ңі ру процесі үш жолмен жүреді. Кейбір заттар ішек қуысынан
239
зия негізінде) өтеді. Қоректік заттар молекулаларының біраз бөлігі
пиноцитоз нəтижесінде сіңеді. Бұл жағдайда, оларды жеке торша-
лар сіңіреді де, одан əрі өзімен бірге ішек қабырғасынан алып өтеді.
Пиноцитоз құбылысы жаңа туған төлдерде жақсы байқалады.
Мысалы, құлын ішегінің кілегейлі қабығынан алғашқы 36 сағат
ішінде уыз құрамындағы жоғары молекулалы глобулиндердің еш
өзгеріссіз өтетіні анықталды. Ішек қабырғасынан жұмыртқа мен
сүт құрамындағы белоктар да өзгеріссіз өтеді.
Бұл процестегі ең күрделі құбылыс - заттардың мембраналар
арқылы тасымалдануы. А. М. Уголев энтероциттің апикальдық
мем бранасында бір-бірімен жанаса орналасқан ас қорыту фер-
менті мен тасымалдаушыдан құралған ас қорыту-тасымалдау
ан самблі болатыны жайлы болжам жасады. Бұл теория бойын-
ша ыдырау өнімдері кеңістікте шашырамай ферменттерден бір-
ден тасымалдаушыға беріледі де, ырықсыз (белсенді механизм
негізінде) тасымалданады. Сол себепті мембраналық ас қорыту
кезінде түзілген мономерлер ішекке дайын күйінде құйылған мо-
номерлерден шапшаң сіңеді.
Аталған процесс мына ретпен жүреді: алдымен ыдырау
өнімдерінің молекуласы энтероцит мембранасына сіңіп, тасы-
малдаушы белокпен байланысады, тек май өнімдері ғана мем-
брана липидтерімен қосылады. Пайда болған қосылыстар кешені
АТФ-пен белсендіріліп, мембраның ішкі қабатына ығысады да,
онда ферменттердің əрекетімен субстрат пен тасымалдаушыға
ажырайды. Субстрат торша цитоплазмасының микроөзектерімен
базальдық мембранаға қарай жылжып, одан өтеді де, қанға не
лимфаға сіңеді. Босаған тасымалдаушы торшаның апикальдық
мембранасының бетіне оралады да, баяндалған құбылыс
қайталанады. Бұл жолмен табиғи субстраттар - амин қышқылдары,
қанттар, пурин жəне пирамидин негіздері сіңеді.
Ас қорыту жолының кілегейлі қабығының түрлі бөлімінің
сіңіру қабілеті əртүрлі. Ауыз қуысында сору процесі жүрмейді, тек
кейбір дəрілер ғана сіңеді. Қарында да сіңіру процесі қарқынды
жүрмейді. Мұнда негізінен су, кейбір минералды заттар, глюко-
за, спирт сіңеді. Қоректік заттардың ыдырау өнімдері күйіс ма-
лының алдыңғы қарнында қарқынды сіңеді. Оның көп қабатты
эпителийінде көптеген саңылаулар болады. Алдыңғы қарынның
кілегейлі қабығы қан тамырларымен жақсы жабдықталған жəне
оның бүрлері, ұялары, қатпарлары сору беткейін əлдеқайда үл-
кейтеді. Алдыңғы қарында, əсіресе, қатпаршақта ҰМҚ қарқын ды
сорылады. Мес қарында аммиак, несепнəр, калий, хлор, фос фор
иондары жақсы сіңеді. Қатпаршақтан 100 л шамасында су жəне
240
осында өткен ҰМҚ-ның 70 пайызы сорылады. Сіңіру процесі
ұлтабар ұшында да айтарлықтай екпінді жүрмейді.
Қоректік заттар негізінен аш ішекте сорылады. Оған ішектің
кілегейлі қабығының құрылым ерекшеліктері мен ащы ішекте де-
неге жеңіл сіңетін ыдырау өнімдерінің түзілуі мүмкіндік береді.
Ішек бүрлері пішіні жағынан адамның саусағына ұқсас, оның
биіктігі 0,2-1 мм шамасында. Кілегейлі қабықтың 1 мм
2
- 20-40, ал
1 см
2
-2500-ға дейін бүр болады. Ішектің кілегейлі қабығындағы
қыртыстар мен бүрлер оның сіңіру беткейін 20-25 есе үлкейтеді.
Ішек бүрлерінің жалпы ауданы сиырда 17 м
2
, жылқыда - 12 м
2
,
итте - 0,52 м
2
жетеді.
Əр бүрдің беті бір қабат цилиндрлі эпителиймен көмкеріледі
де, оның ортаңғы жағында лимфа тамырлары (синус) орналаса-
ды. Эпителий мен синус аралығында майда қан тамырлары жата-
ды (99-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: