Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет187/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

8.7. Қоректік заттарды сіңіру

Сіңіру деп əртүрлі заттардың торшалар қабаты мен торша 

аралық кеңістіктер арқылы қан мен лимфаға өтуін қамтамасыз 

ететін физиологиялық процесті айтады. Сіңіру процесі дененің 

барлық ұлпасында орын алады, дегенмен, оған құрылымы 

мен қызметі жағынан ас қорыту жолының эпителийі жақсы 

бейімделген.

Сіңіру процесін қамтамасыз етуде торша мембранасы мен 

торшааралық заттар маңызды рөл атқарады. Торшалардың белок-

липидті мембранасындағы диаметрі 4 ангстрем шамасындағы 

жасушалар (майда тесіктер) арқылы диффузия заңдылығына 

сəй кес су, көмір қышқыл газы, оттегі, аммиак, түрлі дəрілер, 

бөгде заттар сіңеді. Осыған байланысты Дюбуа - Реймон сіңіру 

про 

цесін физикалық-химиялық құбылыс ретінде түсіндірген. 



Бірақ терең зерттеулер ішектегі сору процесін тек физика заң-

дылықтарымен (сүзілу, осмос, диффузия) түсіндіруге болмай-

тынын көрсетті. Мысалы, қан капиллярларындағы қысым с.б. 



238

30-40 мм, ал ішек қуысындағы қысым - 5 мм шамасында. Физи-

ка заңымен гипотониялық ерітіндінің, судың диффузиялық гра-

диентке қарсы сіңуін түсіндіру қиын. Дегенмен, ішек қуысындағы 

қысым жоғарыласа, сору процесі күшейеді. Малдың оқшауланған 

ішек қиындысына сол малдың өз қанын құйса, біраз уақыттан 

кейін қан толық сіңіп кетеді. Ішектің кілегейлі қабығына есірткі 

(наркоздық) заттармен əсер етсе, сору процесі уақытша бөгеледі 

де, энтероциттерді уландырғанда тоқтап қалады. Осы мысал-

дар сіңіру механизмін физикалық-химиялық процесс ретінде 

түсіндіруге болмайтынының, бұл құбылыстың ішектің эпите-

лий торшаларына тəн биологиялық құбылыс екенінің айғағы. 

Сондықтан ішек эпителийін тек жартылай өткізгіш жарғақ 

ретінде қарамай, оны күрделі физиологиялық қызмет атқаратын 

аппарат ретінде қабылдау керек.

Қоректік заттардың иондық, концентрациялық градиентке 

қарсы сорылуы торша мембраналарының белсенді қызметінің 

арқасында жүретін процесс. Сіңу кезінде қоректік заттар моле-

ку 

ласы үш мембраналық тосқауылдан: энтероциттің ішек 



қуы сына қараған апикальдық мембранасынан, торшалардың 

ци то плазмалық торының микротүтіктерінен, осы торшаның ка-

пил  лярларға қараған базальдық мембранасынан жəне капил ляр-

лардың базальдық мембранасынан өтеді (98-сурет).  Кейбір зат-

тар торшааралық саңылаулар арқылы өтеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет