Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Белоктардың алмасуы жəне оның реттелуі



Pdf көрінісі
бет205/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

9.4. Белоктардың алмасуы жəне оның реттелуі

Белоктардың биологиялық маңызы. Белок - организм үшін 

ең маңызды органикалық заттар тобына жатады. Ол əрбір тор-

ша мен оның цитоплазмасының негізін құрайды, сол себепті өмір 

тетігі болып саналады. Белоксыз тіршілік тоқтайды. Белоктар 

органикалық заттардың ерекше тобын құрайды. Олар көмірсулар 

мен майлардан түзілмейді, өйткені оның құрамында азот бола-

ды, ал белоктың өзі алмасу процесінің барысында көмірсулар мен 

майларға айнала береді.

Организмде белок екі бағытта - торшалар мен оның құрамына 

енетін заттарды түзу үшін құрылымдық материал жəне қуат көзі 

ретінде пайдаланылады.

Белоктар дене массасының негізін ғана құрап қоймайды, со-

нымен қатар олар маңызды физиологиялық қызметтер атқарады. 

Осымен байланысты олар төмендегіше топтастырылады:



266

1. Торшалардағы əртүрлі химиялық реакцияларды жүргізетін 

биокатализаторлар – ферменттер;

2. Торша ішіндегі белгілі процестерді реттеуге қатысатын бе-

локтар – гормондар;

3. Қорғаушы белоктар;

4. Қоректік белоктар;

5. Уытты белоктар – токсиндер; 

6. Зат тасымалдаушы белоктар;

7. Бұлшық еттің жиырылуын қамтамасыз ететін белоктар; 

8. ДНК-ның қызметін реттейтін белоктар.

Белоктарға  телімділік - өзіндік ерекшелік қасиет тəн. Əр тү-

лік тің, жеке малдың немесе оның жеке органдары мен ұлпала-

ры ның белоктары өздерінің қасиеттерімен ерекшеленеді. Осы ған

байланысты белоктарға түліктік, дарақтық, органдық, ұлпа лық

ерекшеліктер тəн. Міне, осы себепті бір түлік мал қанын екін ші 

түлік малына құюға болмайды немесе бір организмнен басқа ор-

ганизмге органдарды аударып отырғызу сəтсіздікпен аяқталады.

Белоктардың органдық, ұлпалық ерекшеліктері олардың 

құрамына енетін белоктардың сипатына байланысты. Мыса-

лы, ет торшаларының құрамында басқа торшада кездеспейтін 

актин жəне миозин белоктары, дəнекер ұлпада - коллаген, қан 

құрамында - альбумин, глобулин, фибриноген, сүтте - казеин бе-

логы, т. б. кездеседі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет