Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет186/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   542
97-сурет. Мембраналық ас қорыту 

про цесінің заңды лық тары (А. М. Уго-

лев): 

I - фермент тердің таралуы; II - фер-



менттер, тасы 

малдаушылар, субстраттар 

арақа 

ты 


на 

сы; 1 - ішек қуысындағы фер-

менттер, 2 - мем 

бранаға жабысқан фер-

менттер, 3 - та 

сы 


мал 

дау 


шылар, 4 - суб-

страт


рау жəне сіңу процестерін əлде қайда жылдамдатады. А. М. Уголев 

деректеріне қарағанда ас қорытудың бірінші сатысының үлесіне 

қорытылған заттардың 20-50 пайызы, ал соңғы сатысының 

үлесіне 50-80 пайызы тиеді.

Малда мембраналық қорыту ерекшеліктері алғаш рет Алматы 

зоотехникалық-малдəрігерлік институтының физиология ка фед-

расында академик Н. Базанова басшылығымен зерттелді.

Мембраналық ас қорыту гликокаликс қабатында, мембрана 

бетінде жəне микробүрлер торшалары мембранасының өзінде 

жүреді. Мембраналық ас қорыту процесін не химустан жабысқан 

ферменттер (α-амилаза, липаза, трипсин), не ішек эпителийі 

тор 

шаларында түзіліп, микробүрлер мембранасының бетіне 



жинақталған ферменттер (α-амилаза, дисахараза, аминопептида-

за, сілтілік фосфатаза) жүргізеді.

Ішек бүрлері көмкерме эпителий торшаларымен қапталған. 

Осы эпителий торшаларының цитоплазмалық өсінділері ерек-

ше микробүрлер түзеді. Əр торшаның бетінде 3 мыңға дейін 

микробүр болады. Олардың əрқайсысының ұзындығы 0,55-

1,1 мкм, жуандығы - 0,05-0,08 мкм. Микробүрлер жиынтығы 

ішектің кілегейлі қабығының беткейін 30 есе көбейтеді. Кілегейлі 

қабықтың бокал тəрізді торшалары бөлген шырыш микробүрлер 

бетінде гликокаликс деп аталатын мукополисахарид торын түзеді. 

Осы тор елеуіш қызметін атқарып, микробүрлер аймағына қо рек-

тік заттардың ірі полимерлік молекулаларын, микроорганизм-

дерді өткізбейді. Сондықтан ас қорытудың соңғы сатысы пəк 

(стерильді) жағдайда, микроорганизмдердің қатысуынсыз өтеді. 

Полимерлік қосылыстар гликокаликске жабысқан ферменттердің 



237

əрекетімен өңдеуден өткеннен кейін ғана, олардың майда моле-

кулалары не микробүрлер бетінде, не микробүрлер мембрана-

сында қарапайым қосылыстарға дейін ыдырайды. Осы процесс 

кезінде түзілген мономерлер сол мембрананың тасымалдаушы 

жүйесінің əрекетімен кілегейлі қабық торшаларынан өтіп, не 

қанға, не лимфаға сіңеді. Сонымен, қазіргі кезде жинақталған 

мағлұматтарға сəйкес ас қорыту процесінде үш кезең байқалады: 



қуыстық ас қорыту - мембраналық ас қорыту - сіңіру.

Мембраналық ас қорыту механизмінің биологиялық мəні - 

оның үнемділігінде, пəк жағдайда өтуінде, организмдегі күрделі 

ас қорыту жəне ыдырау өнімдерін сіңіру процестерін өзара жал-

ғастыруында. Мембраналық ас қорыту кезінде түзілген ыдырау 

өнімдері кеңістікте шашырамай, микроорганизмдерге жем бол-

май, макроорганизмнің өз мұқтаждығы үшін ғана жұмсалады. 

Бұл механизм ферменттерді тиімді пайдалануға да мүмкіндік 

береді. Мембрана бетіне жабысқан ферменттер орта өзгерістеріне 

(рН ауытқуларына) төзімді келеді.

Мембраналық ас қорыту – əмбебап құрылыс. Ол қарапайым 

бір торшалы организмге де, жоғары сатыда дамыған жануарларға 

да тəн. Бұл процесс аш ішекте өте қарқынды жүреді, сонымен 

қатар ас қорыту жолының басқа бөлімдерінде де, тіпті күйіс 

малының алдыңғы қарнында да байқалады (Н. О. Базанова, 

Т. О. Измаилов).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет