Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 Ағартушының педагогикалық қызметi



Pdf көрінісі
бет155/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   181
2. Ағартушының педагогикалық қызметi. Бiлiмiн жүйелi түрде же -
тiл дiрудiң нәтижесiнде ол өз заманының аса бiлiмдi азаматы бол ды. Орыс 
педагогика ғылымын те рең зерттеп бiлу оны қазақ 
халқының көрнектi ағар тушысы етiп қалыптастырды. 
Ы. Алтынсарин орыс-қазақ мектептерiнiң оқу шы ла-
рына арнап екi оқу құралын: 
«Қырғыз (қазақ) хрес-
томатиясы»  мен «Қырғыздарға (қазақтарға) орыс 
тiлiн үйретуге алғашқы басшылық» жазып шықты. 
Ол қазақ балалары үшiн зайырлы мек тептер ашу-
ды армандады. 1860 жылы облыстық басқарма оған 
Торғай қаласында қазақ балалары үшiн бастауыш 
мектеп ашуды тапсырды. Өзi сол мектепке орыс тiлiнiң мұғалiмi болып 
тағайындалды. Ағартушылық идеялары жiгерлендiрген ол ауыл-ау ыл-
ды аралап, жергiлiктi халық қа бiлiм алудың маңызы мен қа жет тiлiгiн 
тү сiндiруге күш салды. Ондай мектептер ашу үшiн қар жы-қаражат 
жи науды қолға алып, ақшаның алғашқы үлесiн Ы. Ал тын са риннiң 
ойыңмен бөліс
Сенің өмірлік 
кредоң қандай?
ойлан!
Ы. Алтынсариннің 
ағартушы ретінде 
қалыптасуына әсер 
еткен жағдайды 
анықта. Себебін 
түсіндір.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


183
өзi қосты. Осыдан бастап оның ағартушылық және 
педагогикалық қызметi басталды.
1864 жылы қазақ балаларына арналған интер-
наты бар мектеп салтанатты түрде ашылды. Үгiт 
жұмыстарының нәтижесiнде оқуға 16 бала жазыл-
ды. Кейiнiрек бұл мектептердегi оқушылардың саны 
арта бас тады. Халық ағартушысы жүргiзген үгiт жұмыстары нәтижелi 
болды. Бұл ретте ол былай деп қуана жазды:
«Аш қасқырдың қойға 
ұмтылғаны сияқты, мен балаларды оқытуға қызу кiрiстiм және менi 
өте қанағаттандыратыны – бұл балалар әлдеқандай үш ай дың iшiнде 
оқу ды, тiптi жазуды үйренiп алды».
1879 жылы Ы. Алтынсарин Торғай облысы мек-
тептерiнiң инс пекторы болып тағайындалды. Оның 
еңбегiнiң арқасында бiлiм беру саласы қазақ да-
ласында кең орын алды. Атап айтқанда, облыстың 
бар лық уездiк қалаларында училищелер ашу қолға 
алынды. Ол осы мақсатпен Торғай облысының қазақ ауылдарын түгел 
аралап шықты. Халықтан қажеттi қаржы жинастырды. Соның нә ти-
жесiнде барлық уездерде екi сыныптық орыс-қа зақ училищелерiн ашты. 
Оларды мұғалiмдермен және оқушылар мен то лық қамтамасыз еттi. Ол 
мектептердiң жабдықталуына, олардың жанында шағын кiтапханалар 
ұйымдастыру ға ерекше мән бердi.
Қазақстанда қыз балаларға бiлiм берудiң басталуы да Ы. Ал тын-
са риннiң есiмiмен байланысты. Аса көрнектi халық ағартушысының
басшылығымен қыз балаларға арналған бiрнеше мектептер ашылды. 
Олардың жанында интернаты болды. Ы. Алтынсарин мектептi халық 
ағар ту iсiнiң маңызды бір буыны деп санады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет