13.2. Заманауи Қазақстанның мәдени типологиясы
Егер тоталитарлық жүйеде қоғам мемлекет ішіндегі бағынышты
тетікке айналса, онда көптеген посткеңестік елдерде қоғамдық
құрылымдар мүлдем елеңбей қалды: бір жағынан, өзінің мәнді белгілері
бойынша тұлғасыз көпшілікке (масса) айналған халық бұқарасы бар.
Екінші жағынан, жүйелер теориясы бойынша, құрылымы біртиптес
тұтастық түбінде деградацияға ұшырайды. Әрине, Қазақстан және ТМД-
ның басқа елдерінде жаңа әлеуметтік-мәдени құрылымдар қалыптасып
жатты. Алайда олар билеуші топтың белсенділігіне қатысты болды.
Халықтың онда ісі аз болды.
Халықтың бұқаралық мәдениеттің теріс жақтарын өз бойына
жылдам сіңіріп алуының тарихи себептері бар. Біріншіден, еліміздің
негізгі тұрғындары қазақтар мен орыстар ғасырлар бойы қауымшылдық
ділде әрекет етті. Мысалы, Ресейдің «алтын ғасырындағы» соборлық идея
жеке индивидтің ар-ожданы негізінде қоғамдасуын білдіреді. «У ішсең
де, руыңмен іш» деген қазақтар менталитеті айтпаса да түсінікті.
Жоғарыда дәстүрлі мәдениеттегі тұлға мен қауымның арақатынасы
белгіленген. ХХ ғасырдың аяғында дейін ол өз тұрақтылығын сақтап
келді. Социалистік құрылыстағы «коллектившілдік» турасынан алғанда
қауымшылдықтың ерекше түріне жатады.
Бұл сипатта мына бір теориялық қағиданы ескеру қажет:
қоғамдастық, қауым, неше түрлі коорпоративтіктер (клан-ру, діни
ұжымдар, отбасы, мамандық, спорттық бірлестіктер, клубтар, мүдделері
құрылымдар, т.т.) адамдық келісімнің нәтижесінде өмірге келеді және
оған тәуелді болып отырады. Сол себепті тұлғалық және әлеуметтік
бірлестіктер
тарихи-релятивтік
болып
келеді.
Қоғамдастықтың
салыстырмалылығы әлеуметтік-мәдени феномендерінің де шарттылығын
тудырады. Мысалы, КСРО тарағаннан кейін отарсыздану үдерістері
әлемдік өркениеттіліктің басқа тарихи жағдайында өтіп жатыр. Өйткені
ХХ ғасырдың 60-ы жылдарындағы отарсыздану Батыс метрополиясы
емес, бұрынғы метрополияның үлкен болса да бөлігінде жүрді. Сол
себепті этнократиялық ұстаным тарихи үдерістердің жалпы бағытына
сәйкес келмейді, индивидуализмге негізделген қоғамды құру үшін
батыстық немесе ресейлік құндылықтардан алшақтамай, қайта олармен
ұлттық архетиптерді сақтай отыра конвергенцияға бару қажет.
261
Индустриалдық және бұрмаланған тоталитарлық қоғамдардың
дағдарысыстанған және тұлғасыздандырылған әдептік құрылымдарды
шекті. Оның негізінде өркениеттік дағдарыс жатыр. «Өркениет» термині
бұл жерде адам мен қоғамның барлық деңгейлерін біріктіре алатын
құрылымды білдіріп тұр. Үшінші толқын көпшілікке арналмаған жоғары
сапалы индивидуалдық құндылықтарды көздейді. Ұлтшылдық ескі
индустриалдық
қоғамның
туындысы.
Ақпараттық
өркениетте
индивидуалдық құқық нормалары қоғамдық мүдделерден жоғары
қойылады. Ғаламдану ұлттық «шекараларды» бұзып отырады. Бұл жерде
екі
бағыттың
күресі
қазіргі
әлемдік
өркениеттердің
қарым-
қатынастарының мазмұнына айналды. Осы екі бағытқа ғаламдану мен
ұлттық-мемлекеттік төлтумалықты сақтау жатады.
Бұл, әрине, тым «қоюланған» сценарий. Ғаламдану мен
постиндустриалдық өркениеттің теріс жақтары жөнінде жеткілікті
жазылған. Біздің назар аударатын мәселеміз: осы постиндустриалдық
қоғам ондағы тұлға әдебін қалай өзгертті? Басты жауап: Үшінші толқын
мәдениет, құндылықтар мен моральды индивидуалдандырды. Орталық
өзінің көптеген функцияларын шет аймақтарға бере бастады. Өйткені
өзгермелі қоршаған ортада ақпарат орталыққа жеткенше ескіріп кетуі
мүмкін. Тотальдық иерархиялық құрылымдар тиімді нәтижелерге жете
алатын мобильдік топтармен ауыстырыла бастады. Индивидуалистік
мәдениет өндірістік-әлеуметтік қатынастармен бірге білім беру саласын
да қамти бастады. Бұрынғы мектептегі типтік бағдарламалар бойынша
стандартты оқыту мен күнделікті қарадүрсін тексеру постиндустриалдық
өркениет талаптарына сәйкес болмай шықты. Елдерді сандық өлшемдер
бойынша салыстырудың орнына келген адамдық даму индексінің
тиімділігі қанша болса, жалпыға бірдей білім берудің орнына мақсаттық,
дара, арнаулы білім беру де сонша тиімді.
Бұқаралық емес мәдениетте азшылықтың рөлі ерекше артады.
Үндемейтін көпшілік индустриалдық немесе тоталитарлық қоғамдарға
тән. Бір мақсатты көздеген миллиондар шектеусіз қиратушы күшке,
массаға айналып кетуі мүмкін. Егер осы миллиондар өздерінің
индувидуалистік мақсаттарын жеке түсініп және осының негізінде
үйлесімді әрекетке барса, онда біз орнықты дамитын өркениет үлгісін
көреміз. Кейін тарихшылар жалпыға бірдей дауыс беруді және көпшілік
мүддесін ескеруді архаикалық рудимент деп қарастыруы мүмкін.
Бір жағынан, маркстік философияда шынайы ұтымды нақтылы
жалпылық деген ұғым бар. Оны тұтастықтың жеке ерекшеліктері
айқындалған, көптүрліліктің бірлігі деп анықтауға болды. Саяси жағынан
индивидуалдандырылған қоғамдағы демократия өкілеттік емес, тікелей
қатысушы демократиямен ауысады. Егер сайлаған өкілдер біздің
көзқарасымызды дәйекті жүргізе алмаса, онда өз көзқарасымызды өзіміз
жүргізуіміз керек. Мысалы, «электрондық парламент» арқылы; Интернет
жүйесін де естен шығармаған жөн. Мәселе қашанда орталықсыздандыру
262
арқылы шешіле бермейді. Мәселені шешудің жолы -жауапкершілікті
арттыруда. Экзистенциализмнің терминімен айтқанда, кез келген адам
барлығы үшін жауапты. Керісінше емес. Онда анонимді әдепсіз қоғам
пайда болады.
Жоғарыда
келтірілген
қағидалар
қазіргі
өркениеттілік
тенденцияларын сараптаудан алынған. Енді осы тенденциялар мен қазіргі
Қазақстан шындығын салыстыра қарастырайық.
Осыдан бұрын аталып өткендей, Қазақстандағы тоталитарлық
жүйені қазіргі өркениеттілік үлгілерімен (нарық, азаматтық қоғам,
демократия, т.т.) ауыстыру жергілікті элитаның белсенділігімен және қол
жеткен тәуелсіздікті нығайту ұрандарымен жүргізілді.
Еркіндік пен теңдік арасындағы дисгармонияны болдырмау
тұлғалық және әлеуметтік мәдени құндылықтардың арасындағы
амбиваленттік қатынастарды уақытында айқындап, нақтылы тарихи
жағдайларды ескере отырып, үйлестіру шаралармен байланысты. Бұл
жерде жалпы үлгі, схема жоқ. Сонда да әлемдік тәжірибелерден тағылым
алған артықшылық болмайды. Мысалы, Латын Америкасында өткен
рестратификация мен жекешелендіру элита мен халық бұқарасының
арасында терең шатқалдың пайда болуына әкелді және көпшіліктегі
сауатсыздық пен саяси мәдениеттің төмен деңгейі экстремизм мен
терроризмнің пайда болуына себептер болды. Осы сияқты құбылыстарды
Ауғанстан сияқты мұсылман елдерінен де байқауға болады.
Егер Қазақстанда өтіп жатқан рестратификация мен десоциализация
үдерістеріне назар аударсақ, онда осы «латынамерикандық дамудың»
жаңа түрлерін аңғаруға болады. Мысалы, соңғы жылдары бұқаралық
ақпарат құралдарында (әсіресе, теледидарда) «зомби» туралы жиі
айтылып жүр. Аталған ұғымның көркемдік, көпшілік мәдениетінде –
табыстық-кассалық мағынасынан басқа рәміздік (символдық) мазмұны
бар. «Тірі өлік» немесе зомби деп көптеген жағдайда рухани мәдениеттен
тыс адамды айтады. Зомби тарихи-мәдени жадыдан тыс адам. Зомбиге
жақын типтік ұғымға мәңгүрт жатады. Бұл Ш. Айтматовтың көрген
бейнесі кейін әлеуметтік-мәдени рәмізге айналған. Осы ұғым жөнінде
арнаулы талдау біршама жеткілікті болғандықтан, оның кейбір
жақтарына
ғана
назар
аударайық.
Тәуелсіздік
жылдарында
рестратификация мен бірегейлену біздің елімізде этникалық доминанттар
ықпалымен жүргізілгендіктен, кейбір зерттеушілер қазақ мәдениетіндегі
екі субэтнос (қазақ тілді және орыс тілді қазақтар) туралы жазып жүр.
Біздің ойымызша, осындай бөліністің кейібір негіздері болғанымен
қазіргі өркениеттілік үдерістері мен индивидуалданған қоғамда оның
жасандылығы да айқын көрініс табады. Басқаша айтқанда, этносты тілдік
негіз бойынша жіктеу мәдениеттанулық ухрония мен утопияға жатады.
Архаикалық және патриархалдық-кландық сананың белгілі бір өкілдері
орыс тілді қазақ мәдениетінде мәңгүрттік белгілер бар дегенді де
шығарады. Өйткені олар үшін рухани мәдениет қоршаған орта мен заман
263
талаптарына оқшауландырылған мұражай сипаттас болып келеді. Бұл
сана ежелгі туысқандық қатынастарды адамдық пен кісіліктің жоғары
үлгісі деп жариялады.
Қазіргі қазақстандық мәдениеттегі негізгі мәдени-әлеуметтік
типтерге көшейік. Мәселенің бұрын зерттелмегенін аңғару қиын емес.
Мәдени-әлеуметтік тип ғылымда қалыптасқан қағидаларды талдаудың
нәтижесінен гөрі, өмір идеяларын жалпылаудың тәжірибесіне жақын.
Мәдени идентификация (теңестіру) адамның, белгілі бір нақтылы
мәдени ортада өзін-өзі сезіну деңгейіне байланысты. Адам туғанынан
құндылықтар жүйесін, әдетте, сол күйінде дайын қабылдайды
(отбасылық, топтық, этностық, мемлекеттік, өркениеттік т.б.). Еркін
таңдау қабілеті тек шығармашылық типтегі адамдарға тән. Бұл ретте,
әсіресе этникалық сананың тұрақтылығын, рәміздері (мифтері, аңыздары,
мұраттары, қасиетті символдары, салттары т.б.) мен дүниетанымының
өткен кезден сусындап тұратынын ескерген жөн. Этномәдени сана «біз
және біз емес» деген ажыратушылық оппозицияға негізделген. Бұл сана
адамды өткен тарихқа басты назар аударып, этностың түп-тамырларын
құрметтеуге шақырады. Бұл-жағымды әрі қажетті талап. Өзін
сыйламаған, басқаны да сыйлай алмайды.
Алайда, этномәдени ментальдықтың әсіре бейнеленген типтері бар.
Олардың бірі-архаизм. Архаизм-мәдениеттің өтіп кеткен сатыларын
қайтадан қалпына келтіруге бағытталған.
Бұл типке зерттеушілер кейде
«дәстүршілдік», «ортодокстық», «фундаменталистік», «партикулярлық»
сияқты белгілерді де қосады. Шынында да, мәдени жүйе өзін өзі сақтап
қалғысы келеді, тұрақты бастауларынан алыс болмауды қалайды. Екінші
жағынан
алғанда,
адамның
шығармашылдығы,
жасампаздығы,
жаңашылдығы белгілі. Осы екі тенденция бір-бірімен тайталаста болады.
Архаистік бағдар туралы бірнеше деректер келтірейік.
Бұл мәселені А. Тойнби жан-жақты қарастырған. Оның пікірі
бойынша, архаистік мәдени бағдар мінез-құлық бітімдерінде, өнерде,
тілде, дінде, экономика мен саясатта байқалады. Мысалы, Германия
тарихындағы «тевтонизм, таза қанды арийлік» идеялары мен фашистік-
корпоративтік мемлекет құру тәжірибесі, Израильдегі өлі тіл ивритті
тірілту әрекеті, Үндістандағы санскритті қалпына келтіру талпыныстары,
Рим императоры Августың христиандықты көне тайпалық діндермен
алмастыруға тырысуы осы архаизмнің көріністері болып табылады.
Фундаменталистік дүниетаным тіршіліктің негізгі қағидаттарына
сәйкес келмейді. Дж. Холденнің эволюциялық ілімі бойынша табиғи
сұрыптаудың нәтижесінде ішкі өзгерістерге бейімделмеген жүйе
дегенарцияға ұшырайды. Ал кибернетик Pocc Эшби жабық және кесімді
ұйымдастырылған жүйелерде энтропия артып, коллапстық қалып туады
дейді. Мұның мәдениетке не қатысы бар деушілердің де табылуы мүмкін.
Алайда мәдениет бүкіл әлемдік зандылықтардан тыс болатын «мәңгі
қозғаушы» емес.
264
Архаистік мәдени тип заман өзгеріп, қалыптасқан өмір салты
шайқалған өтпелі кезеңдерде ерекше байқалады. Ескі құңдылықтар
жүйесін қирату әр кезде уақыт сынынан өткен үйлесімді құндылықтарға
жеткізе бермейді. Бұрынғыдан бас тарту кейде болашаққа емес, оның да
алдында болған мәдени бітімдерді жаңғыртуға бағытталуы мүмкін.
Қазіргі Қазақстан Pecnyбликасын алып қарайық. Отаршылық және
тоталитарлық мәдени құндылықтардың жалғандығы айқындалды және
төл мәдениетті жаңғырту ниетіндегі заңды әрі түсінікті ұмтылыс
қалыптаса бастады. Бірақ азаматтық қоғамның орнына жеті аталық
үрдіске, рулық-тайпалық басқару жүйесіне, исламның орнына тәңіршілік
пен шаманизмге қайтып келу, дүниежүзілік тарихты шежірешілдікпен
ауыстыру және тағы басқа осы архаизмнің көріністеріне жатады. Тағы бір
мысал келтірейік. Әрине «жеті атасын білмейтін ұл жетесіз». Бірақ
қазіргі ақпараттық әлемде, экрандық мәдениетте, өркениеттердің тоғысу
заманында бұл мәселе тәрбиелік-жадылық мағынаға ие болып, басқа
өркениеттілік құндылықтарға орнын береді.
Қазіргі кезде өркениетті елдерде мәдени тұтастанудың төмендегідей
жүйесі қалыптасқан: адам-отбасы-мәдени шағын топ-этномәдениет-үлкен
өркениет-адамзат. Бұл жерде формалдық логикадағы ұғымның мазмұны
мен көлемінің кері қатынасы заңды әрекет етеді. Яғни, ең мағыналы
мәдени тұлға адам болып табылады. Ұғымдардың көлемі кеңейе берген
сайын комплиментарлықтың деңгейі де азайта түседі. Енді архаистік
нұсқаны келтірейік: қауым мүшесі-ата баласы-ру-тайпа-жүз-ұлт. Ары
қарай байланыстың ықтималдық дәрежесі төмен. Бұл жүйенің басқа
адамдарды ассимиляциялау қабілеттілігі де жеткіліксіз. Түрік
халықтарының тарихынан инкорпорациялық деңгейі жоғары болған
этностардың санының тез өскенін байқаймыз. Бұл да ескеретін жайт.
Әсіресе дәстүршілдіктің көріністеріне қазақтың және әр жүздің ханын
сайлау, шариғат пен қазылық салтты қалпына келтіру, батыстық киім
үлгілеріне тежеу сияқты пікірлерді ұсыну жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |