азық жентегін қайта лоқсудан басталады. Бұл акт көмекей пер-
болады. Осы кезде қабырғалар көтеріліп, көк ет жиырылады да,
үлкейгендіктен ондағы теріс қысым деңгейі с.б. 15-20 милли-
метрден 50-60 миллиметрге дейін артады. Осының салдарынан
мыршақ пен мес қарындағы жын сорылады. Одан əрі өңештің
үлесі ауыз қуысына қайтарылады. Осы кезде көмекей пердесінің
жұтылады. Оның ірі бөлігі мұқият шайналып (күйсеу), сілекеймен
224
шыланғаннан соң жұтылады да, мес қарынның дорсальдық қап-
шығындағы жынмен араласады. Бірнеше секундтан кейін баян-
далған құбылыстар қайтадан қайталанады.
Мал азық қабылдағаннан кейін бірден күйістемейді: ірі қара
30-70 минут, қой - 20-45 минут өткен соң күйсей бастайды.
Күйістеу мерзімі азықтың сипатына,
малдың тояттау деңгейіне,
сыртқы орта жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Ірі азық
күйістеу мерзімін тежесе, су оны жеделдетеді. Мал тыныштық
жағдайда жатып күйсейді. Түнде мал күйісті жиі қайырады да,
тəулігіне 6-8 рет күйістейді. Əрбір күйіс кезеңі 40-50 минутқа со-
зылады. Қорада ұстап, пішенмен азықтандырғанда қой тəулігіне
6-8 сағат күйсесе, жайылымда 5-7 сағат күйсейді.
Күйіс қайыру - күрделі рефлекстік процесс. Ол азықтың жұ-
мыршақ, мес қарын кіреберісі жəне өңештің кілегейлі қабығына
əсерінен басталады. Аталған аймақтар механо-, баро-, тангио
(жанасу) - жəне тензиорецепторларға бай келеді. Олардан қозу
толқыны кезеген жүйке талшықтары арқылы сопақша мидың
торлы құрылымында орналасқан күйістеу орталығына беріледі.
Орталықтан жүйке импульсі кезеген жүйкенің дорсальдық
моторлық ядросы арқылы қарын еттеріне, ал жұлын арқылы –
көк ет пен кеуде еттеріне беріледі. Кезеген жүйкені екі жақтан
қиғанда күйіс жоғалады.
Достарыңызбен бөлісу: