Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Ащы ішек сөлінің құрамы мен маңызы



Pdf көрінісі
бет179/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

Ащы ішек сөлінің құрамы мен маңызы. Ішек сөлі оның 

қа бырғасында орналасқан арнаулы бездерде түзіледі. Ішектің 

кілегейлі қабығының астында бруннер, ал кілегейлі қабығында - 

либеркюн бездері орналасады. Бұл бездер ішектің ұзына бойында 

бірдей тарамаған. Ұлтабар ұшының алдыңғы бөлігінде бруннер, 

ащы ішектің қалған бөліктерінде либеркюн бездері орналасады.

Қарын жыны ұлтабар ұшына өткеннен кейін оған ішек 

сөлінің ферменттері əсер етіп, қоректік заттардың ыдырауын 

одан əрі тереңдете түседі. Өт пен ұйқы безінің өзектері ұлтабар 

ұшында пилорус жапқышынан едəуір алшақ жерде ашылады. 

Демек, қарын жыны өт пен ұйқы безінің сөлімен кешірек ара-

ласады. Осыдан жіңішке ішектің алыңғы бөлігінде жынға тұз 

қышқылы мен пепсин əсері жалғаса береді. Ұлтабар ұшы мен 




227

аш ішектің алдыңғы бөліктерінде химус жылдамырақ жылжиды 

да, ол сөлмен жақсы араласпайды. Ал аш ішектің ортаңғы жəне 

соңғы бөліктерінде химустың жылжу жылдамдығы баяулап, ол 

ішек сөлімен, өтпен жəне ұйқы безінің сөлімен жақсы араласып, 

қоректік заттар қарқынды қорытылады.

Бруннер бездерінің сөлі құрамы мен қасиеттері жағынан 

қарынның пилорус аймағының сөліне ұқсас. Ол түссіз, қою, 

сілтілік қасиеті бар сұйық. Оның құрамында көп мөлшерде шы-

рыш, қышқылдық ортада əрекет ете алатын пепсинге ұқсас, май-

лар мен крахмалды ыдырататын ферменттер болады.

 Жалпы алғанда ішек сөлі ірімтікті сұйық, ол қою түйір шік-

терден жəне сұйық заттардан құралған. Ішек сөлінің құ рамында 

99 пайызға дейін су, 1 пайыз шамасында құрғақ заттар болады. 

Құрғақ заттың құрамына натрий, калий, кальций эле 

менттері, 

карбонаттар, хлоридтер сияқты бейорганикалық зат тар мен түрлі 

органикалық қосылыстар - муцин, энтерокиназа жəне пепти-

дазалар қосындысы, амилаза, мальтаза, лактаза, сахараза, ли-

паза сияқты ас қорыту ферменттері кіреді. Осы ферменттердің 

əрекетімен ішекте белоктар, көмірсулар жəне майлар толық ыды-

райды (22-кесте). Ішек сөлі құрамындағы қою түйіршіктер ішек 

қабырғасынан сыдырылып түскен эпителий торшаларынан, шы-

рыштан жəне холестериннен тұрады. Олардың құрамында химу-

стан тұтылған ферменттер болады. 

Ішек сөлінің сұйық бөлігі сілтілік реакциясы бар сарғыш сұ-

й 

ық. А.А.Кудрявцев деректеріне қарағанда оның сутектік көр-



сет кіші 8,16–8,68 шамасында, тұтқырлығы 11,16-17,66, меншікті 

салмағы 1,004-10,14 мөлшерінде. Оның құрамында 1,92-6,06 мг% 

азотты заттар болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет