Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Жынның қарыннан ішекке өтуі



Pdf көрінісі
бет153/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   542
Жынның қарыннан ішекке өтуі. Құрамы мен қоюлығына 

қарай қарында қабылданған азық 4-10 сағат бөгеледі. Көмір-

суларға бай азық ішекке ертерек өтеді, белоктар олардан шабан-

дау, ал майлар өте баяу өтеді. Жақсы майдаланған азық ірі 

азық пен салыстырғанда, қарында азырақ аялдайды. Қарыннан 



187

ішек ке жын жеке-жеке үлеспен (порция) өтеді. Ол пилорус 

қысқышының ашылып-жабылуына (пилорус рефлексі) байланы-

сты. Қарынның қышқыл сөлі сіңген жын пилорус аймағына жет-

кенде тұз қышқылы сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіріп, реф-

лекс түрінде қысқыш ашылады. Одан əрі қарынның жиырылуы 

нəтижесінде ішекке өткен қышқыл жын ұлтабар ұшы рецептор-

ларын тітіркендіріп, пилорус қысқышы жабылады. Ішекке өткен 

жын бейтараптанып болғанша қысқыш жабық күйде қалады. 

Осылай процесс қайталана береді. Пилорус қысқышы майдың 

əсерінен де жабылады, сондықтан майлы азық қарында ұзақ 

бөгеледі.

Жалпы қарын қызметтерін қамтамасыз ететін физиологиялық 

тетіктер барлық түліктерге ортақ заңдылықпен əрекет етеді. Де-

генмен, малдың қоректену ерекшеліктеріне, қарынның көлемі 

мен құрылысына байланысты қарын қызметінде өзгешеліктер 

байқалуы мүмкін. Осымен байланысты жеке түліктер қарнындағы 

ас қорыту ерекшеліктеріне тоқталған жөн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет