228
Сөл құрамындағы аминопепидаза ферменті пепсин мен трип-
син ферменттерінің əрекетінен пайда болған пептондарды ыды-
ратып, амин қышқылдарын түзеді. Амилаза ферменті крахмалды
мальтоза қантына ыдыратады. Оның əрекетін əрі қарай мальтаза
ферменті жалғастырып, жүзім қанты түзіледі. Лактаза ферменті
сүт қантын қорытады. Липаза ферментінің əсерімен майлар гли-
церин мен май қышқылдарына ыдырайды.
Ішек сөлі жалпы бездерге тəн секрециялық процесс негізін-
де бөлінеді. Сонымен қатар ішекте сөл бөлудің голокриндік түрі
де кеңінен байқалады. Сөл бөлу барысында кілегейлі қабықтан
көп мөлшерде эпителиоциттер сыдырылып, олар шырышты
түйіршіктер түзеді. Осы түйіршіктерде ішек сөліндегі фермент-
тердің көп бөлігі шоғырланады, ал сыдырылған тор
шалардың
орнына жаңа торшалар өсіп отырады. Олардың жаңару қарқыны
қарынның кілегейлі қабығымен салыстырғанда, екі есе шапшаң
жүреді.
Ішек сөлінің бөліну ерекшеліктері ішек қиындысын оқшаулау
əдістерімен зерттеледі. Тири əдісі бойынша ұзындығы 20-30 см
ішек қиындысының бас жағы тұйықтала тігіледі де, артқы ұшы
сыртқа шығарылып, теріге бекітіледі. Кесілген ішекті хирур-
гиялық жолмен жалғастырады (94-сурет). Тири–Велла əдісінде
оқшауланған ішек қиындысының екі ұшы да сыртқа шығарылып,
теріге тігіледі. Ішекті И. П. Павлов принциптерін ескере отырып,
жүйке мен ет талшықтарының байланысын үзбей оқшаулау əдіс-
тері де кеңінен қолданылады.
Ішек сөлінің жалпы мөлшерін шамамен есептеп шығаруға бо-
лады. Ол үшін ішек тің оқшауланған қиын дысының ұзын дығын
бі лу керек. Тəулігіне ша мамен қоян 0,04-0,05 л, ит - 0,4-0, 6, қой
- 2-4, шош қа - 4-6, жылқы -
10-15, сиыр - 25 - 30 л ішек
сөлін бөледі.
Ішек сөлі толассыз бө-
лінеді. Кезеген жүйке
ні
тітір кендіргенде оның бөлі-
нуі күшейеді. Ішек қуы-
сын дағы химус тың ме
ха-
ни
калық əсері
нен де сөл
бөлу күшейеді. Ішек сөлі-
нің бөлінуін ас
қа зан сө-
лі,
бе лок тар дың
ыдырау
өнім
дері, сүт қышқылы
жə не химус құра
мын дағы
бас қа химиялық заттар
Достарыңызбен бөлісу: