99-сурет. Ішек бүрінің құрылысы:
1 - мик
ро-
бүрлер, 2 - жүйке талшықтары, 3 - артерия, 4 - вена,
5 - лимфа тамырлары, 6 - бірыңғай салалы еттер
Ас қорыту кезінде бүрлер оқтын-оқтын
жиырылып, босаңсып отырады да, лимфа
тамырындағы заттарды қысып шығарады.
Бүр қимылын мейсснер өрімі мен вилли-
кинин гормоны реттейді.
Ішектің əр бөлімінде қоректік зат-
тардың сіңірілу қарқынына химустың
жыл жу жылдамдығы, бүрлердің жиырылу
жиілігі, энтероциттер мембранасындағы
жасушалар мөлшері, тасымалдаушы зат-
тардың орналасу сипаты, т.б. əсер етеді.
Барлық малда белоктар мен нуклео-
протеидтер аш ішек пен мықын ішекте
қорытылып, сіңіріледі; көмірсулар, ми не-
рал ды заттар, дəрмендəрілер ұлтабар ұшы
мен аш ішектің алдың
ғы бөліктерінде,
майлар аш ішектің ортаңғы бөлігінде, өт қыш
қылдарының
тұздары мен натрий иондары мықын ішекте сіңі ріледі.
Азотты заттар ішектен негізінен амин қышқылдар, кей жағ-
дайда майда молекулалы полипептидтер түрінде қанға сіңірі ле-
ді. Амин қышқылдарының сіңу жылдамдығы əртүрлі, олардың
жеке түрлерінің арасында өзара бəсекелестік байқалады. Оның
241
себебі тасмалдаушының бір тобы түрлі амин қышқылдарын
тасымалдауға қатысады.
Көмірсулар қанға глюкоза, фруктоза, галактоза жəне маль-
тоза түрінде сіңіп отырады. Глюкоза мен фруктоза фосфорлану
жылдамдығына сəйкес қанға тез сіңіріледі. Олар белсенді тасмал-
дану негізінде, басқа моносахаридтер - диффузия нəтижесінде
сіңіріледі. Күйіс малында көмірсулардың ыдырау өнімдері
негізінен ҰМҚ түрінде сіңеді.
Майлар глицерин мен май қышқылдары, не май эмульсиясы
түрінде сіңеді. Глицерин суда жақсы ериді. Оның оңай сіңетіні де
сондықтан. Май қышқылдары суда ерімейді, сондықтан оларды
сіңіру үшін өт қышқылдары қажет. Орташа ұзындықты тізбектен
(С
12
) құралған май қышқылдары өт қышқылдарының қатысуымен
тікелей қанға сіңеді. Ұзын тізбекті май қышқылдары, моно-, ди-
глицеридтер, холестерин өт қышқылымен қосылыс түзген соң
тасымалдаушылар əрекетінің арқасында, ал бейтарап майлар
тікелей мембрана арқылы эпителиоциттерге өтеді. Бұл торшалар-
да үшглицеридтер қайта түзіліп, май тамшылары липопротеинді
қабықпен қапталады да, хиломикрон түзеді. Хиломикрондар
лимфаға сіңеді. Хиломикрон құрамында 87 пайыз үшглицеридтер,
7 пайыз - фосфаттар, 1 пайыз белок, 5 пайыз холестерин болады.
Су ас қорыту жолының барлық бөлігінде сорылады, бірақ
оның денеге сіңу қарқыны ащы ішекте қарынмен салыстырғанда
10 есе артық жүреді. Судың сіңу қарқыны ерітіндінің осмостық
қысымына байланысты. Гипертониялық ерітінділерден су со-
рылмайды, керісінше, олар қаннан суды химусқа тартады да, ері-
тіндінің концентрациясы төмендейді, сіңіру процесі содан соң
басталады. Судың изотониялық ерітінділерден сіңу қарқыны
ондағы еріген заттардың сорылу жылдамдығына байланыс
ты.
Ги
потониялық ерітінділерден су жылдамырақ сорылады. Сі
ңу
кезінде иондар арасында бəсекелестік байқалады. Калий ион-
дарының артық мөлшері кальцийдің сіңуін бөгейді, ал кальций -
май жəне өт қышқылдарымен қосылыстар түрінде тəуір сорыла-
ды. Темір, мыс, мырыш, йод, кобальт, бром жəне т.б. микроэле-
менттер бейорганикалық жəне органикалық қосылыстар түрінде
сорылады.
Ащы ішекте сөл құрамында бөлінген су толығымен қайта
сорылады. Демек ас қорыту жолының бұл бөлігінде судың ал-
масу процесі өте қарқынды жүреді. Мысалы, сиырдың ащы
ішегінен тəулігіне 150-180 л су өтеді, оның 10 пайызы ғана нəжіс
құрамында бөлінеді.
16–888
242
Тоқ ішекте сіңіру процесі аяқталады. Ас қорыту жолының бұл
бөлімінде су, ҰМҚ, моносахаридтер, амин қышқылдары, аммиак,
несепнəр, т.б. заттар сорылады. Күйіс малында тоқ ішекте судың
20 пайызы, белоктың - 6, көмірсулардың - 10 жəне липидтердін 16
пайызы сорылады.
Сіңіру процесі рефлекстік жəне гуморальды жолмен ретте-
леді. Бірінші механизмді атқаруда орталық жүйке жүйесіне ас
қорыту жолындағы қоректік заттардың ыдырау деңгейі мен
қорытылған өнімдер концентрациясы жайлы хабарлап отыратын
ас қорыту ағзалары рецепторларының маңызы зор. Гипоталамус-
ты тітіркендіргенде қоректік заттардың ішектен сіңу қарқыны
өзгереді. Шартты рефлекстік жолмен көмірсулардың сіңуі де
өзгеріп отырады.
Сіңіру процесінің гуморальдық реттелуі бүйрек үсті безінің,
ұйқы безінің, қалқанша, қалқанша серік бездерінің, гипофиздің
артқы бөлімінің гормондары арқылы жүреді. Бүйрек үсті бездерін
сылып тастаған соң көмірсулар мен липидтердің сіңуі нашарлап,
олардың едəуір мөлшері нəжіспен бөлінеді. Инсулин, тироксин
гормондары глюкозаның сіңуін жақсартса, питуитрин нашарла-
тады.
Достарыңызбен бөлісу: |