Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Зат алмасуға əсер ететін факторлар



Pdf көрінісі
бет204/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

9.3. Зат алмасуға əсер ететін факторлар

Организмдегі зат алмасу процесінің қарқынына көптеген фак-

торлар əсер етеді. Оған əсер етпейтін бірде-бір не сыртқы, не ішкі 

факторлар болмайды. Осыған байланысты зат алмасу процесі 

малдың жасына, жынысына, салмағына, тұқымына, азықтандыру 

деңгейіне, физиологиялық күйіне қарай өзгеріп отырады. Зат 

алмасу процесі еркек мал мен ұрғашы малда бір деңгейде жүр-

мейді. Аталық малда ол қарқындырақ келеді. Мысалы, бұқаның 

организмінде сиырмен салыстырғанда зат алмасу 10-26 пайызға, 

қабандарда мегежінге қарағанда 20 пайызға, қоразда мекиенмен 

салыстырғанда, 20-30 пайызға жоғары болады.

Малдың жасы да зат алмасу қарқынына күшті əсер ететін 

фактордың бірі. Жас төлдерде сақа малмен салыстырғанда зат ал-



264

масу күштірек жүреді. Ол өсу, даму процестерімен байланыс ты. 

Сақа малда зат алмасу бір деңгейде сақталады да, мал қартая ке ле 

оның қарқыны төмендейді.

Зат алмасу қарқыны мал денесінің ірілігіне де байланысты 

өзгереді. Майда жануарларда ірі малмен салыстырғанда дене 

салмағының əр килограмына шаққанда зат алмасу қарқындырақ 

жүреді. Оған себеп - дене массасының əр өлшеміне келетін бет-

кей аумағы неғұрлым көп болса, соғұрлым жылу көбірек бөлінеді. 

Мысалы, жылқымен салыстырғанда зат алмасу егеуқұйрықта 

7 есе, тышқанда 20 есе қарқынды жүреді. Осымен байланысты 

неміс ғалымы М. Рубнер зат алмасу қарқынына əсер ететін бірден-

бір фактор дене беткейінің аумағы деп санап, «беткей заңын» 

ұсынған. Бұл тұжырымды толық мойындауға болмайды. Зат алма-

су қарқынына тек дененің беткей аумағы ғана емес, организмнің 

эволюциялық даму кезінде қалыптасқан ерекшеліктері де əсер 

етеді. Мысалы, қасқыр мен ит денесі беткейінің аумағы шамалас 

болғанымен, олардың организмдеріндегі зат алмасудың қарқыны 

əртүрлі. Дененің беткейі бірдей болғанның өзінде жылу бөлу 

тері шелінің қалыңдығына, жүннің тығыздығына, т.б. байланы-

сты өзгеріп отырады. М. Ф. Томмэ зерттеулеріне сəйкес қойды 

қырыққаннан соң зат алмасу процесі орта есеппен, 12,6 пайызға 

жоғарылайды.

Зат алмасу қарқынына малдың тұқымы, өнімділігі, жыл мер-

зімі де əсер етеді. Жергілікті мал тұқымдарында зат алмасу басқа 

аймақтан əкелінген малдан қарқындырақ жүреді. Мол өнімді мал-

да да зат алмасу қарқыны басым болады. Буаздық, сүттену, дене 

жұмысы зат алмасуын күшейтеді. Зат алмасу қарқыны тəулік 

ішінде де өзгеріп отырады. Оның ең төменгі деңгейі ертеңгісін, 

азықтандырудың алдында байқалады да, күндіз күшейіп, түнге 

қарай төмендей бастайды. Зат алмасудың тəуліктік ауытқулары 

организмді бірқалыпты жағдайда ұстағанның өзінде де сезіледі. 

Демек, жануарларда эволюциялық даму барысында сыртқы орта 

жағдайларына бейімделу нəтижесінде зат алмасу қарқынында 

белгілі ырғақ қалыптасады. Зат алмасудың маусымдық ырғағы 

да байқалады. Температура төмендесе, зат алмасу қарқыны 

күшейеді. Бұл қалқанша без қызметімен байланысты.

Малды азықтандырғаннан кейін де зат алмасу қарқыны 8-40 

пайызға күшейеді. Бұл құбылысты азықтың өзіндік динамикалық 

əсері деп атайды. Зат алмасу қарқынын белок 31, май - 15, 

көмірсулар 6 пайызға күшейтеді. Азықтың өзіндік динамикалық 

əсері қоректік заттардан бөлінген ыдырау өнімдерінің (амин 



265

қышқылдарының, сірке жəне құмырсқа қышқылдарының, аце-

таль дегидтің) организмдегі биохимиялық процестерді жандан-

дыруына байланысты. Бұл əсер жүйке жүйесінің қатысуымен 

атқарылады. Симпатикалық жүйкенің құрсақтық тармағын қиып 

тастаса бұл құбылыс байқалмайды.

Организмдегі зат алмасу сипаты ашығу кезінде де күрт 

өзгереді. Мұндай жағдайда зат алмасуын организмде жинақталған 

қор қамтамасыз етеді. Толық ашығу жағдайында алғашқы 2-3 

күнде денедегі (бауыр мен еттегі) гликоген қоры пайдаланылады. 

Ол таусылғаннан кейін организмде жиналған майлар жұмсалады. 

Бұл кезеңнің ұзақтығы малдың қоңына байланысты. Семіз мал 

аштыққа ұзағырақ шыдайды. Денедегі май қоры таусылғаннан 

кейін ұлпадағы белок пайдаланыла бастайды. Белоктардың тым 

көп шығындауы малдың аштықтан өлерінің алғашқы белгісі.

Аштық кезінде дене салмағы кемиді, бірақ барлық ағзалар 

салмағын бірдей деңгейде жоғалтпайды. Мысалы, май 93-97 

пайызға, қаңқа еттері салмағы 30, бауыр - 50, басқа орган-

дар салмағы орта есеппен 20 пайызға кемиді. Ашығу кезінде 

жүрек пен орталық жүйке жүйесінің массасы аз ғана мөлшерге 

төмендейді. Ірі мал 2-3 апталық, ал ит 60-70 күндік аштыққа шы-

дайды. 


Зат алмасу қарқынына дене жұмысы қатты əсер етеді. Тыныш 

тұрғанның өзінде жатқан кезбен салыстырғанда, сиырда зат алма-

су қарқыны 30 пайызға өседі. Ауыр дене жұмысын атқарғанда зат 

алмасу қарқыны бірнеше есе жоғарылайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет