Оқулық. Алматы: жшс рпбк


-кесте. Ұйқы безі сөлі ферменттерінің сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет182/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

23-кесте. Ұйқы безі сөлі ферменттерінің сипаттамасы

Негізгі фермент-

тер


рН оптиму-

мы

Əсер ететін субстра-



ты

Түзілетін ыдырау 

өнімдері

Трипсин


Хемотрипсин

6,5-8,0


6,5-8,0

Белоктар, полипеп-

тидтер

-«-  -«-


Полипептидтер, амин 

қышқылдары

-«-  -«-

Карбоксипепти-

даза

Аминопептидаза



Липаза

Фосфолипаза

(-амилаза

Мальтаза


6,5-8,0

6,5-8,0


7,8-8,2

6,5-7,0


6,8-7,0

6,8-7,0


Пептидтердің соңғы 

СОО–тобы


Пептидтердің соңғы 

NН2-тобы


Липидтер

Фосфорлипидтер

 

Крахмал, декстрин 



(α-байланыстар) 

Мальтоза


Амин қышқылдары

-«-  -«-


Май қышқылдары, гли-

церин, моногли-церидтер

Май қышқылдары, 

глицерин, фосфор 

қышқылы, холин

Мальтоза


Глюкоза


230

Трипсин мен химотрипсин пептидтік тізбектерді пепсин əсер 

етпейтін жерлерден бөлшектейді. Осы үш ферменттің əрекеті-

мен белоктардың полипептидтік тізбектері қысқарады. Одан əрі 

бұл полипептидтер ішек пен ұйқы безі сөлдерінің құрамындағы 

пептидазалардың əрекетімен амин қышқылдарына ыдырайды. 

Карбоксипептидаза пептидтік тізбектің карбоксил тобы бар жері-

нен жеке амин қышқылдарын бөлшектесе, аминопептидаза - 

тізбектің еркін амин тобы бар жеріне əсер етеді (23-кесте).

Ұйқы безі сөлінің липазасы майларды моноглицеридтерге 

жəне глицерин мен май қышқылдарына айналдырады. Бұл фер-

мент сілтілік ортада əрекет етеді жəне оның белсенділігін өт 

күшейтеді.

Ұйқы безі сөлінің құрамында көмірсуларға əсер ететін бір-

неше ферменттер бар. Мысалы, амилаза ферменті крахмал, гли-

коген жəне амилопектинді декстрин мен мальтозаға айналдырса

глюкозидаза ферменті мальтозаны глюкозаның екі молекуласына, 

фруктофуронидаза - сахарозаны глюкоза мен фруктозаға айнал-

дырады.


Сөл құрамындағы көмірсуларды ыдырататын ферменттердің 

арақатынасы қабылданған азықтың сапасына, оның құрамындағы 

көмірсулардың сипатына қарай өзгереді. Мысалы, жас төлдердің 

ұйқы безі сөлінің құрамында сүт қантын - лактозаны глюкозаға 

айналдыратын галактозидаза ферменті көп мөлшерде болады.

Ит пен мысықта ұйқы безінің сөлі мезгіл-мезгіл, тек азық-

тандыру үстінде ғана бөлінеді. Малда ол толассыз бөлініп оты-

рады. Азықтандыру кезінде сөлдің бөлінуі күшейеді жəне оның 

бөліну қарқыны азықтың құрамына қарай өзгереді. Мысалы, 

жылқыда бидай кебегіне сұлы мен пішенге қарағанда ұйқы бе зі-

нің сөлі əлдеқайда көп бөлінеді. Кебек 

бергеннен кейін бір сағат ішінде сөл 

бөлу екі есе артады да, оның жоғары 

қарқыны 3 сағаттан соң байқалады.

Ит безінің сөл бөлу заңдылықтары 

И.П.Павловтың зертханасында зерт-

телген. Тəжірибелер ұйқы безі сөлінің 

ең көп мөлшері тамақтандырғаннан 

кейін нанға - бірінші, етке – екінші, 

сүтке – үшінші сағаттарда бөлінетінін 

аңғартқан. Аталған тамақ түрлеріне 

сөл бөлу процесінің ұзақтығы да 

əртүрліболады (95-сурет).

 Тəулігіне орта есеппен ит 0,2-0,3 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет