аяулы ана сымбаты бейнеленген. Дәлірек айтқанда, 
ол бүкіл нәсіл, тұқым таралатын ел басы, тіршілік басы. Адамзат 
ұрпағының түпкі ұлыс-анасы жануарлар әлемін билеп, оған о бастан 
ғажайып бір қасиеттер дарыған. Жын-пері, қарау пиғыл, дүлей күштерден 


114 
адамдар мүддесін қорғап, шейіттер мен тірілердің сүйеніштеріне 
айналды. 
Мәселені тікелей қарастырудан бұрын кейбір ұстанымдарды 
айқындап алайық. Біріншіден, мәселенің басталуын (философиялық
терминмен айтқанда "архетипін") қайсы тарихи-мәдени құрылыммен 
шектеу жөнінде сан алуан пікірлердің бар екендігін ескерген жөн. 
Оларды тым алыс мәдени тұтастық (шумер-сақ-қазақ) пен тікелей Қазақ 
хандығы құрылған кезеңмен шектеу аймағы деп орналастыруға болады. 
Қазақ мәдени архетиптері еуразиялық номадалар мәдениетінде 
қалыптасқан. Дәлел ретінде осы кезеңнен келе жатқан төмендегідей 
рәміздік сабақтастықты атап өтуге болады: дүниенің тернарлық (үштік) 
құрылымы, тәңіршілдік, сакральды кеңістік пен қайталанбалы уақыт, «аң 
стилі» мен қазақтың ою-өрнегі және т.б.
Сурет. Аң стилі 
Екіншіден, қазақ арғы тектерінің мифтері туралы сөз қозғағанда 
мәдени деректердің ерекшелігін де ескеру қажет. Бұл жерде жазба мәдени 
мұралармен (Орхон-Енисей жазулары, әл-Фараби, Ж. Баласағұн, А. 
Иүгінеки және т.т.) қатар фольклорлық және мифологиялық 
құрылымдарды пайдалануға тура келеді. Алайда, кейбір зерттеулерде тым 
көбейіп кеткен жаңа мифтерді ойдан шығара берумен әуестенудің 
ғылымға берері аз. Олардың кейбіреулерін тек атап өтейік: «еуразиялық 
ежелгі түркілік мәдениетте әлем мен кеңістік, уақыт туралы суреттемелер 
болмаған, олар тек кеңістікте бөлінген» (номадология), «түркілік дүние 
таным әскери дүмпудің мүдделерін ғана қолдаған, олар тарихта із 
қалдырмаған» (Л. Гумилев), «түркілік дүние суреттемелері ирандық 
ықпал мен синтез жағдайында қалыптасқан» (Ә. Қодар) және т.б. 
Осы көне дүние суреттемелерінде адам мен ол өмір сүретін 
дүниенің әмбебапты қатынастарына және олардың рәміздік-таңбалық 
бейнелеріне басты назар аударылады. Қ. Нұрланованың пікірі бойынша, 
қазақ болмысының түп-тамыры-Жарық дүние. Бұл символикалық 
түсініктің негізінде "адам мен әлем біртұтас" деген идея жатыр. Яғни, 


115 
дүние суреттемесі адам мен әлем арасындағы үйлесімділікті 
(гармонияны) бейнелеуден бастау алады: ежелгі философияда болмыстың 
өзі музыка болған (философияда онтология дейді), болмыс бір тұнып 
тұрған музыка. Болмыстың "структурасы" музыка, музыкадан ғана тұрған 
деп білген. Болмысты мәні де, сәні де біртұтас музыка деп білген. Осы 
көзқарасқа байланысты әл-Фарабиде Жарық Дүние жеті қат жер (сфера) 
қимылының айналысының музыкасы дегені бар» (Человек и мир. 
Казахская национальная идея. Алматы, 1994). 
Ежелгі түркілік мәдениеттен үзілмей келе жатқан дәстүр - Жарық 
Дүниедегі адамның тек барлығын емес, бірінші кезекте оның болуын 
жариялау. Дүние қаншама өткінші болғанымен, онда адам үшін белгілі 
бір тұрақтылық (мағына, мазмұн) бар. Жалпы тіршілікке қатысты 
"гомеостазис" деген ұғым бар. Оның мағынасын тынбайтын өзгеріс 
арқылы өз орнықтылығын сақтау деп түсіндiруге болады. Бұл біздің 
ұсынып отырған қағидамыз философиялық әдебиетте әлі талқыланбаған 
және арнаулы зерттеуді қажет етеді. Салыстыру қаншама ақсағанымен, 
мына бір ойда негіз бар: "гомеостазис" ұғымы қазақтың дәстүрлі 
мәдениеті үшін рәміздік мазмұны бар: көшпелілік - жол таңдау арқылы 
тұрақтылықты сақтау. 
Енді түркілік кезеңдегі әлемнің мифологиялық суреттемелеріне 
көшейік. Бұл әлем жөніндегі символ-рәміздердің басым көпшілігі 
номадалық 
шаруашылық 
мәдени 
типтен 
туындайды. 
Қазіргі 
философиялық, тарихи, мәдениеттанулық әдебиетте көшпелілік өмір 
салты туралы көптеген зерттеулер жарияланған (Ақатай С., Масанов Н., 
Нұрланова Қ., Мұқанов М., Кішібеков Д., т.т.). Сол себепті номадшылдық 
туралы қағидаларды қайталамай, бірден көшпелілік рәміздерге көшейік. 
Дүние суреттемелеріне қатысты көшпелі рәміздерге жататындары: «үштік 
әлем» (аспан, жер-су, жер асты), «әлемдік ағаш», «ата жұрт», «аспан 
таулары», «соңғы теңіз», «киелі oт», «тамыр», «аспан шырақтары», «жеті 
қат жер», «жеті қат көк», «алты тарап кеңістік», «жеті тарап кеңістік», 
«сегіз тарап кеңістік», «мүшел», «уақыт ырғақтары», «жыл қайтару» және 
т.б.
Осы рәміздік бейне-түсініктерді талдаудан бұрын түркілік 
өркениеттің кеңістік пен уақытты меңгеру қисындарын тезистік нұсқауда 
бейнелеп өтейік. Мәселе тарихты қайталауда емес. Біз осы тарихтан 
өзіміздің зерттеу міндеттерімізге сай деректерді айқындап алғымыз 
келеді. 
Тарихтың 
мәдени 
бейнелерінің 
ауысуында 
б.з.д. 
3-2 
мыңжылдықтардың ерекше мәнділігін атап өткен жөн. Бұл кезеңде О. 
Тоффлер суреттеген өркениеттіліктің бірінші толқыны (аграрлық 
өркениеттердің пайда болуы) басталады. Әдетте аграрлық толқынды тек 
егіншілік (өзен алқаптарында- К. Ясперс) негізінде қалыптасқан Мысыр, 
Қосөзен, Үнді, Қытай, Грекия өркениеттерімен байланыстырады. Бірақ 
аграрлық мәдениеттің тек жер өңдеумен ғана емес, оған қоса 


116 
малшылықты да қамтығаны белгілі. Малшылықтың өрістеген түрі 
көшпелілік сонда қалыптаса бастап еді. Сонымен, сол уақыттағы әлем 
бейнесі көшпелілік мәдениетсіз толық емес болып шығады. 
Әрине, диханшылыққа иек артқан өркениеттердің адамзат 
мәдениетіне қосқан үлесі мол (қала мен қол өнердің пайда болуы, 
ирригациялық жүйелер, зәулім сарайлар, жазудың пайда болуы, т.т.). 
Бірақ, сол кездегі егіншілер игере алмаған қуаң дала тұрғындары- 
номадалар адамзат өркениетіне сүбелі үлес қоса білді. Егер «өліп, қайта 
тірілген құдай» егіншіліктің рәмізі болса, онда «кентавр» көшпелілік 
таңба-бейнеге (рәмізге) жатады. К. Ясперс атап өткендей, адамзат 
кеңістіктегі бірінші табысына атқа мінген номад арқылы жетті. 
Б.з.д. 1 мыңжылдықтың маңайында бүкіл игерілген дүние 
(ойкумэна) қозғалысқа еніп кетті. Шығыстан Батысқа және Онтүстікке 
қарай ығысқан номадтардың қысымымен әлемнің мәдениет шекаралары 
өзгеріп, жаңа құрылымдар пайда болды. Ғұн көсемі Атиланың алдында 
Рим папасы тізе бүкті. Бұл жерде тағы тарихи бейнеге назар аудару 
қажет. Ирригациялық жүйелерге сүйенген аграрлық империяларға 
өзгерістен тұрақтылық оңтайлы болып келеді. Отырықшылықтың рәмізі-
құлып салынған шекара. Сақшылыларды олар керемет дәріптеген. Кеңес 
Одағы да осылай еді. Көшпеліліктің рәмізі-жол. Батыс (Рим-Византия) 
мен Шығыстағы (Қытай) екі суперөркениет көшпелілер бақылауындағы 
Жібек жолы арқылы ғана байланысқан. Қазіргі әлемдегі ғаламдану 
үрдістері басталғаннан бері көшпелілік символ (ризома) батыстық 
постмодернизмнің маңызды пошымына айналды. Тарих көші жаңа жолды 
таңдай бастады. 
Әлем суретін өзгерткен шұғыл бетбұрыс ортағасырлардан 
басталғаны белгілі. Алайда «орта ғасырлардың» сөз тіркесінен гөрі 
рәміздік мағынасына назар аударсаң, онда бұл ұғымның да 
еуропаорталықтық мәнісі анық байқалады (антик заманы мен Қайта 
өркендеудің арасы). Еуропада «орта ғасырлар» 5 ғасырдан басталса, 
Азияда Батыс Рим империясы құлағаннан да кейін түбегейлі үдерістер 
болды. Афроазиялық номадтар (арабтар) әмбебапты мұсылман 
өркениетін бастаса, еуразиялық номадтардың (түркі-моңғолдар) салт атты 
әскерлері Дала империяларын әлемге әкелді. 9-11 ғасырларда бұл екі 
үрдіс тоғысып, Азияның орталығында мәдени Өркендеу қарыштады. 
Әсіресе, түркі-соғды синтезі өзінің мәдени жемістілігімен көзге түсті. 
Классикалық көшпелілер тарихтың бұл кезеңінде дүниежүзілік 
үрдістердің бағыты мен мағынасын айдындап отырды. Әрине, 14 
ғасырдан бастап номадалық өркениет өз қарқынын жоғалтып, жүйелік 
дағдырысқа ұшырады. Ол басқа әңгіме. 
Енді осы тарихи-мәдени контекстіде түркілік өркениеттің рәміздік 
бейнелерінің мазмұнына оралайық. Оның мәтіндік негіздері үш арнадан 
тұрады: ежелгі түркі жазулары, ауыз әдебиеті және мифтік құрылымдар. 


117 
Мәтіндегі ең пікірталасты түсінік «көкпен» байланысты. Біздің 
ойымызша, осы мәселеге қатысты зерттеулерде "көкті" аспанның реңімен 
(бояумен) теңестіру басым болып келеді. Бұл дәстүрдің қалыптасуына 
Л.Н. Гумилевтің ежелгі түркілерге қатысты зерттеуіндегі «голубые 
тюрки» (көгілдір түркілер) атауы үлкен әсер еткен. Алайда, жеке 
зерттеулер (Ғ. Есім, Т. Ғабитов, М. Орынбеков, т.т.) көк дегеніміз ғарыш 
пен аспанның баламасы, сондықтан «көк түркілері» деудің орнына 
«аспан түркілері» деген тіркесті қолдану ақиқатқа жақын дейді. 
Түркілік мәдениеттегі «Көк тәңірі» рәмізін түсіндіруде мына 
ұстанымды дұрыс деп есептейміз: тікелей мағынасында жоғарыдағы 
рәміз «аспан билеушісі» деген мағынаны білдіреді. Яғни, Көк тәңірі 
көгілдір аспанның өзі емес, оның құдайы (жаратушысы) болып табылады. 
Бір сұрақ туады: Аспан тәңірісін немен бірегейлендіруге болады? Бұл әлі 
мәтіндік зерттеуді қажет ететін мәселеге жатады. Сонда да бір жорамал 
ұсынғымыз келеді: Аспан тәңірісіне Күн жатады. Н. Оспанұлы «тәңіріні» 
«таң-іңір» деп түсіндіріп, оны атып келе жатқан Күн деп бағалайды. Бұл 
жорамалды қостайтын дәлелдемелер: 
1.
Аспанда Күннен құдіретті ештеңе жоқ. 
2.
Еуразиялық даладағы «күн басты адам» таңбалары. 
3.
Ғұндар басшысының «тәңірқұт» лауазымын нақтылайтын 
«Күннен жаралған және онымен нұрланған» теңеулерінің кездесуі, 
үйсіндердегі «күнби» рәмізі елбасына қатысты қолданылған. 
4.Түркілік мәдениетті көркем деңгейде терең суреттеген ақын 
Мағжан Жұмабаев «Күннен жаралған Күн ұлымыз» деген бейнені жиі 
қолданады.
Сурет. Тамғалыдағы Күн басты адам.
Пікірімізге жақын ұстанымдарды келтірейік. Қ. Есімов өзінің 
«Ұлттық ойлау мәдениеті және исламдық өркениет» атты кітабында осы 
жөнінде мынадай дәлелдер келтіреді: «Осы сүлбемен жүріп отырғанда 
байрақтағы арланның да 
«көк» 
болуы сол Көк Тәңірісіне 
байланыстылығында 
сөз 
жоқ. 
Сондықтан 
орысша 
аударғанда 
«синий»немесе «серый» емес, «небесный»дегенді қолдануды ұсынар едік. 


118 
Бұл ойымызды қазақтың «Иттің иесі болса, бөрінің Тәңірі бар» деген 
мақалымен бекемдейміз. Қазақ бөріні әрқашан көк, не Тәңірі есімімен 
жарастыра қолданып отырған. Қазақ әр сөзді өз орнына қадап қоя білетін 
халық. Ол «аспанға қарап ұлыған иттей» десе, түз тағысы турасында 
«көкке ұлыған бөрідей» дейді. Бір көз жүгіртіп шыққанда айырмасы жоқ 
нәрсе: екеуі де жоғары қарап ұлиды. Бірақ ит аспанға қарап, ал бөрі көкке 
ұлиды. Яғни, екеуінде екі түрлі мағына жатыр. Сөз жоқ, «синий» емес, 
«небесный волк». Бұл біздің берік позициямыз (Ұлттық ойлау мәдениеті 
және исламдық өркениет. Алматы, 2001, 28 б)
Зерттеушілер тәңірі ретінде Күннің символикалық мазмұнына 
басты назар аударады: 
-Күнбасты адамдарды бейнелегенде олардың рәміздік мазмұны 
алдынғы қатарға шығады: 1) Күн тіршіліктің бастауы; 2) көшпелілердің 
киіз үйіне жоғарыдан төмен қарағанда, ол сәулесін шашқан күнге ұқсас 
(шанырақ-күн, уықтары-сәулелері); 3) арбаның дөңгелегі мен күннің 
арасындағы құрылымдық изоморфизм; 4) көз және күн адам үшін 
маңызды, екеуін де шырақ деп атайды («Шырағым»-деген сөз өте ыстық 
жақындықты білдіреді); 5) адамдағы басты және терең сезім-«ыстық 
махаббат» деп аталады. Бұл сипаттаманы ары қарай да жалғастыра беруге 
болады. Қазақстанның елдік таңбасы-«Алтын адамның» бас киімінде 
нұрын шашып тұрған күн бейнеленеді. 
«Үштік» (тернарлық) үлгідегі әлем бейнесі адамның тәндік 
құрылымынан (басы, денесі, аяғы) бастап, бүкіл ғарышты қамтиды. 
Көшпелі түркілік мәдениетте тернарлық әлемнің негізінде бинарлық 
оппозиялар (жарық-қараңғы, оң-сол, батыс-шығыс, ізгі-зұлым, Күн-Ай, 
еркек- әйел т.т.) жатыр. Зерттеушілер Е. Тұрсынов пен А. Ғалиев түркілік 
әлем суреттемелерінде, дүние модельдерінде дуальдық фратриялық 
құрылым анық байқалады дейді. Гендерлік және қауымдық мотивтер 
көшпелі түркілердің дүние суреттемелерінде жиі кездеседі.. 
Егер Қытайдың ежелгі рәміздеріне көңіл аударсақ, онда «ян» - еркек, 
қызу, Күн, жарық символикасын, «инь»-әйел, енжар, салқын, Ай 
рәміздерін білдіретінін аңғаруға болады. Түркілік мәдениетте бұл 
бинарлық рәміздер басқа мағынаға ие болады. А. Ғалиев мынадай 
бинарлық қатынастарға назар аударады: 
Күн –еркек-ізгілік-жарық-оң-Шығыс-тіршілік. Ай-әйел-зұлымдық-
қараңғылық-сол-Батыс-өлім" (Модели мира тюркской культуры. Алматы, 
2001) . 
Күн мен ай бинарлық оппозициясы тек түркілік әлем
суреттемелерінде ғана емес, басқа да өркениеттілік аймақтарында 
маңызды рәміздік бейнелер болып табылады. Айталық, ежелгі 
Мысырдағы Күн құдайы-Ра, славяндардағы-Перун, ирандық-Митра 
осындай айшықтылығы арқылы өз мәдениеттеріне «солярийлік» сипат 
беріп отырған және бұл рәміз кейінгі суперөркениеттерде де өз ықпалын 
сақтаған. Мысалы, зәрдештік дініндегі Күн траекториясына қатысты бес 


119 
рет тағзым ету рәсімі кейін исламдық бес уақыт намаздың қалыптасуына 
әсерін 
тигізген. 
Айдың 
көшпелілерде 
еркектік 
бастаулармен 
байланыстырылуы архаикалық дәстүрмен және бұл аспан денесінің түнде 
бағдарлық қызметімен қатысты. Кейін мұсылман молаларында Ай 
таңбасы қойылатын болған. 
Дүние суреттемелері ежелгі түркілік мифологияда да көрініс 
табады. Түркі мифтерінде әлем үштік рәмізі бойынша бөлінген: Жеті қат 
жерде Көктөбе орналасқан, онда Көктерек өсіп тұр, ол Көккүмбезді тіреп 
тұр. 
Осы әлем үлгісіндегі мынадай рәміздік бейнелерге назар аударған 
жөн: 1. Әлемдік тау (Көктөбе). Түркілердің генеологиялық аңыздарында 
Алтай тауы қасиетті, өйткені ондағы киелі үңгірде көкбөрі тұрған сол тау 
- үш бөлікті таудың шыңы, етегі және үңгірлері. Әлемдік тауға ұқсас 
құрылымдар да киелі болып есептеледі: қорғандар, төбелер, мұнаралар, 
үйінділер. Көшпелі дүниетанымында тау дегеніміз кейде биік қорғаннан 
қоршалған қала болып шығады немесе тау көшпелілердің жазық 
даласының шекарасына айналады. 
2. Әлемдік ағаш (Көктерек, Бәйтерек, Байқайын т.т.). Әлемдік ағаш 
үш дүниені қосып тұрған рәміздік құрылымға жатады. Мифтерде 
кейіпкерлер осы ағашпен өрмелеп, аспан денелеріне дейін жете алады. 
Бәйтеректің тамыры жер астында, діңгегі жер бетінде, ал бұтақтары 
аспанда орналасқан. Киелі адамдар қолындағы асатаяқты да түркілер 
Әлемдік ағашпен теңестірген. Қазақтың қолөнерінде Әлемдік тау мен 
ағаш рәміздері кілем, сырмақ, текеметтердегі оюларда сақталған. Жеке 
тұрған ағашты түркі халықтары қасиетті деп есептеген, оған мата немесе 
жүн үзіктерін байлайтын болған. 
3. Түркілік әлем суреттемелерінде Әлемдік өзен бейнесі де рәміздік 
мол мағынаға ие. Әлемдік өзен де тернарлық сипатқа ие: бастауы Әлемдік 
тауда орналасқан, жер бетімен ағып, жер астына сіңеді. Кілемнің 
шетіндегі шашақтарды тігуді түркілер "су жүгірту" деп атаған. Әлемдік 
өзеннің кеңістіктегі бағдарлары еуразиялық Ұлы даланың су 
айырықтарына байланысты болып келеді. Бастауы Шығыс және 
Оңтүстіктен қор жинап, Солтүстікке қарай өзен ағады (мысалы Ертіс, Іле, 
Сырдария өзендері) және бұл жазықтық бағдарламалары тік 
құрылымдармен де байланыстырылады: Солтүстік-Төменгі дүние, 
Шығыс-Жоғарғы дүние. Тік және жазық бағдарлардың бірлігін жеті 
шартарапты кеңістік ұғымы білдіреді. 
Түркілік мәтіндерде жиі кездесетін жеті қат көк, жеті қабат жер, 
жеті қат әлем бейне-рәміздері қазіргі қазақ мәдениетінде архетиптік 
қызмет атқарады. Жеті саны қасиетті «үштік» пен «төрттіктің» 
тұтастығын білдіреді. Жеті қат дүниенің құрылымында жазық кеңістіктің 
төрт бағдарына («ілгері-күн шығыс», «оң жақ-күн ортасы», «кейін-күн 
батысы», «сол жақ-түн ортасы»- «Күлтегін» ескерткіші») вертикалды 
тернарлық бағдарлар (аспан, жер, жер асты) тоғысады.


120 
Түркілік мәдениеттегі әлем суреттемелерінің бейнелік көріністері 
көркем өнер туындыларында (әсіресе, бұрынғы сақтардың «аң стилінен» 
бері келіп жеткен рәміздерде) айшықты байқалады. Мысалы, Алматы 
маңында табылған Қарғалы диадемасы туралы Н. Бернштам мынадай 
рәміздік деректер келтіреді: «Диадема-ұзындығы 35 см, ені 4,7 см екі 
бөліктен тұратын алтын жолақ. Оның ішкі беті өсімдік арасындағы 
аңдардың, құстардың және адамдардың бейнелері. Мұнда басын артқа 
бұрып тұрған марал, ұшып жүрген құс, онан кейін үстіне адам мінген 
қанатты жолбарыс, тұғырда қанатты ат бар. Тәтінің екінші жартысында 
жүгіріп келе жатқан жалмауыздың суреті, оның үстінде сол қолымен 
жалмауыздың мүйізінен ұстап алған адам тұр. Адамның үстінен ұшып 
бара жатқан қаз немесе үйрек салынған. Тұғыр үстінде тұрған қанатты ат. 
Ақырында бейнелердің соңғы тобы-ұшып жүрген құс, таутеке, аю, 
арқарға мінген адам. Жануарлардың көздері ақық пен альмандиннен 
салынған, денелерін оймыш-оймыш перуза жолақтарымен өрнектеген» 
(Избранные. М., 1964, 66 с.).
Сурет. Қарғалы диадемасы. 
«Аң стилі» тіршілікті қозғалыста, динамикада бейнелеу болып 
табылады. Қозғалыс көшпелілердің тіршілік мәнісі екендігі белгілі. 
Серікқалиұлы Зейнолла «аң стилінің» рәміздік мазмұны жөнінде мынадай 
пікір айтады: "Дала тынысының заңдылығын, оны жайлаған халықтың 
тұрмыс ерекшелігін сезінумен қатар көшпелі қауымның қаңыраған 
тылсым кеңістік әлемін кесте айшығымен толтырып, баянды ету арманы 
да айқын аңғарылады. Қазақтың өсімдік, жан-жануар бедері бейнеленген 
геометриялық ою-өрнектерінің теңдестік құрылысы, әр жігі, әр 
бөлшегінің өзара іштей арақатынасы жаратылыс бастауының бірқалыпты, 
біртұтас жарасымын куәландырғандай. Қарахан дәуірінің мұрасы Айша 
бибі кесенесінің (ХІ-ХІІ ғғ) құрылымдық ырғағы, үйлесімі-өз заманының 
нақты дүние түйсіну шындығынан туған. Ата-бабаларымыздың ежелгі 
тұрмыс-тіршілігінің, ұғым-сенімінің таспен, ою-өрнекпен жазылған 
мұқалмас бір шежіресі бұл» (Дүниетану даналығы.-Алматы: Білім, 1994,
39 б.). 
«Аң стилінің» рәміздік қуаты қазіргі түркі халықтарының көркем 
мәдениетінде де өз серпінінен айырылған жоқ. Қазіргі және бұрынғы 
әлемнің айшықты суреттемелерін шебер бейнелеген Шыңғыс Айтматов 


121 
түркілік символдардың өзіндік мағынасын дәл көрсете біледі. Шыңғыс 
Айтматовтың 
«Ақ 
кеме» 
хикаясында 
жаратылыс 
ғаламатын 
нышандайтын аналық-Бұғы аңызы қырғыздардың түпкі тегі туралы жан 
тебірентер шабытты сырға төгілген ақындық жырға айналып кетеді. 
Дәстүр тағылымы нұрландырған «құдіретті аналық-Бұғы» бейнесі 
эстетикалық халық талғамын, жаратылыс сезімін баб-бабымен бойына 
сіңіріп, қырғыз жұртының ұлттық ыстық табын қаз-қалпында мөлдіретіп 
жеткізіп, жалпы адамзаттық керемет қадір-қасиетке ие болған. 
Аналық-Бұғы 
екі 
сәбиді-«адамзат 
ұрпағының 
қос 
нәрестесін»тұтқиыл төнген қатерден, ажал аранынан арашалап қалады. 
Сұсты Енесай жағалауынан аман-есен алып шығып, тұңғыш рет таулы 
өлкенің жомарт мейірімімен табыстырады. «Алайда қарлы шың, жасыл 
орманның қақ ортасында шексіз-шетсіз шалқыған теңіз жатыр. Көк 
шалғынның бетінде ақ көбік атқан толқынды самал жел екшеп, әлдебір 
алыс қиянға алып бара жатқандай.
-Міне, сендердің жаңа мекендерің осы болады,-деді Мүйізді аналық-
Бұғы. -Осы жерде тірлік етесіндер! Жер жыртып, егін саласыңдар, балық 
аулап, мал өсіресіңдер. Мыңдаған жылдар баянды ғұмырларың осында 
өтеді. Адам аттарыңа лайық рахат өмір сүріңдер! Ал мен сендермен, 
сендердің ұрпақтарыңмен мәңгі-бақи бірге боламын" Мейірімді, дана 
аналық-Бұғы адамдарға өмір сыйлаған өзімен-табиғатпен осы қандас, 
бауырластық сабақтастықты ешқашан естен шығармауды өсиет еткен». 
(Дүниетану даналығы.-Алматы, 1994). Сонымен, прототүркілер мен 
түркілердің «аң стилінің» рәміздік мазмұны жоғары болған . 
Жоғарыдағы қағидалардан мынадай бір жорамалдың реті келіп тұр. 
Ортағасырлық түркі әдебиетінде Алып Ер Тоңға есімі кездеседі (мысалы, 
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінде»), «Алып Ер» сөз тіркесі түсінікті 
болғанымен, «Тоңға» атауына ғылыми дәлелді комментарий берілмейді. 
Біздің ойымызша, «Тоңға» транскрипциясы «түң» (tun) атауына жақын. 
Сондықтан «Алып Ер Тоңғаны» «Солтүстіктің алып батыры» деп атаған 
қисынды. Әрине, біздің бұл ұсынысымыз әрі қарай зерттеу мен 
сараптауды қажет етеді. 
Заратуштралық және буддалық діндердің ықпалымен «сегіз қиыр 
шартарап» -«мандала» үлгісі де қалыптаса бастады. Осы жөнінде қырғыз 
философы Ш. Ақмолдоеваның еңбегінде («Древнекыргызская модель 
мира») нанымды сараптау берілген. Жалпы алғанда, еуразиялық Ұлы 
далада әлем модельдерінің бірнеше баламалары болғанын атап өткен 
жөн. «Қорқыт ата кітабындағы» басты мәдени рәміз-«Мәңгілік өмір». 
Қорқытты осы «өлі десем-өлі емес, тірі десем-тірі емес» деп амбивалентті 
суреттеуі де осыған меңзейді. Тіршілік мәңгі табиғаттың аясында болады, 
өлудің өзі (қайтыс болу) сол табиғатпен қайта қосылуына жатады-осыдан 
"шеңбер" рәмізі шыға келеді. 
Ә. Қодар бұл әлем туралы мынадай түсіндірме береді: «Көшпелілер 
Күн айналымынан қалмай отырды. Күн қайда болса, олар да сол маңда 


122 
көрінді. Біз бұдан олардың уақытты бір шеңберге қамап, қоймен қоса 
айдап отырғанын көреміз. Міне, осы шеңбер-Күн айналымының шеңбері 
- көшпенділерді тынымсыз ізденісте болған отырықшы елдерден мәңгіге 
бөліп тастады. Түркілер шеңбер ішінде қалды да, басқа халықтарды 
шеңбер сыртына шығарып тастады. Өйткені, олар өздерін Уақыттан 
жоғары санады. Отырықшылар өзіне Уақыт көрінісі ретінде қараса, 
көшпелілер өзін кеңістік қарақшысымыз деп есептеді. Кеңістікті кеңінен 
кешкендей. Уақыттан да шыққысы келді. Бұл-Жер мен Көктің тепе-
теңдігі және Күн айналымына негізделген Мәңгілік идеясының көрінісі 
еді. Әрине, бұл адамзат тарихының төменгі сатысында туған балаң ой 
кескіні. Бірақ көшпелілер тарихына үңілетін болсақ, осы оймашықтың еш 
өзгеріссіз, басқа түрге ауыспай ХХ-ғасырдың басына дейін айна-қатесіз 
жетуі таң қалдырады. Демек, бұл кездейсоқ емес. Бұл біздің заманымызға 
дейін сол қалпында жеткен христиан, ислам, буддизм, зороастризм іспетті 
ерекше дүниетаным жүйелі ой ағымы» (Түрік философиясы//Тамыр.-
2001.-№ 2.4). 
Зерттеушілердің басым көпшілігі Қорқыт есімін түркілік рухани 
мәдениеттің діңгегі-«құтпен» байланыстырады. Көк тәңірі жаратқан әлем-
құттылықтың ордасы. С. Ақатай, Н. Шаханова, М. Хасановтар «құт» 
ұғымын кейінгі «бақыт» түсінігінің түркілік архетипі деп алады. Құтты 
мекен (әлем) мотиві кейін Асан Қайғы шығармашылығында өз жалғасын 
тапты. Құтты әлем іздеген Қорқыт атаның ұрпақтарының арасында оның 
ізбасары туралы да көптеген деректер сақталған: 
«Дүрмек қашып, Қаңлы ханнан құбала сүрдім, 
Қырылдасып келген елдің онынан шықтым. 
Қыршыларға, жершілерге жол бастадым, 
Қайлы, қарлы екі ортада қол жұмсаттым. 
Қара түйе жолынан асып түстім. 
Қабақтыда алты жерге жұрт жұрттаттым, 
Күрілдесіп артымнан жауы жетті. 
Шапса кесер құрыш болатқа ту байлаттым. 
Қылышымды суаруға құдық қаздым, 
Ауа қыстап, қыр жайлап Балқан астым. 
Кесе жатқан Қаратауға барып кірдім 
Алтын көзді тауысқанды келтірді деп, 
Қаз аяғы үш айырым тамға бардым». 
(Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы, 1996). 
Бұл жолдардан түркі елінің әлем орталығы туралы түсініктеріндегі 
өзгерістер анық байқалады. Шығыстан Батысқа қарай жаңа көш басталды. 
Түркілік әлем орталығы Алтайдан Орталық Азияға қарай ығысты. 
Қасиетті таулар қатарын енді Тәңірі таулары (Тянь-Шань) мен Қаратау 
бастады. Жана топаңда пайғамбар кемесі Қазығұрттың басына келіп аман 
қалды делінді. Рәміздік жануарлардың арасында үш әлем символы Бұғы 
ананың рөлін енді Желмая өзіне қабылдады. 


123 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет