Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет152/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   542
Қарынның қимылдары. Қарын қабырғасының жынды (қа-

рын дағы қойыртпақты) араластыруға, ішекке қарай жылжытып, 

қарыннан ішекке өтуіне мүмкіндік беретін əрекеттерінің жиын-

тығын  қарын қимылы деп атайды. Ол қарын қабырғасының 

талшықтары үш бағытта орналасқан етті қабығының жиырылуы-

мен байланысты.

Ашқарын жағдайында қарын қабырғасының етті қабаты 

ширығу жағдайында болады. Аштық ұзаққа созылған жағдайда 

əрбір 60-90 минут сайын 20-40 минут бойына қарын оқтын-

оқтын жиырылып отырады («Аштық əрекет»). Осы жиыры-

лулар гуморальдық факторлармен қабаттасып, аштық түйсігін 

күшейтеді жəне азық берілгенге дейін мезгіл-мезгіл қайталанып 

отырады. Азықтандыру үстінде жəне азықтандырғаннан соң 

қарын босаңсиды да, 20-40 минуттан кейін (азықтың сипатына 

қарай) оның жиырылуы, əсіресе, қарын кіреберісінде (антральдық 

бөлікте) күшейеді.

Қарын қабырғасының етті қабығының жеке-жеке қабат 

та-


рының əрекетіне байланысты қарында бірнеше жиырылу түрлері 

байқалады.  Перистальтикалық жиырылу бір фазалы төменгі 

амплитудалы, минутына 3-4 рет қайталанатын əрекет. Ол етті 

қабықтың сақинаша қабатының əрекетінен туындайды. Əрбір 

жиырылу толқыны 5-20 секундқа созылады.

Ширықпа жиырылу етті қабықтың бойлама жəне қиғаш 

қабаттарының толқын тəрізді жиырылуларынан туындайды. 

Ширықпа жиырылу толқындары күштірек, ұзағырақ, минутына 

2-4 рет жиілікпен қайталанады да, əрбір толқын 15-30 секундқа 

созылады. Аталған жиырылу толқындары қарын қуысындағы 

қы сымды жоғарылатып, жынның қарын сөлімен араласуына жағ-




186

дай туғызады. Жынның терең орналасқан ортаңғы бөліктері ара-

ласпай, тығыз күйінде жатады.

Систолалық жиырылу қарын кіреберісінен басталып, 60 се-

кундқа дейін созылады. Ол қарын қуысындағы қысымның жоғары 

кезінде туындайды да, жынның белгілі бір үлесін ішекке өткізеді.

82-сурет. Қарын қимылдарын тіркеу əдісі 

Қарынның жиырылуы баллонографиялық, рентгено 



графия-

лық, электромиографиялық əдістермен зерттеледі (82-сурет).

Қарын қимылының реттелуі. Қарынның бірыңғай салалы 

еттерінің қызметі қабырғалық (интрамуральдық) жəне қабырғадан 

тыс (экстамуральдық) тетіктермен реттеледі. Қабырғалық рет-

теу тетігін Ауэрбах (етті қабықта орналасқан) жəне Мейснер 

өрімдері (кілегейлі қабық астында орналасқан) қамтамасыз етеді. 

Осы құрылымдар қарын қабырғасы автоматизмінің негізі болып 

табылады.

Экстамуральдық реттеу тетігін парасимпатикалық жəне сим-

патикалық жүйкелер қалыптастырады. Қарын мен ұлтабар ұшы-

нан орталыққа (сопақша жəне ортаңғы миға) қозу импульстері 

ке зеген жүйке мен құрсақтық симпатикалық жүйке арқылы бе-

ріледі. Қарынға орталықтан қозу толқыны кезеген жүйке арқылы 

берілсе, қарын қимылы күшейеді, симпатикалық жүйке арқылы 

берілсе, бəсеңдейді.

Қарын қимылы гуморальдық жолмен де реттеледі. Гастрин, 

гистамин, холин, ацетилхолин, калий иондары оны күшейтсе, 

энтерогастрин, адреналин, норадреналин, кальций иондары 

əлсіретеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет