Оқулық Алматы 2021 Барлық оқу формаларындағы «Мәдениеттану»



Pdf көрінісі
бет61/69
Дата02.12.2023
өлшемі3,53 Mb.
#132232
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   69
Байланысты:
мадениеттану кытап

14.2. Саяси мәдениет
Демократия.
XX ғасырдағы өркениеттілік ізденістердің бір 
сабағына мәдениет пен демократияның ішкі қисындылығы туралы идея 
жатады. Кейбір қазіргі либерализмнің өкілдерінің демократия өзіне-өзі 
мақсат емес, ол адамдық ынтымақтастық пен бірге өмір сүрудің тиімді 
түрлерін нығайтуға бағытталған утилитарлық құрал болып табылады, 
кейде тарихта қоғамның неғұрлым көп бөлігінде азаматтық құқықтарды
барынша мол беретін билік жүйесі ретінде анықталады.
Демократиялық саяси үлгіні орнатуға бағытталған саяси белсенділік, 
өзінің өту жағдайлары (экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани) 
бойынша да, қойылған мақсаттарының ауқымдылығы жағынан да саяси 
қатынастың күрделі түріне жатады. Демократиялық қоғамға бағытталған 
қозғалыс барысында кейбір елдер бірден тоталитарлық дағдылардан 
арыла алмай «рационалды авторитаризм» сатысынан да өтуі мүмкін, бұл 
демократиялық режим қалыптасуының күрделілігін көрсетеді. 
Қазақстан сияқты көп құрылымды мемлекетте полиархияны 
орнықтыру күрделі болғанымен, өз шешімін таба алады. Осындай 
қоғамда қалыптасып келе жатқан демократия мынадай негізгі 
алғышарттарын назардан шығармауы тиіс: 
- мемлекеттік басқарудағы «үлкен коалициялар»; 
- өзара вето салу мүмкіндігі; 
- саяси топтардың мемлекет билігіндегі үлесін сақтау; 
-жергілікті құрылымдардың автономиясы. 
Өз мәнісі бойынша осындай демократияны «либералдық де-


282 
мократияның» баламасы ретінде қарастыруға болады. Ортега-и-Гассет 
мынадай түйін айтады: «Бірге өмір сүруге барынша икемділік танытатын, 
әлеуметтік пен қоғамдылықты сақтайтын саяси формаға либералдық 
демократия жатады. Ол басқа адамдардың пікірімен есептесуге 
негізделген және «тікелей емес әрекеттің» түпкі үлгісі болып табылады» 
(Ортега-и-Гассет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет