Оқулық Алматы 2021 Барлық оқу формаларындағы «Мәдениеттану»



Pdf көрінісі
бет56/69
Дата02.12.2023
өлшемі3,53 Mb.
#132232
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   69
Байланысты:
мадениеттану кытап

Мәңгүрттік тип.
Бұл типке ұлттық салт-дәстүрден жұрдай, оның 
рәміздік рәсімдік мағынасын білмейтін, күнделікті өмірде ұлттық мәдени 
жүйенің құндылықтарын қолданбайтын адамдар жатады. Бұл туралы Ш. 
Айтматовтың шығармашылығында әсерлі жазылған. Мәңгүрт дегеніміз
рухани тамырларынан айырылған адам.
Мәңгүрттік тип-дәстүршілдің қарама-қарсы бейнесі. Бірақ архаист 
өмірлік позицияны өз қалауымен қабылдаса, мәңгүрттік-сыртқы 
күштеудің нәтижесі. Мәдени жадыдан адам зорлық-зомбылықтың 
әсерінен айырылады. Әдетте бұл отаршыл экспанцияның ассимиляциялау 
саясатынан туады. 
Мысалы, Ресей империясының мәңгүрттендіру саясатының кейбір 
әрекеттерін еске алайық: 
1.
Халықтың өзін өзі басқару жүйесін отарлық әкімшілікпен алмастыру. 
2.
Салт-дәстүр мен руханилықтың тамырына балта шабу. 


265 
3.
Миссионерлік әрекет, төлтума жазбаша мәдениетті шектеу, алфавитті
алмастыру, орыстандыру, орыс мектептерін ашу. 
4.
«Бұратана» халықтардың тілін жоғары мәдени аймақтардан аластап, 
күнделікті-тұрмыстық деңгеймен шектеу. Метрополиялық менталитет 
пен мәдениетті күшпен енгізу. 
Осыдан келіп «мәңгүртсің» деп біреуді айыптау әділетсіздікке 
жатады. Мәселе осы жағдайдан қалай құтылудың жолдарын айқындауда 
болып отыр. Оның басты жолы-ұлттық мәдениетті қайтадан игеру.
Алайда, мәңгүрттіктің елестері аз емес. Мысалы, этномәдени 
нигилизмді алайық. Еуропотектік әдебиетті айтпағанның өзінде біздің 
республикалық басылымдарда кездесетін мынандай пайымдаулардың 
төркініне көз салайық. 
- Қазақ тілі көшпелілік үрдістен қалған реликт. 
- Көшпелілер шынайы мәдениетке жете алмаған, «мәдениет» деген сөз 
арабша 
«қала» 
мағынасын 
білдіреді. 
Сондықтан, 
оны 
тек 
отырықшылардың үлесі деп жариялау.
- Жеке зерттеушілер республикада екі тип бар дейді: біріншіден, 
психидиагностикаға икемді «еуропа орталықтандырылған» тип, екіншісі-
этноорталықтың мінез-құлыққа және дінге бағдарланған «ортодоксты-
азиялық» тип. 
- Түрік халықтарының мәдени мұрасының түбінде арийлік архетип 
жатыр, олардың мәдени жетістіктері ирандық «баулудың» нәтижесінде 
қалыптасқан. Кейбір зерттеушілердің түпкі атамызда ақ нәсілдік тип 
басым болған, сондықтан олар арийлер деп жариялауда кездеседі. Бір 
тілдік топтың әр түрлі нәсілдерден құралу мүмкіндігін ескерген жөн. 
Мәңгүрттік менталитеттік өкілдерінің типтік белгілерін күнделікті 
өмірденде аңғаруға болады. Жоғарыда келтіргеніміздей мәңгүрттік типке 
тарихи жадыдан алыс болу жатады. Тарихи жады мен руханилықтың 
маңызды бір тармағы-әрбір ұлттың адамгершілік туралы түсініктері мен 
әдеп жүйесі. Батыстың мәдени ауысушылықтың белгілері бір жақтары 
қазақтың ұлттық тәлім-тәрбие жүйесіне принципиалды сәйкес келмейді. 
Кейбір басылымдар ақша үшін құныға тарататын жезөкшелік, 
нашақорлық, маскүнемдік, рэкет, отбасылық құндылықтарды сыйламау
ж.т.б. осы сияқты құбылыстар мәңгүрттікке апаратын тура жолға жатады. 
Әрине, тек Батысты кінәлай беруге де болмайды. Көп жағдайда батыстық 
өркениет ізгілікке жатпайтын теріс қылықтарды тежеп, мәдениетті 
нарықтық гуманистік әдеп жүйесімен үйлесімді қоса білген. Бұл жерде 
әңгіме транзиттік (өтпелі) қоғамдағы мәдени қайшылықтар туралы болып 
отыр. Сосын ұлттық тілді жақсы меңгеруге әр уақытта мәңгүрттік 
менталиттен құтқара алмайды.
Кейде мәңгүрттік мәдени типтен (оны мәдениет деп айту шартты 
нәрсе) маргиналдықты тұтас қарастыру кездеседі. Оның үстіне 
маргиналдар қатарына ана тілін білмейтіндерді де қосады. Сонымен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет