283
басқарушы-билер болып бөлінгені белгілі. Қазіргі
заманда бұл бөліністі
қалпына келтіру архаикалық сананың қатпарларына жатады және
болашақ үшін кертартпалық мазмұны бар.
«Демократиялык мемлекет» моделі тек саяси билік пен азаматтық
коғам арасындағы кері байланыстардың жүйесін талап етпейді, ол
сонымен бірге саяси билік институттарының әрекет етуінде барлық
әлеуметтік топтар мүдделерінің ескерілуін де кажет етеді және олардың
билік ұжымдарының өкілеттілігін корғап отырады. Осындай өкілеттілік
халықтың сайлаған адамдарының міндетті түрде теориялық арнаулы
дайындалған сарапшылар немесе мамандар болғанымен шектелмей, билік
құрылымдарын қалыптастыруды демократиялық жолмен өткізу арқылы
жүзеге асады. Азаматтар мүдделерін білдіру және корғау құқығы,
депутаттарда арнаулы білімдер жүйесінің
барлығымен ғана немесе
олардың әкімшілдік-бюрократиялық элита жасаған формалды талаптарға
сәйкес келетіндігімен емес, репрезентативті демократияның саяси-
ұйымдастыру ұстанымдарымен негізделуі қажет.
Қоғамды қалыптастырудың демократиялық ұстанымдарын нығайту
жоғары деңгейдегі саяси мәдениеттілікті талап етеді. Қазіргі өркениетті
әлемнің саяси мәдениеті тұлға орталықтық сипатта болады. Оның мәнісі
ашық қоғамның жоғары құндылықтарына сай келетін, барлық
нормативтік салаларда жеке өмір мен бостандыққа бағытталған адам
құқықтарын қорғаумен байланысты.
Постиндустриалдық
коғамда
ерекше
консенсус
(келісім)
қалыптасқан: көп тұлғалық жағдайда әрбір жеке тұлға өз мүдделерін
білмеуші пердесін жамылып алып, рационалды түрде басқалармен
үйлесімді
шешімге келеді, яғни әділдік ұстанымы жүзеге асады: әрбір
адам басқалармен салыстыруға келетін ең жалпы
түбегейлі
еркіндіктіктерге бірдей құқылы болып шығады және осы аркылы табиғи
құқықтың И. Кант айтып кеткен әмбебапты еркіндік ұстанымы жүзеге
асады: «Әркімнің еркіндігімен және жалпы заңмен сәйкес бір адамның
жігер еркіндігі кез-келген тұлғада көрініс таба білуі қажет». Яғни, жеке
тұлғаның еріктілігі жалпы бостандықтың негізі болып табылады.
Осындай модель азаматтық коғамның либералды-демократиялық
ұстанымдарына сәйкес келеді.
Алайда, әлеуметтік келісімнің ұлттық дәстүрлі түптамырларын
ескермей демократияның батыстық формаларын абсолютке айналдыру,
ең жақсы дегенде, қатып-семіп қалған, абстрактылы догмалар мен
схемаларға әкеледі. Бұл жерде формалды
логиканың ұғым көлемі мен
мазмұнының кері қатынасы туралы заңдылығын ойға түсіруге болады. Біз
тым жиі, тым жалпылама, абстрактылы, тікелей өзін алғанда әртүрлі
құбылыстарды тым тар білдіретін ұғымдар (демократия, халық, мәдениет,
мемлекет және т.б.) арқылы ойлаймыз. Жалпы, дұрыс ұғымдар өмір
нақтылығымен толықтырылып отырылуы қажет.
284
Қазақ өркениеті және оның әлеуметтік-ділдік рефлексиясы
партиялық-саяси плюрализм негіздерінде қалыптасқан емес және оның
құндылықтарының институционализациясы парламенттік түрлер арқылы
жүрген жоқ. Бірақ бұдан келіп қазақтың дәстүрлі саяси мәдениетінде
тұлғааралык қатынастарды әлеуметтік-мәдени реттеу және билік бөлінісі
болған жоқ деген пікір тудырмаған жөн. Тарих қазақтың көшпелі
мәдениетінде билік бөлінісінің де,
толеранттылық, плюрализм, адам мен
қауымның бағалылығы. еркіндікті сүю сияқты мәдени-әлеуметтілік
құндылықтарының да бар болғанының куәсі.
Ұлттық ерекшеліктерді ескеру демократия үлгілерін таңдауда,
әрине, үлкен мәнге ие болады. Алайда, әлемдік тәжірибе көрсеткендей,
тек ұлттық ерекшеліктерден шыға алмау демократияның орнықты және
пәрменді дамуына ыңғайлы бола алмайды. Кейбір саясаттанушылар
тоталитаризмнен демократияға өту уақытында ақылға сыйымды
авторитаризм кезеңі кажет дегенді айтады (А. Мигранян және И.
Клямкин). Осымен демократиялық өзгертулердің дәйексіздігі ақталады;
ізгілік
жартылай болмайтындығы сияқты, қысқартылған демократияны
жақтау, көбінесе, спекулятивтік сипатта болады.
Д
емократия мәдениттілігінің әмбебапты құңдылықтары 1995
жылғы
әлем
мәдениеті
туралы
ЮНЕСКО-ның
жинақталған
баяндамасында былай делінген: «Демократиялық мәдениеттілікті
қолдауға бағытталған шараларды күшейте түсу қажет және ол мынадай
әрекеттермен толықтырылады: азаматтық қоғамды мобилизациялау,
саяси партиялардың еркін калыптасуына жағдай туғызу, сайлауға көмек
беру, тәуелсіз ақпарат құралдарының дамуына үлкен көңіл бөлу, адам
құқықтарын сақтау арқылы бейбітшіл саяси мәдениетті қалыптастыру
және оның жүзеге асуын тұрақты бақылап отыру, үкіметтегі мемлекеттік
басқару секторларының және демократиялық құрылымдарының
әрекеттеріндегі ашықтықты, есептілікті
және сапалықты жақсарту, оған
коса заңдылық жүйесін жетілдіру. Парламенттің, соттың және
сайланылған ұжымдардың басқарушы құрылымдарын жетілдіргенде
орталықсыздандыру мен жергілікті басқару органдарына ерекше назар
аудару қажет және осы үдеріске азаматтық қоғамның ұйымдарын
қатыстыру маңызды» (На пути к культуре мира: Свободный доклад,
содержащий проект Декларации и программу действий в
области
культуры мира. Париж, 1998. – 34 б.).
Демократияның әмбебапты үлгісі жоқ, бірақ қазіргі әлемдегі кез-
келген адам шынайы демократиялық құндылықтарды интуитивті түрде
ажырата алады. Әлем мәдениетінің максаты осы құндылықтарды нығайту
және тереңдету міндеттерімен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: