Оқулық Алматы 2021 Барлық оқу формаларындағы «Мәдениеттану»


Жаһанданушы әлемдегі орнықты даму және экологиялық



Pdf көрінісі
бет58/69
Дата02.12.2023
өлшемі3,53 Mb.
#132232
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   69
Байланысты:
мадениеттану кытап

13.3. Жаһанданушы әлемдегі орнықты даму және экологиялық 
мәдениет 

Жаңа өркениеттің басым құндылықтарының біріне «орнықты 
даму» концепииясы жатады. Ең алдымен, орнықты даму концепциясын 
адамзат тарихында алғашқы рет Рим клубының өкілдерінің тұжырымдап 
бергенін еске алған жөн. Рим клубының оң баяндамаларында қазіргі 
экологиялык жағдайды талдау негізінде Батыс өркениетінің ғылыми-
техникалық экспансиясының нәтижесінен туындаған казіргі әлемнің 
жүйелік дағдарысы туралы қорытынды жасалды. «Қазір,-деп жазады 
Ф.Сен-Мара,-біз, табиғи кеңістіктің жетіспеуінен және әлсіздігінен 
болашақ адамзаттың өмір сүру кауіпсіздігін пайымдау арқылы түсінілген 
табиғат ғасырына-жаңа заманға аяқ бастық» (Сен-Мара Ф. Социализация 
природы.-М., 1977.-54 б.). Рим клубының бірінші баяндамасының 
авторлары 
бойынша, 
өркениеттілік 
дағдарыс 
шекті 
кеңістікте 
экспоненциалдық дамудан туындайды. Егер өткен ғасырларда ғылыми-
техникалық прогресс индустриалдық қоғамды дамыту арқылы адамзат 
алдында тұрған қиындықтар мен мәселелерді шешуге себебін тигізсе, 
онда бұл күндерді прогрестің өзі адамзат үшін қауіп төндіріп тұр. 
Алғашқы баяндамаларда адамзат дамуының болашағы жөнінде 
пессимистік сарыңдар басым болса («даму шектері», «нөлдік даму», 
«болашақтық шок»), кейін қазіргі адамзат дамуындағы бағыттарды 
өзгертетін кең көлемді бағдарламалар түйінделді (Нэсбит Д. Және 
Эбурдин П. Мегатенденциялар. 2000 жыл. Бізді 90-шы жылдары не 
күтеді?-Москва, 1982). Осы және басқа да еңбектерде еңбектерде 
адамзаттың «бүкілғаламдық тепе-теңдік» пен «орнықты дамуға» қол 
жеткізе алатындығы дәлелденді. 
Бұл тек қана өндірісті жаппай дамыту мен шектелмейтін, адамдық 
дамуды алдыңғы қатарға шығаратын және жер бетінде өмір сүретін 
барлық адамдардың негізгі талап-мұқтаждықтары мен құндылықтары 
өтелетін, әркім өзінің тұлғалық адами мүмкіндіктерін жүзеге асыра 
алатын (Д. Медоуз) өркениеттілік қалыптасып келе жатқандығын 
білдіреді. Осындай орнықты және тұрақты, үйлесімді дамуды жүзеге 
асыру үшін қажет мөлшерден ауылшаруашылық өнімдерін өндіре алатын, 
жан басына шаққандағы ресурстарды қамтамасыз ететін минималдық 
деңгейінен аспайтын даму және демографиялық шектерді анықтау қажет. 
Орнықты 
даму 
концепциясының 
жаңа 
мыңжылдықтың
табалдырығындағы қазіргі адамзат болмысының өзекті мәселесі екендігі
1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта мен орнықты 
даму жөніндегі халықаралық конференцияда аталып өтті. Осы жиын 
қабылдаған Декларациядан үзінділер келтірейік. 


272 
«1. Адам жөнінде қамдану орнықты дамуды жүзеге асырудағы 
әрекеттерде орталық орын алады. Адамдардың табиғатпен үйлесімді, 
салауатты, жасампаз өмір сүруге құқығы бар...» 
«3. Даму құқығы бүгінгі және болашақ ұрпақтардың даму және 
қоршаған орта салаларындағы қажеттктерін әділетті түрде жүзеге асыру 
керек». 
«6. Дамушы елдердің, солардың арасында, бірігші кезекте, ең төмен 
дамыған және экологиялық жағдайы қауыптілерінің ерекшеліктері мен 
қажеттіліктеріне басты назар аудару керек». 
«25. Әлем, даму және қоршаған ортаны қорғау бір-біріне 
байланысты және бөлінбейді» (Ноосфера – устойчивое развитие. –
Алматы. 1996. № 1.-22 -28 бб.). 
Орнықты даму ұстанымдарының өлшеуіші ретінде адам алынады. 
Соңғы жылдары әлем елдерін салыстыру білімділік деңгейін, адамдардың 
орташа жас мөлшерін және басты қажеттіктерін өтеу сапасын қамтитын 
адамдық даму индексі арқылы жүргізіледі. 
Адамдық көрсеткіштерді ескермейтін, тек табиғатты пайдалануға 
бағытталған, табиғи және әлеуметтік тұтынушылық пиғылдағы ұстаным 
шынайы кісілік байлықты дамыта алмайды: адамды белгілі бір жоспарлар 
мен стратегияларды жүзеге асыратын құрал ретінде қарастырған жөн 
емес, керісінше даму жоспарлары адамға қызмет ету керек
» (Печчеи А

Человеческие качества.
-
М., 1980.-183-184 бб.). 
Өсу үшін өсу адамзаттың мүдделеріне кайшы келеді-ол өмір 
саласын 
жоғарылатудан 
гөрі, 
керісінше, 
төмендетіп 
жібереді. 
Экономикалық даму гуманды мақсаттарға қызмет етуі керек және осы 
міндетке сәйкес болса ғана өзін-өзі ақтай алады. Қоршаған ортаның 
тежеусіз ластануы, қалалық конгломераттардағы автокөліктің көбеюінен 
пайда болған шу мен зиянды тұман, тұлғасыз бюрократтану мен 
руханилыққа қарсы стандарттау, нәпсіқұмарлықта жарнама мен өндірісті 
пайдалану, жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс және халықаралық саудадан 
түсетін пайда арқылы өлшенгенде экономикалық даму болғанымен, ол 
адамзаттың түбегейлі мүдделеріне ыңғайлы және қолайлы емес. 
Орнықты даму жүйесінде барлық құрылымдар адамдық табиғаттың 
ізгі және гуманды негіздерімен айқыңдалады және мынадай адамгершілік 
құндылықтарын жүзеге асыруға бағытталған: 
- әлем азаматтарының тең құндылығының көрінісі ретінде бүкіл 
дискриминация мен қорлауға карсы тұратын теңдік; 
- демократия және адамдардың экономикалық, саяси және коғамдық 
өмірге толыққанды қатысуы; 
- ортақ мүдде мен өзара сыйласуды білдіретін және басқаға деген 
туысқандық пен сүйіспеншілік сезімін аңғартатын бірегейлік; 
- халықтардың өзіндік ерекшеліктерін дамытатын және әртүрлі 
елдердің арасындағы мәдени құндылықтар алмасуының құралы 
болатын мәдени әр түрлілікті сақтау; 


273 
- салауатты қоршаган ортаны сақтау 
(
Тинберген Ф. Пересмотр 
международного порядка.-М., 1980). 
Орнықты даму XX ғасырдың соңындағы жаңа бағдарларды 
тереңдету арқылы мүмкіндікке ие болды. Американдықтар Д. Нэсбитт 
пен П. Эбурдин олардың арасында мыналарды атап өтеді: 1. 90-шы 
жылдардың барысындағы экономикалық жедел даму және жаңа 
технологиялар; 2. әлеуметтік реттеу элементтерін ерікті нарықпен 
үйлесімді косу; 3. әмбебап өмір салты және мәдени ұлтжандылық; 4. 
приваттық (жекеше) және мемлекеттік дәулеттілік тенденцияларын 
үйлесімді қосу: 5. өнердің, көркем мәдениеттік қайта жанғыруы; г) діни 
өркендеу; д) тұлға салтанаты. 
Барлық осы бағдарлар негізінен дамыған елдерге тән, сондықтан 
орнықты даму концепцияларында әр елдің даму деңгейін еске алған жөн. 
Мәселені зерттеушілердің атап өткеніндей, Батыс пен Шығыстың, 
Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы ұлғайып бара жатқан алшақтық 
әлемдік өркениеттің тұрақтылығына қауіп тудырады. Сондықтан Рио-92 
декларациясында нашар дамыған елдердің жалпы кешеуілдеуін тоқтатуға 
үлкен көңіл бөлінді. Әлем барған сайын жалпы ғаламдық сипатқа ие 
болып отыр. Жоғарыда аталған құжатта орнықты дамудың мынадай 
басты алғышарттары аталып өтеді: 
- адамдық-«үздіксіз дамудың түйінінде адамдар тұруы қажет»; 
- экологиялық-«қоршаған ортаны қазіргі және келешек ұрпақтар үшін 
сақтау міндет»; 
- экономикалық-«даму, тұтыну үшін мұқтаждық»; 
- әлеуметтік-«кедейлік пен қайыршылықты жеңу»; 
- құқықтық-«қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдар жүйесін 
жасау»; 
- халықаралық ынтымақтастық пен әріптестік-«мемлекеттер мен 
халықтар арасындағы сұхбаты жаңа деңгейге көтеру» (Ноосфера- 
устойчивое развитие.-Алматы, 1996. № 9. 
– 
35 б.). 
Осы сәтке «дағдарыс» анықтамасы көбірек тән болғанымен, 
қазақстандық қоғам үшін орнықты даму концепциясының маңызы зор. 
Аталған дағдарыстан шығу үшін Қазақстан орнықты даму жолына шығуы 
қажет. Белгілі болғандай, Қазақстан экологиялық қауіпті және төтенше 
елдер қатарына жатады. Осы мәселені зерттеуші В.Н. Василенконың 
сараптауы бойынша, «Қазақстан қоршаған ортаны қорғауға арналған ең 
төмен шығындарды жұмсай отырып (Еуразия елдерінің арасында), 
планетадағы ең жоғары техногендік биосфераға бағытталған қысымды 
басынан ұшыратып отыр. Белгілі экологиялық SАІС фирмасының 
деректері бойынша, Қазақстандағы экологиялық қаржылау жылына бір 
адамға 20 центті және әр шаршы шақырымға 1.21 АҚШ долларын 
құрастырады. Неше түрлі азық-түлік, энергетикалық және басқа да 
мұқтаждықтарды өтеу үшін, әлемдік базарларға шығу мақсатында 
Қазақстан жыл сайын бір адамға шаққанда 50 тонна табиғат затын 


274 
өндіреді және технологиялық оңдеуден өткізеді. Олардың арасында 
қалдықтар 95 пайызын құрастырады және Қазақстан жерінде 19 миллиард 
тонна өнеркәсіптік қалдықтар қалған әр қазақстандыққа 1 тоннадан артық 
келеді. Әсіресе қауіпті жағдай елдің демографиялық жағдайында 
қалыптасқан-халықтың 
едәуір 
бөлігін 
экологиялық 
себептерден 
туындаған дерттер қамтыған және осының салдарынан өмір сүру 
ұзақтығының орташа көрсеткіші әлі төмен. 1990-1995 жылдар арасында 
ол 68.6-дан 66.1-ге дейін төмендеген» (Ноосфера-Жербесік. Алматы, 
1996, N9 1.-334 б.). 
Егер жоғарыда аталған факторларға Қазақстандағы экологиялық 
зардап шеккен төтенше аймақтарын (Арал маңы, Семей полигоны, 
Байқоңыр космодромы аймағы, далалардың шөлденуі ж.т.б.) қоссақ, онда 
еліміздегі экологиялық жағдайдың аса қауіптілігі күмән туғызбайды. 
Сонымен қоса патерналистік ұстанымдағы тоталитарлық ділдің 
қалдықтарын да ескеру керек. Экологиялық апат себебін тек ғылыми-
техникалық прогресс пен халық кедейлігінен іздемей, адамдардың 
санасындағы мәдени-ізгілік құлдырауды да экономикалық-экологиялық 
қиындықтарды тудыратынын ұмытпаған жөн. «Ноосфера-Жербесік: 
Орнықты даму» экологиялық алуманағында осыған байланысты 
төмендегідей 
пікір 
айтылады: 
«Көптеген 
саясаткерлер, 
әлеуметтанушылар, заңгерлер мен экономистер, психологтар мен 
реформаларға қатысты сарапшылардың ортасында, елдің ұлттық 
мүдделері мен басым бағыттарына қайшы келетін мынадай стереотиптер 
мен мифтер кездеседі: 
-Қазақстанның 
табиғи 
ресурстарының 
арзан 
және 
таусылмайтындығы туралы; 
-биосфераның экологиялық заңдылықтарын елемесе де болады: 
-саясаттағы, құқықтағы, экономикадағы және табиғатты пайдалану 
технологияларындағы экономикалық талаптарды орындауды кейінге 
қалдыруға болады: 
-экологиялық заңдар жүйесі ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық 
приоритетті бөлігіне жатпайды; 
-қоршаған ортаны қорғауға көп қаржы бөлу-бай және қаржылы 
елдердің үлесі; 
-халықтың 
экологиялық 
талаптарын 
мемлекеттік 
шешім 
қабылдағанда, онша елемесе де болады» (Ноосфера-устойчивое 
развитие. Алматы, 1996. № 1.-334-335 бб.). 
Орнықты даму қалпына түсу үшін Қазақстанның өзіндік тағы бір 
күрделі мәселесі қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани 
салаларының өтпелі түрде болуы жатады. Егер дамыған елдер орнықты 
жеделдеудің 3-4 басым міндеттерін шешетін болса, онда посткеңестік 
мемлекеттер барлығын қайтадан бастап, түгелдей шешуі керек. Қазақстан 
жағдайында орнықты дамуды қалыптастыру міндеттеріне мемлекеттің 
өзінің 
тікелей 
қауіпсіздігі 
мен 
тұрақтылығын 
қолдау, 
оның 


275 
территориялық миканы қайта кұру, демократиялық мемлекет пен 
азаматтық коғамды қалыптастыру, рухани жаңғыру т.б. жатады. 
Орнықты дамуға көшу қоғамдық өзгерістерді, дәстүршілік пен 
мәдернизацияны рационалды түрде үйлестіруді талап етеді. Қазіргі тұтас 
әлемде тек этноорталықтық үлгілерді негізге ала отырып, табыска жету 
мүмкін емес. Әсіресе дәстүршілдік, тек өзінің қуаттарына ғана сену, елдің 
ерекшелігін баса айту бір елді де көркейткен жоқ. Егер бұрынғы 
жаңғыртулық, модернизациялық бағдарламаларда басты назар ішкі 
факторларға ғана аударылса және модернизацияны білімді элитаның 
шығармашылығының нәтижесінде бұқара халық оны дайын күйінде 
қабылдайды деп түсінілсе, онда казіргі жағдайда жоғарыдағыға косымша 
мынадай факторлар маңызды болып есептеледі: әлемдік геосаяси жағдай, 
адам құндылықтарының мемлекет егемендігінен кем болмауы, сыртқы 
зкономикалық және қаржылық көмек. Халықаралық базарлар мен 
ақпараттардың ашық болуы, гуманистік құндылық бағдарларының 
үстемдік етуі. Тек қана элита емес, сонымен бірге әлемдегі озық 
үлгілермен бұқаралык ақпарат құралдары және жеке сұхбат арқылы 
тамыс қарапайым адамдар да өз өмір қалыптарын заманға сай өзгерткісі 
келеді. 
Қазақстанда соңғы жылдары орнықты дамуды қамтамасыз етуге 
бағытталған бірнеше стратегиялық және бағдарламалық құжаттар 
қабылданған. 
Олардың 
арасындағы 
елеулілері: 
«Қазақстан 
Республикасындағы 
экологиялық 
қауіпсіздікті 
қамтамасыз 
ету 
концепциясы», «Экономикасы өтпелі кезеңдегі елдерде табиғатты 
пайдалану әрекеттерін жүйелі басқарудың басшылыққа алатын 
ұстанымдары», XXI ғ. арналған күн тәртібі: «Өркендеу үшін Отанды 
орнықты дамыту». Бұл құжаттарда Қазақстаннын жаңа мыңжылдықта 
демократиялық және гуманистік негіздерде, барлык халыктардың руха 
ни, этикалық, мәдени және басқа да құндылықтарын сақтай отырып, 
туған табиғат пен үйлесімді болатын орнықты экономикалық жән 
адамдық даму кеңістігіне енгісі келетіндігі жарияланды. 
Орнықты даму принципі тек экономикалық және экологиялык 
мәселелермен шектелмейді. Орнықты даму казіргі әлем мәдениетінің 
ажырамас маңызды бөлігіне айналып отыр. ЮНЕСКО-ның Париж 
каласында 1998 жылы кабылданған құжатында, даму құқығы және оның 
жүзеге асуы әлем мәдениетін жетілдіруге бағытталған және адам 
құқықтарын одан қарай тереңдетуге арналған салалардың арасында 
ерекше орын алады деп атап өтілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет