Оқулық Алматы 2021 Барлық оқу формаларындағы «Мәдениеттану»



Pdf көрінісі
бет60/69
Дата02.12.2023
өлшемі3,53 Mb.
#132232
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   69
Байланысты:
мадениеттану кытап

«Рухани 
жаңғыру»
бағдарламасы
Қазақстанның 
бірінші 
Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 
«Ұлы Даланың жеті қыры
» 
атты еңбегінде нақтылана түсті. Мақалада қазақ халқының ежелгі 
заманнан бергі рухани мәдениеті мен материалдық мәдениетінің ерекше 
тұстары баяндалады. 
І.Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт. 1. Атқа міну мәдениеті. 2. 
Ұлы даладағы ежелгі металлургия. 3. Аң стилі. 4. Алтын адам. 5. Түркі 
әлемінің бесігі. 6. Ұлы Жібек жолы. 7. Қазақстан-алма мен қызғалдақтың 
отаны.
II. Тарихи сананы жаңғырту. 1. Архив-2025. 2. Ұлы даланың ұлы 
есімдері. 3. Түркі әлемінің генезисі. 4. Ұлы даланың ежелгі өнері және 


278 
технологиялар музейі. 5. Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы. 
6. Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы заманауи тәуекелдіктер мен 
жаһандық талаптарды ескере отырып, ұлттың рухани құндылықтарын 
жаңғыртуға, сондай-ақ Қазақстанның заманауи әлемдегі басекелік 
қабілеттілігін арттыруға, ұлттық сәйкестікті сақтауға, азаматтардың 
мәдени білімін және сана-сезімінің жоғары екендігін дәріптеуге 
бағытталған. Міне, осы сапалардың барлығы қазақстандықтар сүйенетін 
негізге, тірекке айналуы тиіс. 
«Рухани жаңғырту» бағдарламасы қоғамды шоғырландыруға, зиялы 
қауым мен жастарды, барлық ұлт өкілдерін Елбасы жариялаған жарқын 
идеяның айналасына біріктіруге мүмкіндік береді. Бағдарламаның барлық 
бағыттарын 
іске 
енгізу 
әлеуметтің, 
ғылыми-эксперттік 
қауымдастықтардың, азаматтық қоғам өкілдері мен жастардың белсенді 
түрде атсалысуымен жүзеге асады. 
Ұлттық идея тек бүгін пайда болған жаңалық емес, ол 
миллиондаған адамдардың өздерінің міндеттерінің түсінуінің жемісі 
болып табылады. Біздің міндетіміз-қоғамның көп ұлттылығын тұрақты 
бірлестіруші факторға айналдыру, яғни мықты ұлттық идея 
қалыптастырып, бүкіл халықтың арман-мүддесін жүзеге асыру. Елдер 
мен елдердің, ұлттар мен этностардың мақсат мұраты ескерілмеген 
жағдайда, бір елдің екінші елге дұрыс қарамауы, бір халықтың екінші 
халықты кемсіту, намысын қорлау, бір тілдің екінші тілді қыспаққа алу, 
бар болмысын, құндылықтарын аяқ-асты ету орын алса, ұлттық идеяға 
қауіп төнері анық. Сондықтанда ондай өрескелдікке жол бермеуіміз 
керек. Сол себепті еліміздің ұстанымы өз-ара тату, бейбіт өмір сүру, 
ауызбіршілік, ынтымақтастықта әр халықтың рухани үйлесімділігін 
сақтап, еліміздің абыройын асқақтата отырып, әлемдік деңгейге көтеру 
үшін елімізідің әр бір азаматы бойындағы бар күш жігерін салып, жаңа 
заманда жаңаша өмір сүруі қажет.
Ол үшін Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» Жолдауындағы білім 
саласына да назар аударып, ел болашағы жастардың білім деңгейінің 
әлемдік стандартпен тең болу керек екендігіне зор көңіл бөлгендігі аса 
қуанышты жағдай екені баршаға аян. Ел болашағын тереңнен ойлай білу 
үшін ұлттық идеяның өзегі ретінде қазақтың тілін, рухын, мәдениетін 
көтеру міндет. Бұл ұлттық мүдде мен ұлттық идеологияның астасар тұсы. 
Ұлттық идеология туралы әңгіме, ең алдымен, қазақ мемлекеті туралы 
әңгіме. Бүгінгі ұлттық идеология-ұлттық мемлекет құру. Ал, кез-келген 
мемлекетте ең алдымен мемлекеттік идеология жүреді. Бұл идеология 
мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатын пәрменді жүргізуге бағытталған ең 
басты қаруы, ең басты қондырғысы.
Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанның негізігі идеясы-Ел 
Тәуелсіздігін баянды ету, халықтық, ұлттық бірлікті нығайту, әлеуметтік, 
экономикалық жағдайларды жақсарту, көрші елдермен тату-тәтті өмір 


279 
сүру, Республикаға сырттан инвестиция тарту сияқты аса маңызды 
мемлкеттік мүдделерді жүзеге асыруға бағытталады. Біздің мемлекетік 
идеологияның ауқымы 2050-ға дейін аралықты қамтып жатыр.
Бүгінгі заман-мәдениеттердің жаһандану кезеңі. Жаңа сапаға көшер 
алдындағы, яғни, өз дамуының ең биік сатысы-біртұтас адамзаттық 
өркениетке құйылар алдындағы қарбалас шағы. Жаһандану-өркениеттің 
кезекті даму сатысы. Қазіргі әлемдік мәдениет пен өркениетте ерекше 
ықпал тигізіп отырған жаһандану-өмірдің барлық салаларын қамтып 
отырған күрделі процесс. Ол дүниежүзілік адамзат қоғамының даму 
заңдылықтарын айқындайтын факторлардың бірі ретінді қоғамда тіл мен 
дінімізге, рухани кеңістігімізге әсер етеді. 
Қазақ елі еркіндікке бет түзеді. Бұл, сөз жоқ, жаһандану алып 
келген игілікті, табысты өзгерістер. Халықтар өзінің бұрынғы, бүгінгі, 
ертеңгі-әр кездегі дамуын терең тануда өзіндік бағыт-бағдар алды. Әр 
халықтың өркениет әлеміндегі орнын білу мүмкіндігіне ие болып 
қалыпты жағдайда өмір сүруін қамтамасыз етеді. Біздің әлемдік 
өркениетке қол жеткізуімізге мүмкіндік туды. Бұл орайда әлемдік 
өркениеттің өрісне шыққан, дамудың сара жолына түскен елдердің 
тәжірибесіне баса назар аудара отырып, өз жолымызды табудың маңызы 
зор болмақ. Демек, біз, таяудағы жылдарда дәстүрімізге сай халықтық 
қалпымызға оралып, әлемдік білімді игеруге қол жеткізу арқылы біздің де 
өркениетті елдердің қатарына қосылуымызға, яғни адамзат өркениеті 
биігіне көтерілуімізге толық мүмкіндігіміз бар екендігі ақиқат. Оған 
көптеген шаралар жасалып, алғашқы қадамы жүзеге асып та жатыр. Қазақ 
халқының рухани түлеуінің тарихи жағдайларды түгендеусіз мүмкін 
еместігі, тарихи, ділдік, діни және тілдік сабақтастықтың ұлттық 
идеологияның негізі екендігі де барынша сезіле бастады.
Дұрыс идеологиялық бағдарды ұстанып, болашаққа сеніммен аяқ 
басайық. Көп ұлтты, көп конфессиялы республикамызда мемлекеттік 
тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бергі салыстырмалы аз мерзімнің ішінде 
берілген конституциялық құқық негізінде идеологиялық ағымдардың 
түрлі нұсқалары қалыптасып үлгерді. Еліміздегі этно-демографиялық
саяси-әлеуметтік жағдайдың дамып, өзгеруіне байланысты осы 
идеялардың арасынан басталған реформалардың табысты жүргізіліп, оған 
қоғам мүшелерінің белсенді қатысуын қамтамасыз ететін, халықгың 
көпшілік бөлігінің рухани сұранысын қамтамасыз ете алатын ұлттық 
дәстүрін, құндылықтарын мемлекеттік дәрежеге көтерудің қажеттілігі 
барынша сезіле бастады.
Ұлттық мемлекет-еліміздің негізін құраушы, ұйыстырушы қазақ 
ұлты және қазақ ұлтының қалыптасқан тарихи мекені болғандықтан 
міндетті түрде қазақ ұлтының мемлекеттігі орын алуы шарт.
Қазақстан 
Халқы Ассамблеясы (ҚХА) «Рухани жаңғыру» 
бағдарламасын жүзеге асыруда үлкен рөл атқарады. ҚХА-ның мақсаты-
республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам 


280 
жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік 
ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының 
құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне 
атсалысу. Ассамблея: 
-мәдени-ағартушылық-тілдер 
мен ұлттық мәдениеттерді, салт-
дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау; 
-тәрбиелік-қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру; 
-ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен 
келісімді нығайту; 
-Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-
қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу 
жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысады. 
Ассамблеяның 380-нен аса мүшесі бар. ҚХА-на мүшелікке 
кандидаттарды тең арақатынас қағидасы бойынша жергілікті жерлердегі 
Қазақстан халықының кіші Ассамблеясы, республикалық және аймақтық 
ұлттық-мәдени бірлестіктер, Ассамблея Кеңесінің мүшелері ұсынады. 
ҚХА-ның төрағасы-ҚР Президенті. Ол Ассамблея мүшелерінің ұсынысы 
бойынша төрағаның екі орынбасарын тағайындайды. Ассамблея 
мәжілістері арасындағы жұмысты ҚР Президентінің шешімімен 
Ассамблея кеңесі жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар, 
ардагерлер кеңесі өкілдерінен, кіші Ассамблея жетекшілерінен, сондай-
ақ, Ассамблеяға мүше басқа тұлғалардан құралады. 
ҚХА-н құру идеясын алғаш рет ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 
жылы тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының 
1-форумында ұсынды. Ассамблея өзінің жиырма бес жылдан аса 
тарихында көптеген сессиялар өткізіп, аталған шараларда қоғам 
өміріндегі маңызды мәселелер мен мемлекет дамуындағы негізгі бағыттар 
талқыланды. ҚХА Қазақстандада өмір сүріп жатқан барлық халықтардың 
мәдениетін, тілін дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытында Қазақстан 
халықтарының фестивальдерін, тілдер фестивальдерін, жексенбілік 
мектеп оқушыларының мемлекеттік тіл мен ана тілін білу дәрежесін 
анықтайтын байқауларын, тіл саясаты мәселелері бойынша халықаралық 
және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен 
семинарлар, т.б. өткізеді. 
Бұл ерекше институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ 
мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен 
сындарлы дамыту мақсатына айтулы үлес қосты. Ассамблея қызметінің 
арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан 
әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары 
мен 
еркіндігі 
толығымен 
қолданылатын 
этносаралық 
және 
конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның 
көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі 
орнады. 


281 
Ассамблея Кеңесінің мүшелері жетекшілік ететін республикалық, 
аймақтық және қалалық ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істейді. 
Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, 
дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени 
бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, 
оның ішінде 28-і республикалық, 15 тілде газет-журнал, 8 тілде 
радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру 
толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 
мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде 
жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос 
тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері
жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс 
театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық-өзбек, ұйғыр, кәріс 
және неміс театрлары жұмыс істейді. 
Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған 
жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 
мамыр-Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой 
дәстүрге айналды. Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар 
мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретінде Қазақстан 
Республикасының халықаралық беделінің өсуіне ықпал етуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет