Оқулық Алматы 2021 Барлық оқу формаларындағы «Мәдениеттану»



Pdf көрінісі
бет54/69
Дата02.12.2023
өлшемі3,53 Mb.
#132232
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   69
Байланысты:
мадениеттану кытап

 
Пысықтау сұрақтары: 
1. Қазақстан Республикасының мәдениеті. Тәуелсіздік және мәдениет 
байланысын көрсетіңіз? 
2. Батыс пен Шығыс өркениеттері сұхбатында қазақ мәдениеті қандай рөл 
атқарады?
3. Қазақстанда демократиялық саяси үлгінінің қандай мәдени-өркениеттік 
негіздерін атап өтуге болады?
4. Қазақстанда 
нарықтық қатынастар қандай мәдени-өркениеттік 
негіздерде өрістеді? 
5. Адамдық ынтымақтастық пен өзара көмектің қазақ мәдениетінде 
қандай үлгілері орын алды? 
 
13. ЖАҺАНДАНУ МӘНМӘТІНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН 
МӘДЕНИЕТІ 
Мақсаты: 
Қазақтан мәдениетіндегі әмбебаптылық пен төлтумалыққа 
талдау беріп, жаһандану және ұлттық бірегейлік тұжырымдамалық 
негіздерін жүйелеу, заманауи Қазақстанның мәдени типологиясының 
маңыздылығын дәлелдер, 
жаһанданушы әлемдегі орнықты даму және 
экологиялық мәдениет
маңыздылығын анықтау. 
 
13.1. Жаһандану және ұлттық бірегейлік 
 
Ұлттық өзіндік бірегейлену жағдайларында жеткілікті өткір 
формалар қабылдайтын, дәстүр мен жаңашылдықтың арасындағы 
дағдарыстың нақтылығы мен мәжбүрсіздігін еске алмауға болмайды. 
Ұлттық мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюы жағдайында ұлттық 
мәдениет 
ұлттық 
мемлекеттіліктің, 
ұлттық 
азшылықтардың 
құндылықтары мен нормаларын, сонымен бірге этноәлеуметтік және 
жалпыадамдық мәдени бағдарларды өзінде жинақтайды. Бірақ, білімнің, 
коммуникацияның 
жаңа 
формаларының, 
озық 
технологиялық 
тәжірибенің басымдылығы, ұлттық мәдениет шектерінде жеңіл 
сіңірілетін, жалпыиндивидуалдық заңдылық өлшемдерін қабылдағаны 
анық. Модернизациялық үдерістердегі гумандық жағына қарай бұрылыс, 
мәдени әрекеттегі тұлғалық басымдылықпен себептелген, жаңа сапалар 
үшін негіздерді (мәдени, өркениеттік) ашады. 


254 
Қазіргі әлемде рухани өмірдің стереотиптенуінің жаһандық 
үдерістері жүзеге асуда, сондықтан этнос мәдениеті әлемдік мәдениет 
кеңмәтінінен 
тыс 
өмір 
сүре 
алмайды. 
Ұлттық 
мәдениеттің 
қайталанбайтындығы оның адамзаттың өркениеттін қозғалысынан 
бөлектенуін ұйғармайды. Техногендік әрекеттердегі жаһандандыру 
үдерістерін нысанаға алған, бүгін құрастырылып жатқан адамзат 
бірлігінің мұраты ретіндегі жаһандану бағдарлары оған қайшылықты 
қатынас туғызады. Жаһанданудың ықпалы дүниежүзілік қауымдастықтың 
дамуына, жеке мемлекеттердің дамуына да, этникалық көптүрліліктің 
сақталу болашағына да, тұтас мәдениеттің жай-күйіне де тиеді. Түбінде 
барлық өзгерістер, жаһанданумен ілесіп жүретін, әлеуметтік-мәдени 
трансформацияларға ең сезімтал болып келетін, әрбір адамның өміріне 
көшіріледі. 
Алайда бұл мәселе бойынша зерттеулерде жаһанданушы әлем 
жағдайында күрделі эволюцияланушы жүйе ретіндегі мәдениеттің күйі 
мен жаһанданудаң антропологиялық мәселелері ғылыми талдауда 
алғашқы қатарда тұрған жоқ. Мәселенің экологиялық және геосаяси 
жақтары, әлемдік экономиканың интернационалдануы жеткілікті анық 
көрсетілген, мәдениет саласындағы үдерістердің шиеленісуі жеке 
жаңғырықтық көріністер сапасында қарастырылады. 
Адамзаттың бүгін екі үлкен қосынға бөлінгені әбден анық. Бірақ бұл 
бәрінен бұрын көркем метафора, өйткені бұл бөлініс кеңістіктік-
территориялық немесе идеялық-саяси ұстындар бойынша жүргізілген 
жоқ. Адамзат өркениеті тарихында алғашқы рет адамдарды құндылық 
және тіршілік мәні бағдарлары айқын ажыратып тұр. Бұқаралық ақпарат 
құралдарындағы табиғи катаклизмдер туралы күнделікті хабарларға мән 
бермейтін, демографиялық қопарылыстар жөніндегі қайталанушы 
ескертулерге үйреніп кеткен, өз өміріне риза, әлеуметтік жанжалдар мен 
соғыстарды, эпидемияларды, аштық пен лаңкестікті елемейтін, жер шары 
тұрғындары бір бөлігінің дүние қабылдау ерекшілігі, мүмкін, жердегі 
бүкіл тіршіліктің жойылып кету қауіпінің жоқ екендігіне әбден сенуден 
тұратын шығар. 
Бұл үмітсіз жеңіл ойлы оптимистердің әрбірінің әлдебір тектік 
жадысында бекітілген және соған сай құндылықтар жүйесінде 
мәдениетпен қуатталған ақпарат, оларды адамзаттың игілікті болашағы 
туралы иландырады. Алайда ядролық энергия ғасырындағы әлемге деген 
осындай жайбарақат қарым-қатынас планеталық қауымдастық үшін 
жойылу қауіпін туғызады. Адамдардың біршама бөлігі оны ұстанатын, 
өтіп жатқан үдерістерге деген көзқарастың, бұрын болмаған биіктік пен 
күрделікке жеткен адамзат өз дамуында түпсіз құз-шыңыраудың 
жағасында тұр деп түсінуі, таңқаларлық емес. «Біз ойластыра 
алатынымыздан, біздің жауаптылығымыз анағұрлым артық,-дейді Ж.П. 
Сартр,-себебі ол бүкіл адамзатқа таратылады» (Сартр Ж.П. 
Экзистенциализм-бұл гуманизм//Құдай ымырттары.-М., 1990, 324 б.). 


255 
Жаһандану замандық әлеуметтік, мәдени дамуға күшті толқу береді 
және адамзат сол мәселелермен танысқаны кеше емес. Еске түсіретін бір 
нәрсе, бұл мәдени және әлеуметтік үндестердің интеграциялық
бастамасын дамыту сияқты жаһанданулық тенденция, ХХ ғасырдың 
соңғы төртінші ширегінде екпінмен ашылғанымен бірақ та адамзат 
олармен кемі екі жүз жыл бұрын істес болған. Сол немесе басқа формада
адамзат байланысты қалыптастыруға және өзара байланыс үрдісін 
жалғастыруға ұмтылды. Жаһандану өзінің қалыптасу үрдісінде мәдени 
әлеуметтік мықты дамуға айтарлықтай тұрақсыз сілкініс берді.
Жаһанданудың уақыттық және кеңейіп ашылып «жетілуі» мәдени 
әлеуметтік үрдіс ретінде бізге оны тек өткен және алдағы жағдайды 
салыстыру жолы арқылы ғана бағалауға мүмкіндік беріп қоймайды, 
сонымен қатар жаһанданудың жалпы даму үрдісінің қыр-сырын 
толыққанды зерттеуге мүмкіндік береді. Ойлаудың сабақтас принциптері 
біздің алдымызға баламалы негізді шешуші жағдайдағы жолмен шешпей, 
шын жағдайдың жолын салыстыруға мүмкіндік береді. Қаншалықты 
синергетика дамудың қайталанбас терең мәнін түсінуге, оның тарихи 
ретроспективтік және перспективтік шарттарын көрсеткенімен, ол көп 
нұсқалық пен алтернативтілікке алып келеді. 
Күш арқылы мәдени әлеуметтік үндестіру бағыты өзгеруінің 
ықпалымен мәдени дамуыдың кездейсоқ сипаттамасы жүйе ретінде 
өршіте түседі. Олар ауыспалылық флуктуацияның өзіне тән жолымен
стимулятор ретінде болған кездегі жағдайда пайда болды, яғни әртүрлі 
ұқсастықты күшейтеді, сезімталдықтың бастамасын өзгертеді жүйелердің 
эволюциясының толық дискретті көмегін тудыртады. Тұрақсыздыққа 
байланысты, флуктуация күшейе түседі. Бұрынғы жүйенің құрылымын 
ол қозғалысқа келтіретін және оны өтпелі кезеңнен шығаратын болады. 
Дәл сол уақытта мәдениеттің алдында басқа аумаққа өту үшін жолды 
таңдаудың ауқымды бейнесі ашылады. Аңғаратын бір нәрсе дамудың 
жобасында бір-бірінен мүдделі өзгеше болуы мүмкін және жаһандану 
үстінде көрсетілген немесе басқа мәдениеттің мақсатының мүмкіншілігі, 
тек қана кеңейіп коймай, сонымен қатар тарылуы да ықтимал. 
Өзіндік ерекшелікті сақтау мәдениеттің әмбебап қасиетті дәстүрін 
концервациялауды, мәдени формальды қарапайымдауды, қысқартуды 
білдірмейді, сонымен бірге айналасында инновация өрістейтін, әрқашан 
да күрделенетін, мәдениет өзегінің тұрақтануына және дамуына алып 
келеді. 
Сондықтан жаһандану жағдайында тек қана әр түрлі мәдениеттің
дәстүрлерінің, сәйкестігінің мәселесі ғана маңызды болып табылмайды, 
сонымен қатар құндылықтар да келешегі бар болып есептеледі. Батыстың 
жолы, протестанттық құндылықтың негізінде ортақ бір этиканың 
қалыптасуына, бұкаралық сананың ұқсастығына алып келетін мәдениет 
әр алуандықта, өз мақсатында әмбебап болып есептелмейді, сондықтан 
әртүрлі көзқарастардың типтеріне ол үндес келеді. Қаншалықты


256 
мәдениеттің бейімделу мүмкіндігі күрт төмендейтіндіктен, мұндай 
жаһандану идеясы тығырыққа алып келуі мүмкін. 
Жаңа форманы қабылдау-бұл мәдениеттің өзін дамыту кезеңі, 
сондықтан заманауи этникалық мәдениеттердің өзі алмасушылықтан 
тәуелсіз емес, себебі озық мәдениеттерді дамытатын жаһандану үрдісінде 
көбінесе жаңа форма қалыптасады. Құрылымның тұрақтылығы 
әркелкіліктің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Қолайлы жол, шектіліктен 
бас тартып, шегіну болып ол көрсетіледі.
Партикулярлы және әмбебап, шектелген және жаһанданған, 
жергілікті және жалпы дағдарыстар оның негізгі категорияларына 
жатады. 
Бірақ 
та 
экономиканың 
өзгеріс 
мысалы, 
оны 
халықаралықтандыру процесі, және экономикалық өзгерістер әр деңгейлі 
құбылыстар болып табылады. 
Өзіндік ерекшеліктің негізі ретінде шығатын оның этномәдени 
(жергілікті) бірегейлігін сезініп, түсінуіне кедергі жасалмайтын басқа 
мәдениеттен қажетті элементтерді оған алып үйренуі керек. Бірақ та 
инновациялық қоғамды қалыптастырушы үлгі, тек жаңа нәтежелердің 
жетістіктеріне және шығармашылыққа талпынған әлеуметтік-мәдени 
тәжірибе мен иновацияларды сақтаудың амалы болып табылатын 
дәстүрлердің 
өзара 
толықтырушылық 
принциптерінің 
бұзылуы, 
мәдениеттегі құндылықты бағдардың күрт өзгеруіне, даму ырғағының 
жылдамдауына алып келеді. Мәдениеттің инновациялық қабаттында 
басымдылыққа ие дәстүрдің негізі болып табылатын, жаһандану 
тенденциясының ықпалы заманауи әлеуметтік-мәдени жағдайға ықпалды 
алуандылыққа түсіреді. Дәстүрлер және инновациялар арасындағы 
ұқсастықтың бұзылуы мәдениет «ырғағының шиеленісуінің» енуі 
жайында айғақтай түседі-шеңберлік динамикасының заңдылығына оның 
сай келуі, сонымен бірге сол фазаның тоқырауын көрсетеді. Жүйе өзінің 
мәнді белгісін жоғалтпайтын жағдайдағы, мәдениеттің айқындалуы 
қозғалыстың ерекше логикасына ие болады, дегенмен оның даму 
процесіндегі қалыптасқан байланысты жоғалтады.
Қоғам дамуының жаңа арнаға түсуі, яғни еліміздің егемендік алуы 
қаншама құндылықтарға жол ашты. Қоғамның бағыт-бағдары, 
қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі өзгерді, мұның өзінің 
жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына әсер-ықпалы болмай 
қалған жоқ. 
Қазіргі таңдағы жастардың мәдениеті келешектегі қоғамдық даму 
үдерісінің негізі бола алады, ұрпақ алмасуына орай қоғамдық санадағы 
өзгеріс мазаламай тұрмайды.
Қазіргі жастарды қандай «идеяларға қызығады», олардың 
трендіндегі мәдени-әлеуметтік немесе субмәдени құбылыстар, ең басты 
приоритеттері, жалпы мағыналық идеалдары, кеңінен қолдау тапқан 
жаңаша жөн-жоралғылар, неге алаңдады, нені қажетсінді т.б. тәрізді 
сауалдар қазіргі жастардың образын ашудың параметрі бола алады. 


257 
Мұндағы негізгі өлшем-құндылықтар жүйесі. Әр ұрпақтың өз түсінік-
көзқарасы барын ешкім жоққа шығара алмайды. Біздің білуімізше, 
құндылықтардың әлеуметтік-тұрмыстық, моральдық, абсолютті-мәңгілік, 
жалпыадамзаттық, ұлттық, материалдық, саяси, рухани-діни, мәдени, 
тарихи түрлері бар.
Қазақстан 
жастарының рухани құндылықтарын қарастыру 
барысында жалпы рухани құндылықтарға талдау жасаған философ С.Е. 
Нұрмұратов: «Құндылықтар адам өмірінің мәнділігін, бағыт бағдарын 
анықтаушы рухани күш ретінде қала бермек»-дей келе былай деп 
тұжырым жасайды: «руханилық орныға бастаған қоғамда құндылықтар 
әлемі өзінің нағыз шынайы бейнесінде, өз формасында болмысын 
көрсетеді және адам үшін қызмет етеді, жеке тұлғаны бұл өмірде 
бақыттылыққа жеткізеді» (Нұрмұратов, С.Е. 2000. Рухани құндылықтар 
әлемі: әлеуметтік философиялық талдау.-Алматы, ҚР БҒМ Философия 
және саясаттану институты, 178 б.). 
Қазақстанда құндылықтар үдерісінде жаңа құндылықтар орнығуына 
байланысты күрделене түсуде. Сондай жағдайда күрделі және өзекті 
мәселелердің қатарына жаңа мәдени құндылықтар құбылысының өзіндік 
көрінісін жатқызуға болады және ол прагматикалық тұрғыда ғылыми 
пайымдауды қажет ететін ерекше мәдени құбылыс болып табылады. 
Жалпы біз өзіміздің құндылықтарымызға тек теориялық тұрғыда ғана 
емес, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени, рухани-тәжірибелік қырларына, 
қоғамдағы жүріп жатқан мәдени үдерістерге үлкен мән беруіміз керек.
Жалпы 
әлемдегі 
күрделі-қайшылықты 
саяси-экономикалық 
өзгерістер түптеп келгенде, жалпы мәдени-әлеуметтік және рухани-
құндылықтық бағдарлардан туындайды немесе оған айтарлықтай 
өзгерістер енгізеді. Бұл жаһандану заманындағы мемлекетаралық 
кеңістіктің ашықтығына байланысты елімізге өзіндік жағымды-
жағымсыз ықпалын тигізетіндіктен, әсіресе, оның теріс әсерлерінің 
ұлттық руханияттық аймаққа бойлай енуі мәселенің құндылықтар 
тұрғысындағы өзектілігін білдіре алады. Бұл да өз кезегінде Қазақстан 
азаматтарына да ықпалын тигізеді, мұндағы қалыптасып келе жақтан 
жаңа буынның мәдени құндылықтары мен рухани танымының 
қалыптасуына оңды өзгерістер мен қатар жағымсыз әдеттерді де 
қалыптастыруға қарай бет түзейді. Бұл жастардың мәдени танымдық 
қатысуына, мінез-құлқына тікелей әсер ететін құбылыс. 
Жастар субмәдениеті-жастардың жеке мәдениеті. Ол элитарлы, 
яғни барлығына арналмаған. Қоғамдағы негізгі мәдениеттің астында 
қалыптасқан кіші мәдениет болып табылады. Ол өмірлік ұстанымды, өмір 
сүру стилін, мәдениетті анықтайтын тұлғаның әлеуметтенуі, жастардың 
қоғамға бейімделуі. Жастар субмәдениеті-киген киімнен, сөйлеу 
мәнерінен, айрықша әуестенулерден көрініс табатын үлкендер әлеміне, 
қоғамның ережелері мен құндылықтарына деген өзіндік қарсылық. 
Жастардың өмір сүру қалпы және тіршілік ұстанымы контрмәдениет 


258 
шеңберінде болуы мүмкін емес сияқты. Себебі субмәдениет-жалпы 
мәдени құндылықтар мен нормаларға қайшы келмейтін жалпы 
мәдениеттің бір бөлігі, ал контрмәдениет-жалпы мәдени құндылықтар 
мен нормаларға қайшы келетін жалпы мәдениеттің бір бөлігі.
Жалпы барлық кәсіби мәдениет нормативті, өйткені ол адамдарға ең 
жоғарғы үлгідегі-«дүниежүзілік стандарт» деп аталатынға сәйкес 
талаптар қойғанымен, мәдениет нормаларын салт-дәстүр, әдет-ғүрып, 
салт-жоралар, тыйым салу нақтылай түседі. Бұл әлеуметтік 
институттардың өздері де қайсыбір нақты жағдайда қажетті тәртіп үлгісін 
орнықтыратын нормалар болып саналады. Құндылықтар мен мәдениет 
нормалары тығыз байланысқан, яғни нормалардың өзі мәдени 
құндылықтар болып табылады. Мәдени құндылықтар мен нормалардың 
бірлігі мәдениет субстанциясын, оның «денесін» құрайды.
Жалпы 
біз 
Қазақстанда 
трансформациялық 
үдерістің 
ерекшеліктерінің бірі ұрпақтардың құндылық қақтығыстары жоқ екенін 
байқаймыз. Бұл аға ұрпақтың мәдени құндылықтар мұрасын 
тасымалдауда іс жүзінде жүзеге асырылып отырғандығын сипаттайды. 
Дегенмен жаңа ұрпақтың әлеуметтенуі құндылық бағдарлары мен 
құндылық иерархиясының радикалды өзгерістері көлеңкесінде өтіп 
жатыр. Сонымен қатар, мәдени құндылықтардың да типтерінің де 
өзгерістерге ұшырап жатқандығын атап өтуге болады.
Дегенмен 
мәдени құндылықтардың тасымалдау процестері 
әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани қанағаттанарлық ақиқаттардың 
өзгерістеріне жауап беретін нормалардың регулятивті қызметінде, тәртіп 
стереотиптерінің, иерархия мен дәстүрлердің, салттардың, білімдер мен 
нышандардың әлеуметтік танылған ұрпақтан ұрпаққа берілетін жеке 
тұлғаның интернализациялануына немесе әлеуметтенуіне байланысты 
болады.
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір орынды иемденеді және нақты 
міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құқықтары мен 
міндеттері, яғни белгілі бір әлеуметтік мәртебесі болады. Қазіргі 
пікірлерге сәйкес әлеуметтік мәртебе-бұл кәсібіне, әлеуметтік-
экономикалық жағдайына, саяси мүмкіндіктеріне, жынысына, шығу 
тегіне, отбасы жағдайына сәйкес, қоғамдағы, қоғамдық-саяси өмірдегі 
топтың немесе тұлғаның арақатынас жағдайы.
Осы арақатынас жағдайында жеке тұлға қоғамдағы мәдени 
құндылықтарды жете ұғынып, саналы түрде меңгеріп алады немесе 
мәдени құндылықтарды қоғамдағы білім мен тәрбие алу процестерінде 
пайда болған адамның сапалы ақыл-ойы, мінезі, оның ойлау қабілеті, 
сезімі ретінде қарайды. Жеке тұлғаның мәдени мұралар мен мұраттарды, 
яғни алуан түрлі құндылықтарды, ережелерді, нұсқауларды, жоғары 
адамгершілік қасиеттерді, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, бүкіл 
адамзаттың озық тәжірибесін жан-жақты меңгеріп, бойына сіңіруі, оның 
мәдени құндылықтарды бағалауына әсерін тигізеді.


259 
Тұлғалық құндылықтар қажеттілікпен өзара әрекет жасай отырып, 
социогенез үрдісінде қалыптасады. Адам әлеуметтік тәжірибесін өзіндік 
құндылыққа айналдырады. Отбасы-ертеден келе жатқан әлеуметтік 
институт. Оның қоғамдық құндылығының шарты мәдени тұрғыда мәдени 
құндылыққа негізделген өзіндік сананы қалыптастыру болып табылады 
(К.У.Биекенов, С.К.Биекенова, Г.А.Кенжеакимова, 2012. Әлеуметтану.-
Алматы. Раритет, 237 б.). Әрбір отбасының өзіне ғана тән ерекшеліктері 
бар: олардың ішінде жас ерекшелігі және туысқандық қатынастар 
бойынша құрамының әртүрлі болуы, отбасы өмірінің стилі, материалдық 
пен рухани құндылықтарды пайдалану мүмкіндігі, отбасының ересек 
мүшелерінің әлеуметтік кемелдігі т.б. Бұның барлығы тұлғаның 
күнделікті өмірін ұйымдастыру және оған тәрбиелік ықпал жолдарын 
анықтайды. Ал отбасылық микроклиматтың дұрыс болуы көбінесе жеке 
тұлғаның ата-анасымен құндылықтарға деген көзқарастары мен 
ұстанымдарының бір бағытта болуына ықпалын тигізеді. Содан барып 
үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнап, әдетке 
айналып әдептілік ережелерін қалыптастырады. 
Дегенмен жастар құндылықтарды қазіргі өмірдің ырғағына теңбе-
тең нормативтік-құндылық кешенін белсенді және жеткілікті деңгейде 
тиімді игеруде. Қазақстанда өзінің табиғи иерархиясы бар отбасылық 
құндылықтар және ұрпақтан ұрпаққа берілетін мәдени кодтардың берілу 
бірізділігі сақталынған деуімізге болады. Әрине өмірлік құндылықтар 
жүйесіндегі құндылықтар тұлғаның мазмұндық тұсын анықтайды. Бұл 
жүйе адамның қоршаған ортаға, өзге адамдарға, өз-өзіне қатысты 
көзқарасының негізін қалайды. 
Сонымен қатар бұқаралық ақпараттың тармақталған құралдары, 
яғни ғаламтор арқылы жастар мүлдем жалған құндылықтар мен 
көзқарастарды сіңіре бастауынан, әлемдік рухани-мәдени кеңістікте өріс 
алып келе жатқан ақпараттарды талдап, ұлттық таным түсінігімізге сай 
келмейтін қырларын іріктеп барып қабылдау және еліміздегі жағымды 
және жағымсыз идеологиялардың қиюласқан «лабиринттерінен» және 
олардың санаға және бейсанаға ықпал ету өрістерінен жастардың өз 
мақсаттарын анық білуі үшін мәдени құндылықты бағдардың өзіндік бір 
тұтас жаңа жүйесін ұсынуды қажет ететіні белгілі.
Бұл үшін прагматизмнің орны мен рөлі өте жоғары. Прагматизм 
қазіргі жастар үшін аса қажет. Осы тұрғыдан алғанда прагматизм өзіңнің 
ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, ысырапшылдық пен 
астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Ол
ұлы дала елінің бойында белгілі тарихи себептермен қалғып кеткен 
прагматизмді ояту арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, іске сілкініс әкелу, 
тәуелсіз елдің санасы мен ағзасын жайлаған отаршылдық, кембағалдық, 
бойкүйездік комплекстерінен тұтастай арылту. Шынайы мәдениеттің 
белгісі орынсыз сән-салтанат емес, ұстамдылық, қанағатшылдық, 
қарапайымдылық, үнемшілдік пен ресурстарды орынды пайдалану. 


260 
Жастар социумның жай ғана бөлігі ғана емес, ертеңгі күні 
қоғамның барлық саласындағы бүгінгі ересектерді алмастыратын дайын 
ресурс болғандықтан, келешектегі заманның келбетін жасап береді. 
Ендеше, «олардың пайымдаулары мен дүниетанымы, өмірге және өз 
міндеттеріне деген көзқарасы, мәдени құндылықтар мен игіліктерді 
түйсіну деңгейі қандай» деген сұрақтарға бейтарап қарауға болмайды. 
Нақтырақ айтқанда, ұлттық мемлекетіміздің болашағы оларға тікелей 
байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет