Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Қарынның алдыңғы бөлімдеріндегі сіңіру процесі жəне



Pdf көрінісі
бет173/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   542
Қарынның алдыңғы бөлімдеріндегі сіңіру процесі жəне 

оның зат алмасудағы маңызы. Бұрын күйіс малы қарнынан 

қоректік заттар сорылмайды деген пікір қалыптасқан бола-

тын. Соңғы 30-40 жыл ішінде жүргізілген ғылыми тəжірибелер 

қарындағы күрделі биохимиялық жəне микробиологиялық про-

цестер барысында түзілген ыдырау өнімдерінің осы ағзаның 

өзінде-ақ пəрменді сорылатынын дəлелдеді. Қарындағы сору 

процесі оның кілегейлі қабығының құрылым ерекшеліктерімен 

байланысты. Қарынның ішкі қабығы бүртікті көп қабатты эпи-

телийден құралған. Кілегейлі қабық бүртіктері қарынның сору 

беткейін үлкейтеді, оларға көптеген қан жəне лимфа тамырла-

ры келеді. Сонымен қатар бұл бүртіктердің сыртқы беті өте тез 

жаңарып, жаңа торшалармен көмкеріліп отырады. Электрондық 

микроскоп арқылы жүргізген зерттеулер мес қарынның кілегейлі 

қабығын құрайтын торшалар арасында ерекше саңлаулар бола-

тынын көрсетті (Бергер, Кетц, Базанова, т.б.). Осы торша аралық 

саңлаулар да қарындағы сору процесінде зор рөл атқарады.

Сору процесі қарынның төрт бөлімінде де жүреді, бірақ 

ол мес қарында, жұмыршақта жəне қатпаршақта ұлтабармен 

салыс 

тырғанда, əлдеқайда қарқынды болады. Мес қарыннан 



ағып шығатын қанның құрамында ҰМҚ концентрациясы басқа 


219

тамырлардағы қанмен салыстырғанда, əлдеқайда жоғары келеді. 

Бұл мес қарыннан ҰМҚ сорылатынының дəлелі. Арнаулы опера-

ция арқылы дайындалған «оқшауланған мес қарын қалтасынан» 

судың, этил спиртінің, сүт, янтарь, құмырсқа қышқылдарының, 

глюкоза, несепнəр, метионин, тимин, кальций жəне фосфор, т.б. 

заттардың сорылатыны дəлелденді. Тəжірибелерге қарағанда, 

қошқардың мес қарнынан сірке қышқылы сағатына 32 м/экв 

(милли-эквивалент), пропион қышқылы 13 м/экв, майлы қышқыл 

21 м/экв жылдамдықпен сорылады. Қалыпты жағдайда ҰМҚ-ның 

тек аздаған мөлшері қарында сорылмай ішекке өтеді. Ұшпалы 

май қышқылдарының сорылу жылдамдығына қарын жынының 

қышқылдық ортасы көп əсер етеді: жынның қышқылдығы 

жоғарыласа (рН - 5,8) ҰМҚ-ның сорылуы шапшаңдап, ал төмен-

десе (рН - 7,5) баяулайды. Қарын жынының қалыпты ортасын-

да (рН 5,5-6,5) ұшпалы май қышқылдарының көп мөлшері еркін 

күйде, ал рН - 7,0-7,5-нан жоғарыласа, олар тұздармен қосылыс 

түрінде кездеседі. Қалыпты жағдайда сорылу жылдамдығына 

қарай басымдықты сірке қышқылы, одан кейін майлы қышқыл, 

соңынан пропион қышқылы алады. ҰМҚ-ның қоспасы жеке 

қышқылдарға қарағанда жылдамырақ сорылады, оған майлы 

қышқылдың мес қарын қабырғасымен жақсы алмасуы себепші 

болады. Осыдан қақпалық вена қанында мес қарын жынымен 

салыстырғанда майлы қышқыл азырақ мөлшерде кездеседі. 

Бауырдың қақпалық венасында артерия қанымен салыстырғанда 

кетонды заттардың көбеюі де мес қарын қабырғасында майлы 

қышқылдың күрделі алмасудан өтетінінің айғағы.

Ұшпалы май қышқылдарының сорылу қарқынына мес қарын 

қабырғасының тамырларындағы қанның ағу жылдамдығы да 

əсер етеді. Қанның ағу жылдамдығы жоғарыласа, ҰМҚ-ның со-

рылуы күшейеді. Өз ретінде мес қарын қабырғасындағы қанның 

ағу жылдамдығына қарын жынының рН-ы да əсер етеді. Қарын 

жынының қышқылдығы артса, қанның ағуы жылдамдайды.

Ұшпалы май қышқылдарымен қатар мес қарыннан едəуір 

мөлшерде аммиак сорылады, бірақ оның сорылуын реттейтін 

механизм əлі анықталған жоқ. Аммиак мес қарын қабырғасынан 

диффузия заңдылығымен өтетін болу керек. Мес қарын жынының 

реакциясы төмендесе аммиактың сорылуы күшейеді. Қарын 

жынындағы аммиактың концентрациясы 50-60 мг пайызға дейін 

жоғарыласа, оның сорылуы шапшаңдайды.

Мес қарыннан əртүрлі минералды тұздар мен су да сорылады. 

Бұл қосылыстардың сорылу жылдамдығы организмдегі минерал-

ды заттардың алмасуымен байланысты. Азықпен келіп түскен, 



220

суда жақсы еритін минералды тұздар мес қарын мен ішекте соры-

лып, олардың организмнің мұқтаждығынан артық мөлшері несеп 

арқылы бөлінеді. Мес қарындағы сұйық пен тұздардың мөлшерін 

белгілі бір дəрежеде сақтауда сілекейдің маңызы зор. Егер мес 

қарын жынының осмостық қысымы жоғарыласа, бейорганикалық 

иондар тезірек қанға сіңіп, қан құрамындағы су қарын жынына 

өтеді. Ал жынның осмостық қысымы төмендесе, кері процесс 

жүреді.

Мес қарыннан фосфаттар өте нашар сорылады, ал калий, 

кальций, магний элементтерінің сорылу ерекшеліктері жа-

йында мағлұматтар өте мардымсыз. Дегенмен, калий жəне маг-

ний элементтерінің өзара əсері болатыны байқалады. Егер жын 

құрамында калийдің мөлшері көбейсе, магнийдің сорылуы 

на 

шарлайды. Сондықтан көктемгі жайылымдарда, шөп құра-



мындағы калийдің көп болуының салдарынан, қарын жыны 

құрамында оның концентрациясы жоғарылап, магнийдің соры-

луы нашарлайды. 

Азықтың бактериялық қорытылуынан пайда болған ыдырау 

өнімдері тек мес қарында ғана емес, алдыңғы қарынның басқа 

бөлімдерінде де сорылады. Қатпаршақтан судың 36-64, май 

қышқылдарының 40-60 пайызы сорылады. Сондықтан ұлтабарға 

мес қарында түзілген ҰМҚ-ның тек 1-2 пайызы ғана жетеді.

Баяндаған жайларды қорыта келгенде, мес қарын қабырғасы 

зат алмасу өнімдерінің қаннан қарын қуысына жəне керісінше, 

қарыннан қанға өтуін реттеуде өте зор рөл атқарады. Жынның 

құрамына қарай кейбір заттар қарыннан қанға сорылып, ал 

оның орнына қарын қуысына басқа заттар өтіп отырады. Қарын 

қабырғасының бұл ерекше қызметін қос бағытты өткізгіштік деп 

атайды. Қарын қабырғасының осы қасиеті арқылы ондағы мик-

роорганизмдер үшін қолайлы жағдай туғызылып, мал организмі 

мен қарын микроорганизмдері арасында симбиоздық арақатынас 

қалыптасады.

Қарын қабырғасының екі жақты өткізгіштігін реттеуде 

маңызды рөлді кілегейлі қабық атқарады. Мес қарын қабырғасы 

аммиакты оңай өткізіп қана қоймайды, оның өзгерістерінде 

де маңызды рөл атқарады. Аммиактың ас қорыту жолының 

қабырғасында несепнəр мен амин қышқылдарына айналуы, тек 

осы уытты өнімді залалсыздандыру үшін ғана емес, организмдегі 

азотты үнемдеп жұмсау үшін де маңызды процесс.

Организмде азотты заттардың өзгеруі тек қарын қуысында ғана 

емес, оның қабырғасында да мықты жүреді. Азотты заттардың 

уақытша ас қорыту органдарының қабырғасында жинақталуы ор-




221

ганизм үшін маңызды бейімделу реакциясы болып табылады. Бұл 

процесс организмнің мұқтаждығы үшін азотты тез пайдалануға 

мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде қарынның алдыңы бөлімдерінде амин қыш қыл-

дарының да сорылатыны жайында дəлелді деректер бар (Н. В. Ку-

рилов, Т. Несіпбаев). Қарын қабырғасы жын құрамындағы амин 

қышқылдарының артық мөлшерін сіңіріп, олардың уақытша 

қоймасы бола алады. Мəселен, глициннің біршама бөлігі қарын 

қабырғасында жинақталып, оның көміртегінен құрылған бөлігі 

басқа амин қышқылдарын түзу үшін пайдаланылады.

Мес қарын қабырғасы организмге қажетсіз өнімдерді бөлу 

процесіне де қатысады. Қарын қабырғасы бөлетін биологиялық 

сұйық құрамы жағынан қан сарысуына ұқсас. Қарын қабырғасы 

арқылы оның қуысына гексозамин, глутамин қышқылдары 

сияқты заттар бөлінеді. Қарыннан мес қарын мен ішек қуысына 

альбумин белогы жəне түрлі амин қышқылдары да өтеді.

Сонымен, күйіс малының алдыңғы қарындары тек қана 

азық қоймасы болып қана қоймай, организмдегі зат алмасу, 

қоректік заттарды қорыту, сіңіру жəне алмасу өнімдерін бөлу 

процестерінде маңызды рөл атқарады. Ас қорыту жолының 

бұл бөлімінде жүретін биохимиялық жəне микробиологиялық 

процестердің бағыты мен қарқыны малдың физиологиялық 

күйіне, өнімділігіне айтарлықтай ықпал етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет