Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Ішек қимылдары жəне оның реттелуі



Pdf көрінісі
бет190/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   542
8.8. Ішек қимылдары жəне оның реттелуі

Ішек қабығының екі бағытта орналасқан бойлама жəне са-

қиналы етті қабатының жиырылуының салдарынан бір 

неше 


түрлі ішек қимылдары байқалады. Олар толқынды (перистал ти-

калық), тербелмелі (маятник тəрізді), ырғақты сегменттелу, қарсы 

толқынды болып бөлінеді. Ішек қимылдары жынның ас қорыту 

сөлдерімен араласуына, ішек бойымен жылжуына, оның біршама 

майдалануына мүмкіндік береді.

Ішек қимылдарын бақылау, графикалық тіркеу, рентген сəу-

лесімен қарау арқылы зерттейді.

Ішектің  тербелмелі қимылы сақиналық жəне бойлама ет 

қабаттарының жиырылуымен атқарылады. Алдымен ішектің екі 

жерінде сақиналық еттер жиырылады да, пайда болған бунақта 

бойлама еттер жиырылып, босаңсып, маятник қозғалысына ұқ-

сас қимыл байқалады. Бойлама ет жиырылғанда ішек сегменті 

қысқарып жуандайды, ал ол босаңсығанда - ұзарып, жіңішкереді. 

Сол себепті жын ілгері-кейін шайқалып, жақсылап араласады 



(100-сурет).

Ырғақты сегменттелу сақиналық еттердің жиырылып, бо-

саңсуымен атқарылады. Ішектің ұзына бойына əрбір 6-8 см 

аралықта сақиналық еттер жиырылып, бунақтар пайда болады. 



243

Бірнеше секундтан кейін бұл 

жердің еттері бо саң сып, жиы-

рылу басқа жерде басталады. 

Осыдан ішек мезгіл-мезгіл (1 

минутта 20-30 рет) сегмент-

терге бөлініп, жын ұнтақтала 

түседі.


Толқынды қимыл түрлі 

еттердің үйлесімді жиырылу-

ымен атқарылады. Бұл қимыл 

ішектің алдыңғы бөлігінің 

сақиналық еттерінің жиыры-

луымен басталады. Осы кезде 

ішектің артқы бөлігінің еттері 

босаңсып, кеңиді де, жын со-

лай қарай сығылады. Одан 

əрі сақиналық еттердің жиы-

рылуы ішек бойымен толқын 

тəрізді таралып, жын тоқ ішекке қарай секундына 1-2 см жыл-

дамдықпен жылжиды. Бұл толқынды қимыл белгілі бір ырғақпен 

қайталанып отырады.

Тоқ ішекте жоғарыда аталған қимылдармен қатар қарсы 

тол  қынды  (антиперисталтикалық)  қимылдар байқалады. Бұл 

қо ректік заттардың толығырақ сіңуіне мүмкіндік туғызатын 

құбылыс.

Ішек қабығының еттері əлсіз ширығу жағдайында болады. 

Ішектегі жынның мөлшеріне қарай оның тонусы не жоғарылап, 

не төмендеп отырады.

Ішек еттеріне автоматизм қасиеті тəн. Осымен байланыс-

ты, оқшауланған ішек қиындысы қолайлы жағдай туғызылса, 

қи мылын жалғастыра береді. Ішек автоматизмі ауэрбах өрімінің 

ганглиозды торшаларының қызметіне байланысты. Бұл торшалар 

ішек қабырғасының сақиналық жəне бойлама еттерінің үйлесімді 

жиырылуын реттейді.

Ішек қимылы рефлекстік жəне гуморальдық жолмен реттеледі. 

Ішек қабырғасындағы ауэрбах  жəне мейснер өрімдері ішектің 

кілегейлі қабығына жынның механикалық əсерінен туындайтын 

жергілікті реакцияларды реттейді. Ішек қимылына орталық жүйке 

жүйесі симпатикалық (құрсақ) жəне парасимпатикалық (кезеген) 

жүйкелер арқылы əсер етеді. Кезеген жүйкені тітіркендіргенде 

ішек еттерінің тонусы жоғарылап, оның жиырылуы күшейеді, ал 

симпатикалық жүйке, керісінше əсер етеді (101-сурет)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет