Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Ащы ішектегі ас қорыту механизмі



Pdf көрінісі
бет185/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

Ащы ішектегі ас қорыту механизмі. Малдың ащы ішегі ас 

қорыту жүйесінің ең ұзын бөлігі. Сиырда оның ұзындығы 40-49 

метрге, қой мен ешкіде - 24-26, жылқы мен шошқада - 20 метрге 

жетеді. Ащы ішек арқылы тəулігіне малдың өз массасының жар-

тысындай мөлшерде жын өтеді.

Ащы ішекте негізгі ас қорыту бездерінің ферменттік жүйе -

лерінің өзара үйлесімді əрекеттерінің арқасында қоректік зат-

тар 


 

дың соңғы ыдырау өнімдері пайда болады. Бұл тұрғыда 

белоктар дың қорытылуын қамтамасыз ететін ферменттік жүйе-

нің үйле сімді қызметі жəне басқа ферменттермен əсерлесу прин-

ципі көңіл аударады. Мысалы, пепсин қышқылдық ортада бело-

ктарды, тіпті, түрлі ферменттерді де тез ыдыратады. Оның əре кеті 

қарын сөлінің ішекте бейтараптануы арқылы тоқтайды. Трип-

синнің өздігінен активтеніп, өздігінен жойылатын қабілеті бар. 

Ол бөгде белоктарға күшті əсер етеді. Трипсин мен химотрипсин 

ферменттерінің белсенділігі бүкіл ащы ішек бойына сақталады. 

Олардың көп мөлшері бүйенге де жетеді. Бұл жерде олар бактерия 

ферменттерінің əрекетімен жартылай бұзылады. Трипсин жарты-

лай бұзылғанның өзінде ферменттік қасиетін сақтайды. Оның 

белсенді орталығы бұзылмаса болғаны, бастапқы массасының 10 

пайызы сақталғанның өзінде тиісті реакцияларды жүргізе береді. 



234

Ас қорыту жолының алдыңғы бөлімдерінде ферменттер қорыты-

ла қоймайды. Ішек-қарын жолының соңғы бөлімдерінде ғана бе-

локтар концентрациясының азаюына байланысты ферменттердің 

өздері қорытылады. 

Ащы ішек химусының еркін амин қышқылдық құрамы тұ-

рақ тылығымен ерекшеленеді. Рационда белок тапшы болған-

ның өзінде, тіпті ашығу кезінде де осы қасиет сақталады. 

Амин қышқылдық гомеостаз бездердің сөлмен көп мөлшерде 

белок бөлуіне байланысты. Мысалы, тəулігіне түрлі сөлдер 

құрамында 500-700 г эндогендік белок бөлінеді, оның 76 пайызы 

ферменттердің, ал қалғаны қан плазмасы белоктарының (альбумин-

дер мен глобулиндер), мукопротеидтердің, нуклеопротеидтердің 

жəне басқа ұлпа белоктарының үлесіне тиеді. Белоктармен қатар 

ішек қуысына басқа да азотты заттар (несепнəр) бөлінеді.

Жалпы ішек қуысына тəулігіне сиыр 180-200 л, қой мен 

ешкі - 15-40 л, жылқы - 190-200 л, шошқа - 48-50 л əртүрлі ас 

қорыту бездері сөлдерін бөледі. Дегенмен, қабылданған азықтың 

1 кг шаққанда əр түлік мал шамамен бір деңгейде (14-15 л) сөл 

бөледі. Ішектегі химустың жалпы мөлшері ірі қарада - 250-300 л, 

жылқыда - 260 л, шошқада - 75 л, қойда - 28-50 л. Химус құрамында 

азықтағы қоректік заттармен қатар су, түрлі органикалық жəне 

минералды қосылыстар болады.

Сөл құрамында ішекке бөлінген заттардың көп мөлшері орга-

низмге қайта сіңіп, ас қорыту жолы мен қан айналым жүйесінің 

арасында пəрменді алмасу процесі жүреді. Əртүрлі сөлдермен 

ішек қуысына негізінен қан плазмасы құрамындағы заттар өтеді 

де, қалыпты жағдайда оларды қайта сіңірудің арқасында плазма 

құрамы жаңарып отырады. Осыған байланысты ас қорыту орган-

дары қан плазмасын түзуде маңызды рөл атқарады (А. А. Алиев). 

Қан айналым жүйесі мен ас қорыту органдарының арасын-

да үздіксіз жүріп отыратын алмасу процесінің арқасында химус 

құрамының тұрақтылығы сақталады. Мысалы, күйіс малы химу-

сында органикалық заттар 6 пайыз, белок 1,25, минералды заттар 

–1,0 пайызға жуық деңгейде болады. Кездейсоқ жарақаттанудың 

салдарынан химус ағып кетсе, организмдегі зат алмасу процесі 

бұзылып, мал өліп кетеді. Ішектегі көбек арқылы химусты ағызып 

отырса, шошқа 10-12 сағаттан кейін əлсіреп, одан əрі өліп қалады. 

Мұндай жағдайда бұқа 15-20 сағат ішінде өледі.

Қазіргі кезде қалыптасқан көзқарастарға сəйкес ішекте қо-

ректік заттар екі түрлі жолмен: қуыстық жəне мембраналық, ыды-

райды (А. М. Уголев). Қуыстық ас қорыту ұйқы безі сөлінің, ішек 

сөлінің, өттің құрамындағы ферменттердің əрекетімен жүреді. 



235

Бұл ферменттердің əсерімен алдын ала қарындағы өңдеуден өт кен 

ірі молекулалы қосылыстар ыдырап, əртүрлі олигомерлер - жай 

пептидтер, дисахаридтер, ди- жəне моноглицеридтер түзіледі.

Қорыта келгенде, ащы ішек қуысына ішек сөлі, ұйқы безінің 

сөлі жəне өт құрамында бөлінген ферменттердің əсерінен бе-

локтар, көмірсулар, майлар қарқынды ыдырап, организмге тез 

сіңетін қарапайым қосылыстар түзіледі. Белоктар - амин қыш-

қылдарына, көмірсулар моносахаридтерге, ал майлар - глицерин 

мен май қышқылдарына ыдырайды. 

Барлық қолайлы жағдайды туғызғанның өзінде (жылылық, 

оптимальды орта, ферменттер жиынтығы, т.б.) организмнен тыс 

жағдайда қоректік заттардың ыдырауы əлдеқайда баяу жүреді. 

Пробиркаларға ас қорыту жолының кілегейлі қабығының аз 

ғана қиындысын салса, қоректік заттардың ыдырауы əлдеқайда 

шапшаңдайды. Осымен байланысты организмде «торшалық» ас 

қорыту процесі орын алады деген ұғым пайда болған. Расында 

торшалар қоршаған ортадан өзіне қажетті қоректік заттардың мо-

лекулаларын сіңіріп, оларды өз құрамындағы ферменттер арқылы 

ыдырата алады. Торшаның бұлай қоректену жолын «Пиноци-



тоз» немесе «Торшалық» ас қорыту деп атайды. Бірақ жоғары 

сатыдағы омыртқалылардың ас қорыту механизмін пиноцитоз 

арқылы түсіндіруге болмайды. Себебі көптеген қоректік заттар 

молекулаларының мөлшері торша қабығындағы жасушалардан 

əлдеқайда үлкен, демек, олар торша ішіне өте алмайды. Тағы бір 

көңіл аударатын жай, крахмалды ыдырататын амилаза ферментінің 

99 пайызы ұйқы безі сөлінің құрамында болады. Соған қарамастан 

бұл сөлді ішекке жібермей қойғанның өзінде крахмалдың ыды-

рау процесі шамалы ғана өзгеретін көрінеді. Осы тəжірибелер 

негізінде ас қорыту процесінің басқа механизмі болуы мүмкін 

деген болжам туған. Шынында зертханалық жануарлардың ащы 

ішегіндегі ас қорыту ерекшеліктерін зерттеу үстінде А. М. Уго-

лев қоректік заттардың дұрыс ыдырауы үшін жын құрамындағы 

қоректік заттардың ішектің кілегейлі қабығымен жанасуының 

қажет екендігін байқады. Ас қорытудың бұл түрін мембраналық 

немесе беткейлік, жанаспалы қорыту деп атайды. Мембраналық 

ас қорытудың негізінде ішектің кілегейлі қабығының құрылым 

ерекшеліктері жатады. Ішектің кілегейлі қабығының ішкі бетінде 

ішек бүрлері мен микробүрлері болатынын айтып өткенбіз. Осы 

микробүрлер өз құрамындағы ферменттердің, не ішек қуысы-

нан мембрана беттеріне жабысқан ферменттердің əсерімен мем-

браналық ас қорыту процесін жүргізеді. Сонымен, организмге 

түскен қоректік заттардың қорытылу процесінің алғашқы сатысы 



236

қарын мен ішектердің қуысында 

түрлі сөлдердің құрамындағы 

ферменттердің əсерімен жүреді, 

ал оның соңғы сатысы ішек 

мембранасының беткейінде өтеді 



(97-сурет). Мембраналық ас 

қорыту қоректік заттардың ыды-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет